Қазақтың ою-өрнегін заманға сай икемдеген суретші

Он саусағынан тамған өнеріне қазақтың иісін сіңіруге тер төгіп, еңбек етіп жүрген хас талант, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры Нұрбұлан Өтеп­­баев Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы қарсаңында өзінің төл туындыларын елордаға әкеліп, көрме өткізді. Жалпы, өнерде өз қолтаңбаңды қалдыра алмасаң, онда атың да ешкімнің есінде қалмайтыны анық. Сондықтан да өнерге әркім өзінің қолтаңбасымен келіп жатады. Нұрбұлан Өтепбаев та – бейнелеу өнеріне дара із салып келген суретшінің бірі.
Оның суреттеріне зер салып қараса­ңыз, қасиетті қазақ даласының, қазақ ұлтының нақыштарын айқын көресіз. Әрбір суреті қазақ тұрмысынан сыр шертетінін де аң­ғару қиын емес. Бейнелеу өнерін ұлттық құн­дылықтарымызды на­сихаттау жолы етіп алған суретші ұлттық ою-өрнектерді де суреттерінде әдемі бейнелей білген. «Күйеу жігіт», «Қалың­дық» секілді туын­дыларындағы келін мен күйеу жігітті қолтықтап тұрған екі бәйбіше мен екі жең­гені бір көрген адам киіз үй деп аңғармай қалады. Суретші өзінің шеберлігі арқылы киізүйге ұқсатып жеңгелер мен бәй­бішелерді де бейнелеген. Тұтас қазақтың салт-дәстүрін паш етіп тұрған бұл туын­дылардан қазақы иістің аңқып тұр­ғанын байқайсың.
Оюлар циклі де қарапайым көзге ала-құла бірдеңе болып көрінуі мүмкін. Ал анықтап қарасаң, қошқар мүйізді оюлар­дың қайталанып берілуі бір отар қойдың жайылып бара жатқанын бейнелейді. Суретшінің қолтаңбасы да осында жатыр.
Нұрбұлан Өтепбаевтың суреттеріндегі бір ерекшелік: қандай суретін алсаңыз да, барлығы да сөйлеп тұрады. Қазақы бол­мысты шынайы бейнелей білген өнерпаз суретші ұдайы ізденіс үстінде болуы керек деп есептейді. Жаңалыққа жаны құштар Нұрбұлан Өтепбаевтың ендігі мақсаты – қазақтың ою-өрнегін заманға сай икемдеп, сурет өнеріне енгізу.
Нұрбұлан Өтепбаев, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры:
– Әрбір картина қазақи болу керек. Суретте қазақы үн, қазақы тылсым аңғарылу қажет. Егер оны бейнелей алмасаңыз, онда ол жай ғана таби­ғаттың, не өзгенің көрінісі ғана болып қалады. Көп суретшілер өзінің бейне­леуінен реализмді жо­ғал­­тып алады. Өйткені олардың кө­бінде шығарма­шылық ізденіс жоқ. Әрбір картинада ой болу керек. Кар­тина үлкен-кіші болмайды, онда ең басты мәселе  мағына болу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста