Қазақстанның Халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова қайтыс болды
14 шілде күні, Қазақстанның Халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова бақилыққа аттанды деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Актриса 1931 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Соғыстан кейін ол Алматыдағы киноактерлердің жоғары мектебін бітірді. Кейін "Қазақфильм" киностудиясында, Қазақ радиосында қызмет атқарды.
1953 жылы Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы М.Әуезов атындағы театрдың құрамын кірді.
Халық әртісі халық және әлем әдебиетінің 100-ге жуық түрлі рөлдерін сомдаған. Солардың ішіндегі ең жарқыны Мұхтар Әуезов туындысындағы Қарагөз рөлі болатын.
Зәмзәгүл Шәріпова өнердің нағыз тума таланты еді. Оның дауысы қазақ классикалық шығармаларының жазбасынан естіліп тұратын.
Актриса киноға да түскен еді. Оның ішінде "Дала қызы" фильміндегі Нұржамал рөлі, "Біз осында тұрамыздағы" Динаның, "Өмір жолындағы" Хадишаның, "Заманай мен Аманайдағы" ана рөлдері ерекше есте қалған.
Зәмзәгүл Шәріпова - ҚазССР-дың Еңбек сіңірген әртісі, ҚазССР-дың Халық әртісі, "Отан" төсбелгіснің иегері.
Өнер қайраткерімен қоштасу шарасы 16 шілде күні М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.