Қазақстанның алғашқы киноэпопеясы «Елбасы жолынан» сыр шертеді

Қазақстанның алғашқы киноэпопеясы «Елбасы жолынан» сыр шертеді

Желтоқсанның 1-і күні Астанадағы «Қазақстан» концерт залы халыққа лық толды. «Шақыру билетінсіз кіре аламыз ба? Орын табыла ма екен?» деп ағылып келген халықтың қарасы көп. Барлы­ғы «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасын көруге асық. Айт­пақ­­шы, бұған жұрттың жапатармағай қызығатын жағы да бар: өт­­кен­де ғана Президенттің өзі аталған туындының «кейбір роман­ти­ка­лық тұстары асыра түсірілген» деп қалжыңға салса, кино автор­ла­ры «Н.Назарбаевтың онжылдық өмірін шебер көрсеттік» деп жариялаған еді.
Бұдан екі жыл бұрын шыққан «Балалық шағымның аспаны» атты фильмде Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлының балалық шағы­нан сыр шертілсе, «От-өзен» мен «Темір­тау» атты жаңа толықметражды көркем фильмдер соның жалғасы болып саналады. Бұның барлығы «Ел­басы жолы» киноэпопеясы ая­сын­да түсіріліп отыр. Екі жаңа фильм 1958-1968 жылдарды қамтиды. Дәл сол кезде қазақ жерінде «өнер­кәсіптік революция» басталады. Ал бұл тұп-тура Нұрсұлтанның ержетіп, қызығы мен шыжығы бірге өрілетін өмірге қадам басуына дөп келеді. Кіндік қаны тамған туған ауылынан арман қуып аттанған жас Сұлтан металлургтер қаласы – Теміртауға келіп, республикалық жастар құры­лысына білек сыбана кіріседі. Жас өрен уақыт өте Украинадағы Днепр­од­зержинск қаласына оқуға жолда­ма алып, жаңа достары мен өмірдегі ұстаздарын кездестіреді. Сол жерде махаббат та болған (айтпақшы, «ма­хаб­бат дегендері артығырақ енді» деп айтқаны осы тұс болса керек).
Оқуын ойдағыдай тамамдап, қолына диплом алған жас Сұлтан достарымен бірге Теміртауға оралып, еңбек жолын қайта жалғастырады. Алдына айқын мақсат қоя білуімен, діттеген биігіне жету жолында қай­мық­пай, қажымай, күресе алатын қай­сар мінезінің арқасында ол қара­пайым металлургтен Орталық Азия­да­ғы ең ірі комбинаттың басшысына дейін көтеріледі. Н.Назарбаев домна пе­шіндегі шойынмен бірге шыңда­лып, партия жұмыстарына белсене ат­салысады.
Бұл фильмде бас кейіпкердің рөлін жас актер Нұрлан Әлімжанов сомдайды. «Негізі, мен Президенттің рөлін ойнаған жоқпын. Ол кезде Елбасы еліміздің Пре­зиденті болған жоқ қой. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының жалындаған жастық шағын, оның ата-анаға құрметін барынша көр­сетуге тырыстым», – дейді актер. Ал Нұр­сұлтанның әкесі Әбіштің рөлін сомдау Нұржұман Ықтымбаевқа бұйырған. Оның актерлік шеберлігіне Президенттің өзі де риза болған көрінеді. Кинода Н.Назар­баевтың металлургиялық зауытта әйгілі академик Қаныш Сәтбаевпен кездескен сәті де шебер көрсетіліпті. Бұл рөлді Бақытжан Әлпейісов алып шыққан.
Жалпы, киноэпопея сценарийін Елба­сы­ның «Әділеттің ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі» және «Еуразия жүрегінде» шығар­маларын негізге ала отырып, белгілі дра­матург-сценарист Шахимарден Құсайы­нов пен режиссер Рүстем Әбді­рашев жа­зып шыққан. Сондай-ақ аталмыш фильм­­де Елбасының әріптестері, достары мен замандастарының естеліктері молы­нан пайдаланылған. Екі бөлімнен тұратын эпопеяны шығарма­шылық топ күн-түн демей бір жарым жыл Мәскеу, Украина, Беларусь, Латвия, Эстония жерлерінде түсірген. Көркем дүниені жарыққа шығару үшін жалпы саны 100-ден астам маман еңбек етіпті. Осы орайда, фильмнің ре­жис­­серіне артылатын жүк ауыр бол­ғанын айтпасқа болмас. «Елбасы жолы» кино­эпопеясының режиссері Рүс­тем Әбдіра­шевтің айтуынша, 200 сағаттық түсірілімді 2 сағат 50 минутқа сый­ғыз­дыруға тура келген. «Киноны түсіруге 1,5 жыл жұмсал­ды. Елбасы өмірбаянының ізімен жүріп отырып, 1958-1968 жылдар аралығын шығар­машылық топпен дема­лыссыз түсірдік», – дейді ол.
Астанадағы киноэпопеяның алғашқы көрсетіліміне келген халықтың қарасы көп болды. Қарапайым халықтан бастап, зиялы қауым өкілдері, министрлер де Ел­басының жүріп өткен жолын көруге асықты.
Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы:
– Елбасы туралы бұған дейінгі тү­сірілген көркем фильм «Балалық ша­ғым­ның аспаны» деп аталған еді. Бүгінгі «От-өзен» және «Теміртау» көркем фильм­дері алғашқысымен жақсы жалғасын тауып, расында, «Елбасы жолы» деген нағыз кино­эпопеяға айналыпты. Бұл туындыдан қарапайым халықтың ара­сынан қайнап шығып, елдің, жердің қамын ойлаған, сөйтіп, заманының зор қай­раткері дәре­жесіне көтерілген азаматтың өмір жолын бағамдадық. Сондай-ақ қайсар жігіттің қабілеті мен дарыны арқылы өндіріске белсене араласып, ондағы негізгі тұлғаның біріне айналған қазақ жұмысшысын көрдік. Бұған қоса, фильмде тек Елбасы­ның ғана образы ашылып қоймай, оның жанындағы жас қазақ жұмысшыларының мінезі мен қабілеті, жалпы, тұтас бір буынның өмір жолы жақсы өрілген. Мұны­мен қатар, сол дәуірде қазақ жастарының индустриялық даму мен осы жолда жеткен жетістіктерді терең түсініп, оның философиясы мен психологиясын жақсы меңгергені фильмде жақсы көрсетілген. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Елбасының отты өмір жолы арқылы халқымыздың ХХ ғасырдағы 60 жыл өмірі түгел дерлік қамтылған деуге толық негіз бар. Тағы да айтарым, қазақтың жас қай­сар жігіті алда кездескен қиын­дықтардың бәрін жеңіп, қызмет жолында әбден ысылып, елдік азаматқа айналған. Осыған қарағанда, көркем туынды өз мақсатына жеткен.

Әділ АХМЕТОВ, қоғам қайраткері:
– Фильмнің өзегіне өрілген бүкіл шындық көрініп тұр. Ешқандай қоспасы жоқ. Өйткені өзінің кітабында жазылған дүниелердің барлығы осы фильмде орын тапқан.

Айдос БЕКТЕМІРОВ, актер:
– Маған ерекше ұнады. Өйткені бәрі шындық. Күнде өзіміз көріп жүрген Прези­дентіміз, соның енді жас кезін көргендей болдық. Қиындықты да, аштық­ты да көрген екен. Қуанған, жылаған, сүйген. Президент деген ол да адам ғой.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Бұл – көркемдігі жағынан жоғары туынды саналатын тарихи фильм. Өйткені тура сол Теміртаудағы жастардың аяғынан тұрып сүрінбей кетуінің өзі сынақ еді. Ал сол сынақтан сүрінбегендер үлкен дәрежеге жетті. Біз де сол дәуірдің ұрпағы болған соң, ол кезеңдердің оқиғалары мен адамдарының сол кездегі оқиғаларға көзқарасын, сондай-ақ өз қатарластары­мыздың мінез-құлқын жақсы білеміз. Мен мектепті 1961 жылы бітірген болсам, бұл кісілер 1958 жылы Теміртауда болыпты. Расында да, ол кезде Теміртаудың атағы жер жарып тұрды. Сол кездегі алғыр жастар, жүрегінде алауы бар азаматтар Қазақстан Магниткасына баруға, шынында да, құштар болатын.

Әшірбек СЫҒАЙ, театр сыншысы:
– Сол кездегі бюрократиямен күресу, демократияны қалыптастыруға күш салу мұның бәрі, әрине, сол тұстың идео­ло­гиясын айқындайтын шынайы көріністер. Соның ең ортасында жүрген кейіпкері ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі қазіргі жастарға үлгі, өнеге.

Ерік ЖОЛЖАҚСЫНОВ, киноактер:
– Жалпы, Елбасымыздың еңбегін жас баладан еңкейген кәріге дейін білуі бұл негізгі мақсат деп ойлаймын. Елбасының 20 жыл ішінде жасаған еңбегі саяси еңбек, Тәуелсіздігіміз – осы кісінің арқасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста