Қазақстандық әнші үздік бестікте

Қазақстандық әнші үздік бестікте

Дәл қазіргі уақытта Витебскте жас орындаушылардың «Славян базары» деп аталатын байқауы өтіп жатыр. Аталмыш байқауға біздің елімізден жас әнші Динара Сұлтанғалиева қатысуда. Байқаудың алғашқы кезеңдерінде жақсы өнер көрсеткен Динара қазіргі таңда 161 ұпай жинап, үздік бестіктің қатарына енді.

Динара әлемдік жұлдыз болуды армандайды. Әншінің осы арманының жүзеге асуына Витебсктегі байқаудың белгілі бір дәрежеде әсер етері хақ. Ресей мамандарының айтуынша, қазақстандық жас вокалист Динара өз қарсыластарынан өзінің жастығымен, мелодиканы көрерменге шебер жеткізе алу қабілетімен, тіпті джаз стиліндегі әндерді жақсы орындауымен ерекшеленеді. Ән жарысының алғашқы күні Динара ең үздік нәтиже көрсетті. Байқау өтіп жатқан екі күннің нәтижесі бойынша үздік көрсеткішпен алда келе жатқан хорватиялық Дамир Кеджо атты орындаушы 180 ұпайдың 172-сіне қол жеткізді. Ал екінші орында – 170 ұпаймен гүржістандық әнші Лаша Рамишев. Одан кейін армениялық әнші Аниат Шакбазян 165 ұпаймен, украиналық әнші Инна Воронова 163 ұпаймен алғашқыларға ілесіп келеді.

«Витебск-2010» XIX Халықаралық эстрадалық әндер орындаушылары байқауының екінші күнінде жас әншілер Михаил Финбергтің жетекшілігіндегі ұлттық концерт оркестрінің сүйемелдеуімен жазғы амфитеатр сахнасында өнер көрсетті.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста