Бүгінде қазақ тойларындағы сән-салтанат туралы жиі айтылып жүр. Ең керемет өтті деген тойдың басты белгілері деп 15 көліктен құралған кортежді, 300 адамға жайылған дастарханды және жас жұбайлардың мейрамханаға лимузинмен келуін айтуға болады.
Comode.kz сайты қазақ тойларындағы ерекше көріністер тізбегін дайындады.
1. Ең қымбат көліктерден тұратын кортеж
Қап-қара "гелик" пен қымбат "Мерседестерсіз" тойдың сәні келе ме?! Қазақстандық жастар тойында ақ және қара түсті қымбат көліктермен қыдырғанды ұнатады. Қала көшелерін "тіліп" өтетін көліктер үшін көптеген жерде жол қозғалысы да шектелетіні рас. Кортежге мінген жастар терезеден бастарын шығарып, көше бойындағыларға қол бұлғап, барынша жол ережесін бұзып бағады.
2. Достар ұйымдастырған флешмоб
Қазақстандағы жастардың пікірінше, нағыз достар тойдың көркін келтіріп, билеп беруі керек. Әйтпесе, оның несі дос?! Дос-құрбыларыңның ән айтып, би билей білмеуі де маңызды емес. Алкогольді ішімдіктен соң, шабыты ашылып, бейберекет қимылға баратынын да кешіруге болады. Себебі, мұның бәрі шын жүректен емес пе?!
3. Керемет махаббат хикаясы (love-story)
Бүгінде жастар өздерінің махаббат хикаясы туралы кішігірім фильм түсіруді сәнге айналдырған. Аталған фильмде келіншектің тойға қалай дайындалғаны, қымбат алқа-жүзіктердің керемет жарасып тұрғаны анық көрсетіледі. Күйеу жігіттің қолындағы қымбат сағат та камера нысанасынан тыс қалмайды.
4. Банкет залына лимузинмен келу
Иә, лимузинмен қала көшелерінде қыдыру да қазір қызық болмай қалған. Енді тура той залына көлікпен кіріп бару әдетке айналды. Сонымен қатар, лимузинді Сваровски тастарымен әшекейлеу, алтын түспен бояу, көлікпен залға тойбастарды әкелу, тіпті, тікұшақпен шашу жасау сәнге айналды.
5. Қымбат қонақтар
Жалпы шетелдік жұлдыздардың Қазақстанда жиі қонақ болатыны жасырын емес. Олар тек мәдени іс-шара немесе концерттік бағдарламамен келмейді. Бай-бағландар мен ауқатты адамдардың қуанышына ортақтасу үшін де Қазақстанды бетке алады. Әйгілі Канье Уэсттің біздің тойлардың бірінде ән шырқағанын ұмытпаған боларсыз.
6. Қалыңдықты сатып алу
Читать полностью: https://news.nur.kz/355826.html
7. Киноға айналған той
Әрине, жас жұбайлардың өміріндегі ең маңызды күні өмір бойы есте қалдыруға тырысатынын түсінеміз. Алайда, фото және видео түсірілімдер үшін бір күнгі жалдау құны 75 000 теңге тұратын қымбат крандар мен камераларды сатып алу қисынсыз секілді.
Айта кетелік, сондай-ақ тойдың барысын, арнайы дайындалған роликтерді қонақтарға тамашалуға мүмкіндік беретін LED-экрандарды жалға алу құны $1500-нан басталады.
Читать полностью: https://news.nur.kz/355826.html
Читать полностью: https://news.nur.kz/355826.html
Читать полностью: https://news.nur.kz/355826.html
Читать полностью: https://news.nur.kz/355826.html
Читать полностью: https://news.nur.kz/355826.html
Читать полностью: https://news.nur.kz/355826.html