Қазбаларды тонауға тоқтау бола ма?

Соңғы кезде Қазақстанда көне қорғандарды, тарихи ескерткіштерді тонап, алтын т.б. бағалы қазына іздеушілер көбейіп кеткені жөнінде мамандар дабыл қағып жатыр. Қарақшының күрегі мыңжылдықтар мұрасын аяусыз ойрандауда. «Қара археология» (заңсыз қазба жұмыстарымен айналысатын қарақшыларды осылай атайды) әсіресе   Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері тым күшейіп кеткен.

Ойран болған обалар
Тарихшылар мен археологтардың айтуынша, заманауи Қазақстанда тарихи ескерткіш-кешендердің тоналмағаны сирек. Қарақшылардың бірқатары көне қорғандардан алтын т.б. бағалы металдарды іздесе, енді бірі көне бұйымдарға, әшекей заттарға қызығады.

Әрине, сұраныс болса, ұсыныс әрқашан табылады. Нарықтың заңы – сол. Шетелдіктер әуелден көне бұйымдарға әуес және жомарт төлейді. Ал соңғы кезде өзінің коттеджін кішігірім мұражайға айналдырып, келген қонақтарға зілдің сойдақ тісін немесе ортағасырлық құмыраны көрсетіп мақтанатын өзіміздің марғасқалар да көбейіпті.

– 2002 жылы еліміз бойынша тұңғыш рет Оралда облыстық Тарих және археология орталығы ашылды. Міне, осы орталық мамандарының күшімен тұңғыш рет облыс аймағы түгел зерттеліп, археологиялық құндылығы бар 1966 нысан тіркеуге алынды, оның құрамында 10 мыңға жуық оба-қорған бар, – дейді Батыс Қазақстан облыстық Тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымының докторы Мұрат Сыдықов. – Бірақ бұл обалардың көпшілігі әр заманда тоналған, бүлінген. Тың игеру кезінде талай қорған тегістеліп, жыртылып, айдалып кетті. Бірақ, ең өкініштісі, сан мың жылдан кейін бізге жеткен, Тәуелсіз Қазақстанның баға жетпес қазынасы саналатын осы қорғандар соңғы жылдары қайтадан қарақшылардың нысанасына айналып жатыр.

Қазына іздеген қарақшылар біздің заманымызға дейінгі ІІ-І мыңжылдыққа жататын скиф патшаларына тиесілі Қырық- оба кешеніне де күрек тигізіп үлгеріпті. Алыптығы жөнінен (ең биігі – 18,6 метр, диаметрі – 500 метрден артық) дүниежүзінде теңдесі жоқ, жалпы саны 40-тан асатын обалар кешенін профессор М.Сыдықов дала пирамидасы деп атайды.

«Бұл қарақшылар теңдесі жоқ тарихи құнды деректерді алғаны өз алдына, ескерткішті енді қайта қалпына келместей етіп қиратып кетеді ғой, – деп күйінеді тарих магистрі, Тарих және археология орталығының аға ғылыми қызметкері Руслан Мерғалиев. – Өйткені археология ескерткіштері – біздің өлкені қоныстанған көне жұрттардан қалған жалғыз мұра. Мысалы, Ешкітаудағы палеолит кезеңінің қонысы, Қырықоба кешені, Лебедевка қорғандары, Жайық қалашығының орны бізге қаншама маңызды мәлімет береді. Тілін тап та, оқи бер».

Артефактың астыртын арналары
Қазына туралы ақпарат қайда? Бір қызығы, «Пәлен деген бай ат басындай алтынды түген деген жерге көміпті» деген аңыз кез келген ауылдан шығады. Одан кейін «алтын безгегін» қоздыруға біздің әріптестер – журналистер де әжептәуір үлес қосатын көрінеді. Археолог ғалымдардың болашақ жоспарлары жөнінде баспасөз өкілдерімен сыр бөлісуге сараң болатын себебі сондықтан.

Ал енді ғаламторды шарлап көрсеңіз, «қара археологқа» қажетті құрал-жабдықты жарнамалайтын арнайы сайттар толып жатыр. Бұл жерден қазынаны қалай қазу, тазалау, іздеу жөнінде ақпарат, тіпті билікпен, құқық қызметкерлерімен қалай тіл табысу туралы да ақыл-кеңес таба аласыз.

Осылайша, керекті біліммен, қажетті құралмен қаруланып алып, қазынаны таптық делік. Енді оны қайда өткіземіз?

Бүгінде көне бұйымдарды қабылдап, қайта сататын антиквариат дүкендері әр қалада ашылған. Біздің Оралда да бірнешеуі бар. Міне, осы дүкендерді «қара қазынаны» қабылдаушы жүйенің бір бөлігі дейді ғалымдар. Мысалы, Ақтөбе облыстық Тарих, этнография және археология орталығының директоры, тарих ғылымының кандидаты Арман Бисембаев Орал қаласында қызмет етіп жүрген кезінде антиквариат дүкені сөресінен археологиялық бұйымдарды талай мәрте көріпті. Оның шығу тегін анықтау мүмкін емес, дүкен қожайыны ақпарат бермейді, полиция келсе, тығып тастайды.

«Вандализммен айналысып жүрген бұл қарақшыларға Қазақстанда тыйым болуы үшін олардың бірінің ұсталып, жазаланған прецеденті керек, – деп санайды Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, академик Карл Байпақов. – Мысалы, Қытайда ұлттық тарихи құндылықтарды тонап, бүлдіргені үшін өлім жазасы қолданылады».

Болмай қалған прецедент
Обаларды ойрандап, оңай олжа іздеген бір топты құрықтап, өлім жазасы болмағанымен, заң алдында жауапқа тартудың мүмкіндігі осыдан бірер жыл бұрын оралдық құқық қорғаушылардың қолында болған еді.

«2007 жылдың 30 қыркүйегі еді, – деп еске алады Мұрат Сыдықов. – Бөрлі ауданы Жаңаталап ауылы маңындағы көне обаға таңертең келдік. Келсек, оба жанында шатыр құрулы, қасында Volkswagen маркалы машина тұр. Қос күрек, металліздегіш құрал, обадағы жаңа қазылған шұңқыр – бәрі-бәрі бұл топтың қорған тонағыш қарақшылар екенін айқындап тұрды. «Ауыр жұмыстан» шаршаған болуы керек, біздің келгенімізді аңғармай, қатты ұйықтап қалған. Шатыр ішінде – екі адам, машинада екі адам болған сияқты. Қанша дыбыстап, талап еткенімізбен, олар сыртқа шықпай қойды. Күшке салуға қарулы болар деп қауіптендік. Арамызда шетел азаматы бар еді, сосын да тәуекелге бара алмадық. Оның үстіне олардың құтылмайтынына, қолға түсетініне сенімді едік...»

Археологтар қараниетті «әріптестері» жөнінде сол бойында 45 шақырым жердегі аудан орталығына шұғыл жетіп, хабарлаған. Қарақшылардың құралдары (күрек, металліздегіш т.б.) және фотосуреттер заттай айғақ ретінде тапсырылды. Батыс Қазақстан облыстық Тарих және археология орталығының шағымы бойынша қылмыстық іс ашылып, тергеушілер іске кіріскен.

«Біз көп кешікпей қолға түскен қарақшылардың сотына қатысамыз ғой деп жүргенбіз, – дейді Мұрат Наурызғалиұлы. – Алайда полициядан хабар болмады. Бөрлі аудандық ІІБ тергеу бөліміне қайта-қайта хабарласып, арада жарты жыл өткенде тергеуші Б.Мақашевадан жауап-факс алдық. Сөйтсек, 2007 жылдың 19 қараша күні тергеу тоқтатылып, қылмыстық іс жабылыпты. Кім білсін, дөкей біреулер араласты ма екен...»

Тергеу материалдарына қарасақ, оба жанында болған автокөліктің иесі (оны анықтау қиын емес еді) сол күні сол жерде болғанын мойындаған. Бірақ «түнде адасып кетіп, шатыр құрып жатқан екі кісіге тап болғанын, сосын сол жерде қонып шығып, жарық түскен соң үйіне келгенін» айтқан. Ал әлгі екі адам туралы ештеңе білмейді. Сонымен, тергеу тәмам болыпты.

Археологтар үстінен түскен бұл топтың тегін адамдар еместігі көрініп-ақ тұр. Өйткені бір машинаның бағасына бара-бар металліздегіш құрал кім көрінгеннің қолында жүрмейді. Яғни осы кәсіпке бел шешіп кіріскен – бәлкім, бизнесін тым тәуір дөңгелеткен адамдар. Машина жанындағы қорапта автокөліктің бірнеше мемлекеттік нөмірі салынғаны фотода анық көрінеді.

Осы оқиғадан кейін де оралдық археологтар қорған қазған қарақшылардың қолтаңбасын бірнеше рет көріпті. «Бірақ полицияға хабарлағаннан пайда жоқ», – деп қолын сілтейді Мұрат Сыдықов.


Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста