Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бельгердің дүниеден өткеніне бір жыл болды

Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, публицист, әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудармашы Герольд Бельгердің дүниеден өткеніне де бір жыл толды.
Былтыр, 7 ақпан күні 81 жасына қараған шағында жүрек ауруынан қайтыс болған еді. Гер аға қазақ, орыс және неміс тілінде қатар қалам тербеген қарымды прозашы болатын. Ал бүгінде рухани бірлікті, ұлтаралық татулықты өмірлік ұстанымына айналдырып кеткен көрнекті жазушының артында қалдырған мұрасы көп ұлтты Қазақстан халқы үшін баға жетпес құндылық болып қалғаны рас.

ҚР Президенті Мұрағатының бас сарапшысы Шәмсия Түлеуованың айтуынша, қазір Герольд Бельгердің осы Мұрағаттағы Жеке қорында 201 дана мұралық дүниелері сақталған.

«Бұлар зертеушілер үшін үлкен қызығушылық тудыратын құнды материалдар. Олардың ішінде жазушы шығармаларының қолжазбалары, аудармалары, мақалалары, хаттары, естелік жазбалары, баяндамалары және басқа да құжаттары сақталған. Кезінде Гер ағаның өзі де ҚР Мұрағаты қорына талай рет келіп, әдебиеттанушылар, ақын-жазушылар және қоғам қайраткерлерінің басы қосылған жиындарға қатысып, қазақ халқының әлеуметтік жағдайы, тілі мен мәдениеті жайында маңызды ойларын айтқан болатын», - деді Ш. Түлеуова.

Сонымен қатар, жазушының Жеке қорында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Әбу Сәрсенбаевтың, Дүкенбай Досжановтың, Абайдың, Жамбылдың, Әбділдә Тәжібаевтың шығармаларының жолма-жол аудармалары, сондай ақ, өзінің «След слова», «Тихие беседы на широких перекрестках», «Дневники разных лет» шығармаларының қолжабалары сақталған. Бұдан басқа Герольд Бельгердің ондаған жылдар бойы қазақ есімдерін жинаумен айналысқаны белгілі. 1957 жылдан бастап, 2000 жылға дейінгі аралықта қазақ есімдерін жинап жазған дәптері мен қойын дәптерлері де осы қорда орын алған. Онда мыңдаған қазақ есімдері жинақталған. Сонымен қатар, жазушы қазақша-орысша, орысша-қазақша, қазақша-немісше сөздіктердің құрастырылуына үлес қосты. Ал қазақ жазушыларының неміс тіліне және неміс жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары туралы жазған сын мақалалары өз алдына бір төбе.

Айта кетелік, Г. Бельгер өзінің шығармашылық жолында қазақ жазушыларының 200-ге тарта шығармасын орыс және неміс тілдеріне аударған. Олардың ішінде Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Х, Есенжанов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Кекілбаев, Д. Досжанов және басқа да жазушылардың шығармалары бар. Ал өзі 70-тен астам прозалық, зерттеулік, әдеби-сын кітаптардың авторы. Бұлардан басқа 20-ға жуық ұжымдық жинақтарды құрастырған және қазақ, орыс және неміс тілдерінде 2300-ден астам мақалалары жарық көрген.

2014 жылы Г. Бельгердің Жеке қорындағы материалдар негізінде және жазушының 80 жылдығы құрметіне ҚР Президенті Мұрағаты құжаттар жинағын басып шығарған болатын. Бүгінде ол әдебиет зерттеушілері үшін құнды материалға айналды.

 

 

Автор: Жаппарберген Айбота 

inform.kz/kaz/article/2868460

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста