Қазақы интернет басылымдарының қадамы мен қарымы қандай?

Алаш үні осы жерде тарайды

Бүгінгі таңда елімізде интернет-медиа басылым, яғни интернет газет-журналдар жүйесі батпандап болмаса да, мысқалдап дамып жатыр деп айтуға болады. Баспасөздің электронды жүйеге өтуі – ең алдымен көзі қарақты оқырман мен автор арасындағы өзара байланыстың дамуына әкелді. Әрине, бұл ақпаратсыз өмірді көзге елестету мүмкін емес болып отырған заманда таптырмас дүние екені анық.

Жалпы, еліміздің ақпарат жүйесінің жаңа медиалық технологияларға қадам басуы көп дүниеге есік ашқаны белгілі. Енді аз-кем осы жетістіктер туралы...Басылымдардың электронды нұсқаға өтуі ең алдымен ақпараттық жеделдікке әкелді. Кез келген ақпаратты талқылауға, дер кезінде саралауға болады. Яғни интернет басылымдарында жарияланған кез келген ақпараттың қоғам алдындағы бет-бейнесі мен маңызын бірден ажырата аламыз. Сондай-ақ оқырмандардың (тыңдарман, көрермен) өзіндік жеке пікірі, позициясы, көзқарасы арқылы жарияланған материалдың бағасы мен маңызын да пайымдауға мүмкіндік бар. Интернет басылымдарының тереңдігі мен жаңалықты дер кезінде жеткізе білу ұшқырлығы – өз алдына бір бөлек әңгіме. Оны басында да айтып өттік. Ең бастысы, ақпараттың халыққа қаншалықты пайдалы екенін салмақтай аламыз деген сөз. Сонымен қатар оқырманның талғамы мен қоғамның ақпараттық сұранысы жайында хабардар болып отырамыз деп айтуға болады.
Бұл жерде еліміздегі орыстілді басылымдардың дәурені жүріп-ақ тұр. Ал қазақтілді медиа-басылымдарды айтарлықтай дамып кетті деп айту әлі ерте. Шыны керек, мемлекеттік тілдегі интернет басылымдары даму сатысына жете қойған жоқ. 
Себебі Қазақстандағы интернеттік ресурстардың қымбаттығы мен қолжетімділігінің өте төмендігінде. Жылда Ақпарат және байланыс министрлігі (бұрынғы агенттік) «ауылды жерлер, соның ішінде қазақ мектептері ғаламтор желісімен толық қамтылып жатыр» деп кере құлаш есеп беріп жатады. Әлбетте, мүлде олай емес деп үзілді-кесілді жоққа шығара алмаймыз. Бірақ мұның бәрі көп жағдайда формалды түрде жүзеге асып жатқаны немесе мектептегі компьютер сыныбында бір жолғы таныстыру сабағымен ғана аяқталатыны қынжылтады. Балалардың бәрі бірдей ол интернет желісін пайдаланбайтыны да – шындық. Сондықтан ары кеткенде аудан орталықтары ғана ғаламтор ғажайыбына қол жеткізіп отыр деуге болады. Кеше білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын таныстыру барысында республика бойынша мектептердің тек 28 пайызы ғана компьютермен жабдықталғанын, барлық білім мекемелерінің 16 пайызы ғана интернетке қол жеткізіп отырғанын айтып өтті. Бұл көрші мемлекеттермен салыстырғанда үш есеге төмен көрсеткіш көрінеді.
Тағы бір себеп деп Қазақстандағы интернет ресурстарына бақылауды қатайтатын заңның қабылдануын айтуға болады. Шет мемлекеттерде медиа туралы арнайы заң жоқ. Ақпараттық қауіпсіздікке және адамның ар-ұжданын қорлауға қатысты қылмыстар деңгейіне қарай арнайы заң нормалары аясында айыпталып, жазасын алып жатады. Аталмыш заң күшіне енгеннен бері отандық медиа-басылымдардағы ашық форумдар мен талқылау алаңдары мүлдем азайып кетті.
Мемлекеттік медиа-басылымдардың дамып кете алмай отырғанының тағы бір себебі  тұтынушылардың, яғни интернетті қазақ тілінде пайдаланушылардың аздығында болып отыр. Елімізде бүгінгі қалыптасып отырған ақпараттық технология саласы белгілі бір дәрежеге көтерілді деп қанша күпінгенімізбен, қазақ тілінде таратылып жатқан хабарлар қоғамның сұранысын өтеп отыр деп айту ертерек. Бейресми мәліметтер бойынша, бүгінде жер бетіндегі бар-жоғы 14 миллионнан астам адам ғана қазақ тілінде сөйлейді екен. Ал осы тілдің негізі саналатын Қазақстан азаматтарының бар болғаны 50,4 пайызы ғана қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқып-жаза алады екен.
Бүгінде, жасыратыны жоқ, интернет ресурстарының басым бөлігі орыс тілінде тұтынылады. Ал қазақ басылымдарын тек қазақтілді  тұтынушылар ғана пайдаланады. Оған бір ғана мысал келтіре кетейік. Бейресми деректерге қарағанда, «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінің қазақтілді тұтынушылары – негізінен журналистер. Яғни «ҚазАқпарат» агенттігінің бір күндік (қазақтілді) тұтынушыларының саны тек отандық баспасөз майданында жүрген журналистер санынан сәл ғана асады. Тек соңғы кездері отандық сайттардың латын қарпі мен төте жазу түріндегі нұсқаларының пайда болуы шетелдерде тұратын қазақ ағайындарға үлкен мүмкіндік жасап отыр деуге болады.
Әрине, бұған қарап ғаламтор жүйесіндегі қазақ басылымдарының халі мүшкіл екен деп аттандаудың қажеті болмас. Басында айтып өттік, даму бар. Қалыптасу үстінде. Алға жылжып келеді. Біз тек ғаламтор ресурстарының аяғына тұсау салатын бірнеше факторды ғана тілге тиек еттік. Қазақ интернет-медиасына демеуші болып отырған жайттарды да айта кету керек. Соның бірі – Вебблог немесе блог. Бүгінгі таңда блогтар жеке адамның онлайндық күнделігі ғана емес, бірнеше редактордың командасы ұйымдастыратын вебсайт қызметін де атқарып отыр. Көптеген отандық блогтар бір адамның туыстары мен достары ғана тұтынатын, аясы тар бет қана емес, кәдімгі баспасөз басылымдары сияқты үлкен аудиторияға бағытталып, жаңалық, сараптамалық мақалалар жариялап жүр. Кейбір деректерге қарағанда, танымал блогтарды күніне жүздеген, тіптен мыңдаған тұтынушылар пайдаланып жатады екен.
Еуропа елдерінде блоггерлердің маңызы артқаны соншалықты, үлкен-үлкен газеттерге жұмысқа шақыртылып жатады. Мысалы, дер кезінде сапалы жаңалықтар жеткізумен танымал болған британдық The Guardian газетіне де блоггерлердің пайдасы өте зор болған. Газет аймақтағы жаңалықтарды жариялау үшін жұмысқа келісімшарт арқылы блогшыларды қабылдап отырған. Осылайша, The Guardian газеті блоггерлердің арқасында дағдарыс мәселесін оңтайлы шешіп келеді.

Керек дерек
Биыл да белсенділігі жоғары сайттардың тізімі жасалды. Бір қызығы, әлемдегі ең көп қолданылатын сайттардың ең басына 2004 жылы ғана ақпарат айдынына жол тартқан халықаралық facebook желісі шығып отыр. Екінші орында ғаламтордағы іздеуші-портал – yahoo тұрса, үшінші орынға live.com порталы іліккен. Осыдан кейінгі орындарда электронды энциклопедия – wikipedia мен мsn.com веб-порталдары енген. Одан кейінгі кезекте мicrosoft.com, blogspot.com, baidu.com, qq.com және mozilla.com сайттары тұр. Бір қызығы, осы рейтингті құрастырып шыққан google бұл зерттеуге өзін қоспапты. Ал қазақстандықтар жиі пайдаланатын mail.ru сайты бұл тізімде 58-орында тұрақтапты.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста