«Қазақстан дауысы» енді тікелей эфирде

«Қазақстан дауысы» енді тікелей эфирде

«Қазақстан» ұлттық арнасында қыркүйек айынан бері көрсетіліп келе жатқан «Қазақстан дауысы» теледуманы желтоқсанның 15-інен бас­тап тікелей эфирде өтетін болады», – деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.
Үміткерлердің көмейінен шыққан әрбір дыбыс, олардың жүріс-тұрысы мен сол сәт­­тегі көңіл күйі тайға таңба басқандай кө­рер­меннің көз алдында өтпек. Қазақ­стан­дықтар жобада қалған 32 үміткердің ішінен өзі ұнатқан әншіге SМS арқылы да­уыс беру мүмкіндігіне ие болады.
15 желтоқсан күні әр тәлімгердің тобынан төрт әншіден, яғни барлығы 16 үміткер өнер көрсетеді. Әр топтан екі үміт­кер ғана келесі кезеңге жолдама алады. Олар­дың бірі көрермен дауысының қоры­тын­дысы бойынша өтсе, екіншісін тәлімгер таң­дайды. Осылайша, әр топтан екі өнер­паз жобамен қош айтысады.
Тікелей эфирдің алғашқы күнінде Алмас Кішкенбаевтың тобынан бірінші бо­лып өнер көрсететіндер: Ару Әуезова, Аза­мат Мәдуәлиев, Бердібек Құлғараев, Әл­і­бек Сұрабалдинов.
Алмастың тобындағы осы үміткерлер­дің өнерлерін Мәдина Сәдуақасованың тобы жалғастырады. Олар: Айнара Айтқа­лие­ва, Гүлсім Макетова, Әділ Ахметжанов, Толғанай Пазылақын.
Ал Медеу Арынбаевтың тобынан алғаш болып өнер көрсететін үміткерлер: Санда, Жанғали Әбішев, Жанна Верещак, Айнұр Арашапова.
Содан соң тәлімгер Нұрлан Албанның тобы сахнаға шығады. Олар: Гүлжиян Ос­­пано­ва, Күлайым Қайырбаева, Ша­хари­­зат Сей­дахмет, Салтанат Меңді­ға­лиева.
Тікелей эфирдің алғашқы күні өнер көр­сеткен 16 өнерпаздың сегізі ғана келесі кезең­ге жолдама алады. Көрермендердің дауысын аз жинаған өнерпаздар жобадан ш­ығып қалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста