Қазір өнер адамына не атақ, не жатақ берілмейді

Қазақта әнші көп. Бірақ шын таланты – некен-саяқ. Ал ұлттық музыка өнерінде жүргендердің жөні бөлек. Сал-серілердің бүгінгі сарқыттарының өмір сүріп отырған ортасы мен кезеңі аласапыран күй кешуде. Себебі олар бұрнағы өнерпаздардай, ерекше қолдау, сұранысқа ие емес. Тұтас бір ұлттың ән-күй мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу мен тыңдату жайына алаңдаулы. Бүгінгінің «менмін» деген дауылпаз үнді, көмейіне бұлбұл қонақтаған жезтаңдайы Еркін Шүкіманмен сөйлескенде, өз еліндегі өгей өнер халін аңғардық. Құдай ерекше дарын берген олардың қазақтың мұң-шерге толы әнін шырқап тұрып, жүректерінің жылап тұратынын базбіреулер білмейді де.

ХАЛЫҚ ӘНІН БҰЗЫП АЙТУШЫЛАРДЫ ЖАЗАЛАУ КЕРЕК
Біздің бала күнімізде эстрада әншілері Ескендір, Әбілахат, Сейдолла, Кеңес аға­ларымыздың әндерін орындайтын. Сөзі де, әні де мәнді болатын. Бір тыңдап, екін­ші рет қосылып кете беретін, тез жатталатын әндер. Бір әнді бірнеше әнші айтып жүреді. Дәстүрлі әннің негізінде ән шығаратын композиторды сұрамай-ақ қояйық, таза эстрадамен қазақы бояумен жазатын сол ағалардай композитор бүгінде қалған жоқ. Қазіргі қазақ эстрадасы қазақы және қазақы емес болып екіге бөлініп алды. Мысалға, Мақпал Исабеко­ваны нағыз қазақы орта тыңдай алмайды. Олар ән таппаған соң, халық әніне барып ұрынады. Әннің дем алатын, дем алмайтын тұстары болады. Бір сөзді екіге бөліп, сөз ортасында «дем алу» деген үрдіс шықты. «Бал...кадиша» деген сынды. Қазақтың қара өлең ұйқастары темірдей, балталасаң да бұзыл­майтын мығым. Ал ұйқас ретін білмеушілер ойына келгенін істеп, бүлдіріп жүр. Бір шумақ ішіндегі тармақ орындарын да ауыстырып, былықтырады. Жақында бей­таныс жас жігіттің эстрадалық өңдеумен орындауындағы «Гауһартасты» тыңдадым. Ақбота Керімбекова, обалы не керек, бір кездескенде өзі айтқан нұсқасын тыңдат­қан. «Жылы су, қолда құман, қара орамал» деп орындапты, «қара орамал» емес, дұрысы «қарыда орамал». Қолдың сыртын – қары дейді. Кейін «Қара орамал» күйінде радиоға шығып кеткенін естідім, сөзін өзгертпепті. Қазақ эстрадасында «ми­ли­зим» деген артық-ауыс иірім-қайы­рым­дарды қосу арқылы әнді бұзу басым. Айта алмайтын, шамасы келмей­тіндер жанына шоқпарды неге байлай­тынын түсінбедім.
Шындығында, болашақ әншілерге нені үйрету керек? Қазақ тілінің тіл мәдениетінде орфография, орфоэпия, үндестік заңы сынды қағидалар бар. Дұрыс айту, буын мен бунақ мәнісін түсінбеген соң, қайдан жарыған әнші шығады?! Осы заңдылық­тардың барлығы сақталса, ән де әуезді, әдемі шығады. Тіл туралы заңға сәйкес, заң бұзған адамды жазалап, тіл сақшысына шығарып жатырмыз ғой, сол сынды халық әнін бұзушыларға айыппұл салу керек. Дәстүрлі ән – екінші тіліміз. Бала күнінен ұлттық музыкамен сусындап, құлағына сіңіп өспеген адам, әннің байыбына бара бермейді. Ән мінезін түсінбейді. 
МӘДЕНИЕТКЕ КӨҢІЛ БӨЛЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ
Еліміздің экономикасы ешкімдікінен кем емес. Оған ерекше көңіл бөлгендіктен дамып жатыр. Енді мемлекеттің мәдениетке көңіл бөлетін уақыты жетті ғой?! Бір буын даңғаза, дүбара музыкамен қалыптасып, өсіп кетті. Ұлттық музыканы өзі тыңдай ал­маған адам баласын қалай тыңдата ала­ды? Бұл – қазақ өнеріндегі, қоғамдағы үлкен трагедия. Дәстүрлі музыкадағы алдыңғы буын ағалар қартайып, қатары сиреп барады. Күні кеше Келденбай Өл­месеков өтті өмірден. Оның әні тұрмақ, бір ауыз сөзіне зар болып отырмыз. Шәкәрім әнін Келденбайдай білетін ешкім жоқ еді. «Қазақтың 1000 әні» анто­логия­сында дауысы қалғанына да шүкір.
Кеңес үкіметі тұсында ұлттық музыка мен өнерпазға ерекше мән берілді. Ғари­фолла, Жүсіпбек, Жәнібек, Қайраттар – ұлттық өнердің көшбасшысындай тума таланттар. Оларды тыңдамау мүмкін емес. Бүгінгідей әнші де көп емес ол кезде. Оқу орнын бітіре салысымен, жолдамамен еліміздің жер-жеріне кетіп, кіл жүйріктері Алматыда қалды. Әнші де, тыңдаушы да, басшы да – мықты. Қазір ән тыңдайтын басшы бар ма? Баспана алған әнші бар ма? Айына 50 мың теңге тауып отырған әнші өз қаржысына қайдан үй алсын?! Тілеулес Құрманғалиев, Ерлан Рысқалилар жүр тентіреп пәтерден пәтерге. Қазіргі өнер адамына не атақ, не жатақ бермейді ешкім. Өз өнерімізді жетістіріп алмай жат­қанда, өзге елден шақырылған өнерпаз­дардың бес тиынға да қажеті жоқ. Ең алдымен, қа­зақ өнеріне еңбек сіңіріп, алдында жүрген жігіттерге жағдай жасап барып «не істеп жүрсің?» деп сұрау керек. Ал бізден «Осы уақытқа дейін не істеп жүрсің, дискің бар ма?» деп сұрайды. Пәтерақыны әрең төлеп жүргенде, дискіні қайдан шыға­расың? Эстрада дендеп енген уақытта домбырасын тастамай, ұлт мұра­сын өлтір­меуді ойлап жүргендерге алғыс айтылуы қажет.
ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БОЛМАУЫ - ҰЯТ
Елімізде қазақтың ұлттық музыка орта­лығы ашылуы қажет. Арқа, Батыс, Жетісу, Сыр, Маңғыстау, Алтай-Тарбағатай, күй, жыр – барлығын мектеп-мектепке бө­ліп, әрқайсысынан өнерпаздар қызмет етуі, өз ғимараты, сахнасы, дыбыс жазатын сту­дия­сы, өңірлерде бөлімшелері болуы керек. Өз елімізбен ғана шектелмей, шетел­­ге де концертпен шығу арқылы ғана біз қазақ ұлтын, қазақ елін әлемге паш ете аламыз. Әйтпесе, елу я жүз жылда ұлттық музыканы музейге қоятындай деңгейге түсіп, құлдырап кетуіміз мүмкін. Өздерінің ұлттық өнерінен айырылып қалған Батыс Еуропаның біздің ұлттық музыканы қыры­лып тыңдайтыны сондықтан. Олар музы­каның қадірін енді біліп жатыр.
ДАУЫС БАР ДА, РУХ ЖОҚ
Кейінгі әншілерде дауыс бар да, рух жоқ. Екіншіден, білім жетіспейді. Кітап оқы­майды. Әдеби орта, ғалымдармен аралас­пайды. Адамның интеллектуалдық деңгейі сөйлеген сөзінен байқалады. Оқуға түсер уақытта дауысы, таланты барлар мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей өтіп, тест сынағы, теория мен сольфед­жиодан төмен бал алып, құлап жатады. Керісінше, таланты жоқ, тестен өткендер оқуға түсіп кетеді. Әри­­не, консерваторияға келген жастың музыкалық білімі, яғни теория мен соль­феджиодан арнайы білімі болуы керек. Өнері бар бала оған да мән бергені абзал. Халық әні кафедрасы теоретиктерді емес, әншілерді оқытатынды­ғын ойласаң, көп-көрім дауысы бар балаға жаның ашиды. «Әнші болам» деп армандап келіп, әйтеуір «ыңылдағандар» оқуға сүрін­бей түсіп, дауысы бар, дарыны да басым балалар өтпей қалып жатыр. Баланы алаламай, барлығына бірдей талап қойылса, болмаса, екі жыл бұрын келіп, дайындық курсында оқыса, құба-құп.
ӘМІРЕ БАЙҚАУЫ СҰЙЫЛЫП КЕТТІ
Байқаудың көп болғаны жақсы. Бұрын әншілердің деңгейі биіктеу болатын. Әміре атындағы республикалық әншілер байқауы төрт жылда бір өтетін. Төрт жылда әншінің деңгейі де өседі. Қазір Әміре байқауының өту уақыты жиілеп кетті. Жылдағы әнші жылда қатысқаннан, әншінің деңгейі түсіп кетеді. Дәстүрлі өнер деген салмақтылықты талап етеді. Әншілер піспей жатып, алғаш­қы курстарда-ақ лауреат атанып жүр. Бұрын Әміре байқауы респуб­лика­дағы әншілер­дің ең жоғарғы сайысы болатын. Әншінің деңгейі биік болса, байқаудың деңгейі де биік болады. Талаптары сұйылып кеткен. Әміренің репертуарындағы әндер­ден бөлек, Сыр, Батыс, Қазығұрт өңірінен бір ән деген де талап шығыпты. Арқа әншілік мектебінің өкіліне бұл өңір әндерін орындап не қажеті бар? Қазығұрт мектебі дегенді өмірі естімеппін. Арқа әншісінің байқауына қатысқан адам Арқаның, Батысқа барған Арқа әншісі Батыс әнін өз мектебінің дом­быра қағысымен айтсын. Жәнібек, Жүсіп­бек, Ғарифолла да әр мек­тептің әнін өз мектебінің стилімен айтқан болатын. Дәс­түр­лі ән байқаулары­ның насихаты жоқ. «Жас қанат», «Азия дауысы» қалай айқай­лап өтті. Талапкердің келгеннен кеткенге дейінгі әр қадамын күнделік арқылы бір ай бойы көрсетеді. Ал екі-үш-ақ күн өтетін ұлттық өнер байқауын теледи­дардан көр­сет­пейді. Өткен-өтпегенінен халық бейха­бар. Әншілер байқауын әншілер ғана тама­шалайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста