Қазақстанда ұлттық стикер-эмодзилер пайда болды

Қазақстанда ұлттық стикер-эмодзилер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
iOS 10 операциялық жүйесі жаңарғаннан кейін Қазақстан тұрғындары ұлттық стикер-эмодзилерді қолдана алатын болды. Тегін стикерлер пакеті AppStore-дың iMessages (немесе "Хабарламалар") тараушасында "Қазақ эмоджилері" деген атаумен пайда болды.


Ұлттық эмодзилер НИМОДЖИ® жобасын жасаумен 6 елдің көпұлтты командасы айналысқан.


"Стикерлерге айналған кейіпкер Қазақстанның мәдени дәстүрлерінің негізінде жасалды. Оның есімі - Айбала. Ол көңілді, белсенді әрі оптимист. Оның бойынан адамға тән барлық эмоцияны табасыз, сондықтан көңіл-күйді бұл кейіпкер арқылы дөп басып көрсетуге болады", - деді Nimoji Software Limited компаниясының өкілдері.


Тегін жиынтықта 21 стикер бар және оны AppStore арқылы жүктеп алуға болады. Ал таяуда оның ақылы түрлері шығады екен. Құрастырушылар алдағы уақытта стикерді iOS және Android платформаларындағы барлық мессенджерлерде қолдануға мүмкіндік жасайтын қосымша ашқысы келеді.
Nimoji Software Limited өкілдерінің айтуынша, жолданған стикерлерді көру үшін әңгімелесушіге қосымшаны орнату міндетті емес. Компаниядағылар әйел қолданушыларды да назарсыз қалдырмайды екен - таяуда Айбаланың Ақсәуле есімді досы пайда болады.
Пакетті мына сілтеме арқылы көшіріп алуға болады (https://itunes.apple.com/ru/app/kazahskieemodzi/id1155647919?mt=8). 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста