Қазақстандық "шоу-бизнес" өкілдерінің хоббиі қандай?

Қазақстандық "шоу-бизнес" өкілдерінің хоббиі қандай?

Әр қадамы халықтың бақылауында болатын өнер адамдарының қолынан тек ән айтып, би билеу, рөл ойнау, көлік жүргізу, тойға бару келеді десеңіз қателесесіз. Қазақ өнерінде жүрген қыз-жігіттердің әрқайсысының өздері сүйіп айналысатын ермектері бар. Әрине, шоу-бизнесте жақсы көретін ісіңмен айналысуға уақыт табу қиынның қиыны. Дегенмен біздегі шоу-бизнес өкілдерінің де хоббилары көпшілік үшін өте қызық. Бүгін «Алаш айнасы» оқырман назарына «жұлдыздардың» сүйікті ермектерін ұсынып отыр.

Халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың сүйікті ісі – кептер асырау. Кірпияз, таза кептердей құсты бағудан әншінің жаны рахатқа бөленеді екен.

Тоқтар Серік

Абай Бегей, Рамазан Стамғазиев, Тоқтар Серіков сынды жігіттер атқа мініп, саятшылық құрғанды ұнатады. Жалпы қазақ өнеріндегі жігіттердің көбі жылқы баптайды, аңшылықты жақсы көреді. Сондай-ақ әнші-термеші Айгүл Елшібаева, Тамара Асар, Ердос Қанаев сынды өнерлі қыз-жігіттерде жылқыға құмар жандардың қатарында.

Айгүл Елшібаева

Айдана Меденованың бойында әншіліктен басқа суретшілік өнер бар екен. Ол суретті тамаша салады, киім тігеді. Өзінің сахналық киімдерінің сызбасын өзі әзірлейді.

Меруерт Түсіпбаева, Ерке Есмахан сынды арулар спортты жанындай сүйеді екен. Олар фитнес-клубтарға үзбей барады. Меруерттің айтуынша, сұлу болу үшін ең алдымен спортқа жақын болу керек. Сондай-ақ Меруерт ханым қыста сырғанаққа барғанды, жазда ролик тепкенді ұнатады екен.

Абай Бегей

Айнұр Тұрсынбаева ас әзірлеудің шебері. Ас үйде өзін нағыз кәсіби аспаз секілді сезінетін айтыскер ақын әзірлеген тағамдар бал татитынын оның әріптестері, құрбылары жарыса айтады.

Нұрлан Еспановтың ең сүйікті ісі моншаға бару екен. Әнші, сазгер жігіт тіпті аптасына үш рет моншаға барудан жалықпайды екен.

Тамара Асар

Өзі гүлдей сұлу Қарақаттың сүйікті ісі – гүл өсіру. Әсемдікті жаны сүйетін қазақтың еліктей ерке қызы гүл өсіруді анасынан үйреніпті. Күміс көмей әншінің үйінде қысы-жазы гүлдің түр-түрі жайқалып тұрады. Сондай-ақ гүл өсіруді жақсы көретін өнер иелерінің қатарында белгілі әнші Жеңіс Ысқақова да бар.

Меруерт Түсіпбаева

Аружан Жазылбекова саяхаттағанды ұнатады. Ол өзінің инстаграм парақшасында түрлі елдерді саяхаттаған кезіндегі суреттерімен жиі бөлісіп отырады. Сондай-ақ актриса йогамен айналысады.

Сырым Қашқабаев киноға түсуден, театрдағы қойылымдардан бос уақытында тауға шыққанды және балыққа барғанды жақсы көреді екен.

Айдана Меденова

Дастан Оразбаев, Бағлан Әбдірайымов секілді сері жігіттер спортты жандарына серік еткен. Олар белгілі дәрежеде күреспен айналысады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста