Қазақтың батыр қыздары. Осылай аталған республикалық конференция Орал қаласында өтті. Жиында тарихшы Бақтылы Боранбаеваның қазақстандық әйелдердің ерлік істерін баяндайтын кітабы таныстырылды. Онда қазақ қыздарының соғыста танктер мен ұшақтарды қалай басқарып, ерлік үлгісін көрсеткені жазылған. «Сұрапыл соғыста от кешкен әрбір қазақстандық әйелдің есімі ұмытылмауы керек. Олардың ерлігін ұрпаққа жеткізу ортақ міндет», – дейді конференцияға келгендер. Жиынға қатысушылардың бірі Ерболат Әміров батыр анасы Хиуаз Доспанова жайлы естелігімен бөлісті. Ол Оралдағы аэроклубта алғаш ұшақ рөліне отырған екен. Ерболат Әміров, Халық қаһарманы Х. Доспанованың ұлы -Сонда авиациямен танысады, ұшаққа отырады, паращютпен секіреді. Бізде қазақта Бигелдинов, Әбдіров сынды ұшқыштар болды. Тек ұшқыштар емес, механиктер болды. Сонда олар танысады. Аққали Ахмет, тарих ғылымдарының докторы -Бүгінгі таңда тарихшылар болсын, жалпы қоғам болсын, бұл кісілердің ерліктерін әрдайым марапаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін еңбектенуіміз керек. Бұл кісілер туралы деректі фильмдер мен кітаптар шығару, қала берді мектептерде ашық сабақтар өткізу тәрибиенің ең бір үлгі аларлық бөлігі деп есептейміз.
khabar.kz