Қазақтың Қадыры 75 жаста

Биылғы жыл қазақ әдебиетіндегі мерейтойлы жыл болды десек еш қателеспейміз. Жыл он екі айды айтпағанда, осы соңғы айда бір емес, қазақтың маңдайына біткен екі бірдей тұлғасы Әбіш Кекілбай мен Фариза Оңғарсынованың Астана төрінде тойланған мерейтойларын айтсақ та жеткілікті. Бұл аз десеңіз, өткен жұмада Алматыдағы Республика сарайында бала жастан сөз семсерін серік етіп, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов сынды достарының ортасында қазақ поэзиясының «кетігі болып қаланып», еңкейген шағына дейін «іші — алтын, сырты күміс сөз жақсысын қиыннан қиыстырып» келе жатқан қазақтың көрнекті ақыны, Халық жазушысы Қадыр Мырза-Әлінің 75 жылдық мерейтойы думанды кешке айналды.

Кеш шымылдығын ақынның кіндік қаны тамған қасиетті топырақ Төлеген мен Жібектің еліне арнап «Ақ Жайық» әнімен белгілі әнші, сазгер Донеділ Қажымов ашты. Содан кейін сахнаға қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова шығып, Қадыр Мырза-Әлінің сөзіне жазылған Дүнгенбай Ботбаевтың «Көктем кеші» әнін рояльдың сүйемелдеуінде жанды дауыста шырқап берді. Бір қызығы, дәл осы күні бұлбұл әншінің өзі де сексенге толыпты. Қос туған күн иесі бір сахнада бірін-бірі құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлық алмасты.

Жалпы, Қадыр Мырза-Әлі – сөзіне ең көп ән жазылған автор. Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиев, Темірше Базарбаев, Дүнгенбай Ботбаев сынды қайталанбас сазгерлермен шығармашылық бірлікте қазақ сахнасында күні бүгінге дейін орындалып келе жатқан тамаша әндер тудырды. Солардың дені туған жер, өскен ауыл, туған халқына арналған. Ақынның «адамның ең қымбаты өмірі ғой, ал Отан қымбат бізге өмірден де» деп келетін өлеңіне туған «Жол жыры» әнін дүниеге келгеннен бүгінге дейін орындап келе жатқан әнші Нұрғали Нүсіпжанов өз тебіренісін ортаға салды.

Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, Халық әртісі:
– Ең алғаш Нұрғиса Тілендиевтің үйінде «Өз елім» әні арқылы танысқан біздің бірге жұмыс істеп, дос болып араласып жүргенімізге де, міне, 40 жыл болыпты. Осы 40 жылдан бері маған арнап ән жазған авторларымның саны 100-ден асып кетіпті. Сол авторларымның ішінде мен үшін туған елге деген перзенттік махаббатты Қадырдан артық жырлаған ақын жоқ. Қадыр ақынның басқа әндерін айтпағанда, «Қазақ осы», «Атамекен», «Өз елім» сынды әндері қазақ барда өлмейді.
«Қазақ вальсінің королі» Шәмші Қалдаяқовпен де Қадыр ақынның жолдарын бір арнаға тоғыстырған ортақ туындылар баршылық. Бірде Тамды жеріне барып қайтқан Шәмші орала салысымен бірден Қадыр ақынның үйіне тартып отырады. Сөйтіп, өзінің ел ішінде, Тамды жерінде болғанын, сол жақтың халқына ән арнауға уәде еткенін, ал халықтың оған сөзді тек Қадыр ақынның жазғанын қалайтынын айтады. Халықтың қолқасы шығармашылығына шабыт берген ақын келісім беріп, солайша «Тамды аруы» әні туса керек. Шәмшімен шығармашылық бірлікте жазылған тағы бір туынды «Сыған серенадасын» осы кеште Тоқтар Серіков шырқады.

Қадыр Мырза-Әлі Нұрғиса Тілендиевпен де біраз әндерді дүниеге әкеліпті. Соның бірі — «Өз елім» әнін «МузАрт» тобы орындап шықса, «Асыл әжемді» Қарақат Әбілдина орындады. Кешке тіпті сонау Семей жерінен белгілі дәстүрлі әнші Келденбай Өлмесеков қонақ болып келді. Шығармашылық кеш әнмен ғана өрілген жоқ, арасында ақынның өлеңдерінен үзінді де оқылды. Әсіресе, кезінде қатар жүрген Мұқағали, Төлеген, Жұмекен, Фариза және Қадыр сынды қазақтың бес ақынын бір-бірімен сырластырған композиция жұртшылықты тебірентіп жіберді. Осындай бір ғажайып кештің соңы тіпті тамаша аяқталды. «Атамекен» әні орындалғанда еліміздің көк туын желбіреткен сарбаздар сахнаға барар жолда сап түзеп, Қадыр ақынды сондай бір салтанатпен сахнаға алып шықты. Бұл қазақтың Қадыр сынды ақынын төбесіне хан көтере сыйлауы, құрметпен тағзым етуі болғандай...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста