Қажымұқанның өзі мойындаған Боранқұл балуан жайында не білеміз?

Қажымұқанның өзі мойындаған Боранқұл балуан жайында не білеміз?

«Жас алаш» газетінің 2014 жылғы 8-ші санында «Қырғыз балуаны Қожамқұл» атты көзі қарақты оқырманға ой саларлық тамаша мақала жарияланды.

Туыстас қырғыз халқының ерен күш иесі Қожамқұл балуан туралы ертеректе бір энциклопедиядан оқығаным бар еді. Қордай асуында «Қожамқұл көтерді» деген бір үлкен қара тас бар екен. Тастың салмағын өлшеген мамандар шамамен сегіз жүз келіден асатынын айтқан. Сол заманда Сусамырмен шекаралас отырған қырғыз-қазақта күш жағынан Қожамқұлға тең келер ешкім болмапты.
Ертеректе «Қазақ әдебиеті» газетінен Қожамқұл балуан туралы жазылған мақала оқығаным және бар. Мақала авторы Қожамқұлдың: «Асы жайлауында қазақтың Балуан Шолақ деген атақты балуанымен күресіп, жыққан едім. Бірақ ол «ат үстінде керемет екен» деп естіген соң, аударыспаққа түсуге дауаламадым» - дегенін келтірген екен.
Газетте жазылғандай, Қожамқұл қырғыздың атын талай жерге шығарса керек. Өкінішке қарай, бұл батыр қаншама алып күштің иесі болса да, қырғыз бен қазақтан, әрі кетсе, көршілес өзбектен аса алмаған. Біздің Қажымұқан бабамыз секілді әлемдік аренаға шығып, төрткүл дүниені дүрліктіре алмаған сияқты. Қожамқұлға Қажымұқан секілді Петербург қаласында білім алып, күрес өнерінің алуан қырын меңгерудің сәті түспеген.
Біздің қазақта Қожамқұлмен тағдырлас Боранқұл деген алып күш иесі болған. Бұл балуан туралы, оның теңдессіз күштілігі жайында ұлы жазушымыз М.Әуезовтен бастап, Ә.Тәжібаев, белгілі айтыскер ақын Қ.Алтынбаев біршама қалам тербеді. Қалихан Алтынбаевтың әкесі Қалиасқар жас кезінде Боранқұлмен көрші тұрыпты. Балуан кейде ыстық сумен жуынғанда арқасын Қалиасқарға ыстыратын көрінеді. Сонда ысқыштың орнына домалақ малта тастарды пайдаланады екен. Білем-білем бұлшық еттерінің қаттылығы сондай, таспен ысқылағанда қырш-қырш етіп, езгілеген сайын батырдың қоладан құйғандай құрыш мүсіні керемет қызғылт түске енеді екен.
Мен туып-өскен Қарғыба өзенінің жағасындағы «Социалистік» колхозында Әрінрәшид Сайымбетов деген қарт мұғалім болды. Әрекеңнің өзі де, фермада мал дәрігері болып істейтін ұлы Сайлау да атқұмар, саятшы жандар еді. Әрінрәшид балаң жігіт шағында Боранқұлды көргенін былайша әңгімелеуші еді.
- Кеңес үкіметі орнамай тұрғанда ауылымыз ауқатты ауыл еді. Жылқымыз осы күнгі Қарақойтас разъезінің маңындағы Қарақай кезеңінде қыстаушы еді. Бір күні қыста жылқы қосына бардым. Қоста қалған жылқышылармен бірге кешке жақын Қарақай кезеңінің қалың қарын тамашалап тұр едім. Кезеңнің үстіне бір салт атты шыға келіп, бері, қосқа қарай түсе бергенде аты қалың қарға малтығып, жүре алмай қалды. Әлгі кісі түсе қалды да, қалың қардан атын қойша көтеріп алып шығып, қайта мініп, қосқа келді. Қостағылар танитын болса керек, «төрлетіңіз, батыр» деп жамырай сәлем берісті. Ал ол болса: «етке бір тояйын деп сендерге қонаққа келдім» - деп аттан түсті.
Ол күнде жылқы қосы етке мол, қорлы болушы еді. Оның үстіне келген қонақ атақты балуан Боранқұл екен. Ол заманның жылқышылары да шетінен осал емес, балуан болмаса да, бір-екі жігіттік күйі бар. Кешкілік ет жеп, артынан езген құрт ішіп, жайланған соң ерігіп отырған жылқышылар: «Батыреке, бізде түйебас деген ойын бар, соны сізге көрсетсек қайтеді?» деді. Батыр да соны тосып отырғандай: «Е, атамыз қазақ «Ойында – өрелік жоқ» деген, ойнасақ, ойнайық. Бірақ, мына қостың іші тарлық етер, есік алдына шығайық» - деді.
Алты-жеті еңгезердей жылқышы жабылып берсін. Батыр олардың бәрін үйме-жүйме етіп, бірінің үстіне бірін лақтырды. «Сен кішкенесің ғой, мына ағаларыңның үстіне отыр» деп мені ең үстіне жатқызды. Сонда ең астында қалған жігіт қарға тұншығып кетті ме: «Ойбай, батыр, өлдім-өлдім» деді жан дауысы шыға айғайлап. Жылқышылардың тілеп отырған түйебасы осылайша аяқталды. Ертеңінде қайтқанда Боранқұл кезеңнен атын тағы да көтеріп өткізді. Осындай да алып күш иесі болады екен, – деп қарт мұғалім әңгімесін таңданыспен аяқтаушы еді.

Басынан сөз асырмайтын дүр болған екен
Кеңес үкіметі алғаш орнаған жиырмасыншы жылдардың басында Семей қаласының жұрт көп сейілдейтін аралында Боранқұл қазақтың дүниежүзіне әйгілі балуаны Қажымұқанмен кездеседі. Олардың күрескен-күреспегені белгісіз. Сонда ма, әлде одан соң ба екен, Қажымұқан атақты Шәкерім Құдайбердиевтің ұлы Ахатқа «Найман Боранқұлдың күші менен артық екен» деген сөзді айтыпты.
Осы тұста «сонда «Боранқұл Сәдіров неге Қажымұқан атамыз секілді халықаралық күрес аренасына шықпай қалды?» деген заңды сұрақ туындайды.
Жалпы айта кетер бір дерек, Боранқұл өзі отырған жерде басынан сөз асырмайтын өте дүр адам болған. Семейдің сыраханасына кіргенде ол сыраға қанып болғанша орыс-қазақ тізіліп, тосып тұрады екен. Ол және төбелес өнеріне келгенде «қырғын білек» атанған. Жалғыз өзі жиырма шақты адамды жайпап тастап, жүре берген. Қазіргі ережесіз жекпе-жек сол кезде болғанда оған ешкім шақ келмес еді. Боранқұл асқан күштілігімен қоса, жолбарыстай шапшаң болған деседі. Оның өлімі де жұмбақ. Біреулер оба дертінен болды десе, енді біреулер орман ішінде келе жатқанда өштескен орыстар атып өлтірді дейді.
Қазақ Боранқұлды қырғыз Қожамқұлмен салыстырып отырғанымыз, бұл екі алып та өздері өмір сүрген аймақта ешкімнен жеңілмеген. Сол жердегі аң патшасы арыстан секілді ғұмыр кешкен. Ғасырда бір туатын асқан алып күш иелері. Қазақша айтқанда, құдай тау көтерер қайрат бергенімен, бармақтай бағын қимаған. Шерхан көкеміз айтқандай, бір кем дүние-ай!..
Мейрам Оралов,
Тарбағатай ауданы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста