Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты. Айтуынша, жолдасы отбасына қиянат жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Алланың аманатына (әйел, бала-шаға) қиянат жасалды", - деп мәлімдеді Мөлдір Instagram-да оқырманына берген жауабында.
Екі рет некеде болып, бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші ештеңеге қарамастан, тағдырына разы екенін жеткізді.
"Әлхамдулиллях разымын! Қос қанатымның барына шүкір! Ата-анам, бауырларым, қолдаушы халқым аман болсын!" - деп жазды ол.
Бұдан өзге, Мөлдір бала тәрбиесіне қатысты кеңес берді.
"Сүннет бойынша тәрбиелесеңіз, қателеспейсіз. Жалпы қалай өмір сүру керектігін сүннет жолынан таба аласыз", - деді ол.
Әнші тағдырдың талай соқпағына ұшыраса да, сынып кетпеудің жолын біледі. Өзгелермен де бөлісті:
"Просто кірмеу керек! Бәрі Алланың қалауымен болып жатқанын мойындап, сынақ деп қабылдау керек. Аллаға тапсырып, сабыр етіп, тірі жан болған соң, тіршілік жасау керек!".
Айта кетейік, 2020 жылы Әуелбекова екінші мәрте тұрмыс құрған болатын. Өткен айда әнші күйеуімен ажырасқанын хабарлады.