Жігіттер балалы болғысы келмейді дегенді алға тартқан ол тіпті олардың денсаулығы да сәбилі болуға мүмкіндік бермейтінін айтады.
«Жігіттердің көбі белсіз». Осылай деген 29 жастағы модель Дина Тасова «7-арнадан» шығатын «Өз ойым» бағдарламасында ер азаматтарға қатысты пікірін білдірді.
Жігіттер балалы болғысы келмейді дегенді алға тартқан ол тіпті олардың денсаулығы да сәбилі болуға мүмкіндік бермейтінін айтады.
«Кез келген ер адамнан сұраңыз «қанша балалы болғыңыз келед?» деп. Максимум 3 бала дейді. Қай жігітті көрдіңіз «10 балалы болғым келеді» дейтін. Тудыра алмайды. Белсіз. Психологиялық дайын емес. 1 бала туғызады да ажырасып, басқасына барып, тағы 1 бала туғызады», – деп Дина өз ойын жеткізді.