Танымал актриса Жания Джуринская ғашықтар күніне орай күйеуімен бірге түскен романтикалық суреттерін желіге жариялады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
14 ақпан күніне орай ғашықтар романтикалық суреттерін жариялады. Сондай-ақ, жұлдызды жұп сүйісіп тұрған сәттерін де түсіруге ұмытпаған.
"Мен бір түс көрдім: Данияр сондай тас және үлкен мейірімді алып, ал мен кішкентай әрі құдіретті ертегімін. Ол мені аспанға көтеріп, кең алақанында тұрып, қолдарымның қозғалысымен мен айналамдағы қалалар мен империяларды салып жатыр екенмін", - деп жазды Жания Джуринская.
Бұл фотосессия біріне ұнаса, біріне ұнамады.
"Мен де осындай жұбымды жүздестірсем екен", "Соңғы сурет тіпті ғажап", "Маған көбінесе Сая ұнайды, ол сабырлырақ" "Бұлар неге таласып отыр екен, а?", - деп пікір қалдырды желі оқырмандары.