Қазақша көйлек киген қыздардың қолында темекі...

Қазақша көйлек киген қыздардың қолында темекі...

Ұлыстың ұлы күні көже ішіп, тыңқиған қарынды тыр-тыр қасумен ғана есте қалатын күн емес. Күн мен түннің теңесуі сияқты табиғаттың тылсым сырын айтпағанда, Самарқанның көк тасы еріп, соған орай бір-бірімен бет шайысып, тіпті ат құйрығын кесіскен жандардың өзі қайта татуласатын тағы бір қырын білеміз. Ал енді адамдардың күнделікті тіршілігінде осы күні ойламаған жерден бір қызық орын алуы мүмкін бе? Әрине! Олай болса, сондай оқиғалардың бір-екеуін тізіп көрелікші.

Ә дегенде, ел-жұрттың не істеп, не қойып жатқанын қазір алыстан іздеудің қажет жоқ. Әлеуметтік желілердегі парақшаларға үңілсек болғаны...

Той үстінен тура перзентханаға тартып тұруға тура келді!

Журналист Сандуғаш Баймаханқызының мына жазбасына елең етпеу мүмкін емес: «Сәлем, достар! Әз-Наурыз құтты болсын! Ұлысты ауылда тойлаймыз деп байланысқа енді шығып отқан жайым бар. Шынында дәл кешегі күн өмірімде ұмытылмастай ғажап болды! Ағайынымыз келін түсіріп, күндіз қарбалас боп құда күттік. Кешкісін екі жастың тойын тойладық! Әдейі ұлық мерекеге туралаған салтанатта әдемі ақ баталар мен жүрекжарды тілектер төгіліп керемет боп жатқан. Кенет, үйдегі келінімнің (туған ажыным ғой) толғағы мезгілінен бұрын басталып, тура той үстінен перзентханадан бір-ақ шықтық. Көпшіліктің қалауымен, өзімнің ниетіммен перзентханаға келініммен серіктес боп кіріп, бірнеше сағат бойы бірге толғаттым ғой Адамнан адам шығу оңай ма?! Ауруханадағы жүкті әйелдердің толғақтан қиналғанын көріп, ойбайлаған дауысын есту де адамға сын. Алла тағала босанған әйелдің бар күнәсі кешіріліп, жаңа туған сәбидей пәк болатынын бекерге сүйіншілемесе керек! Сонымен, өмірімде бірінші рет баланың дүниеге келуіне куә болдым. Шүкір, Алладан жеңілдігін сұрап жасаған дұғамыз қабыл болып, өмірге тағы бір қазақ келді! Соншама сағат қиналыстан кейін кейін шыр етіп туған шақалағын кеудесіне басып қуанған ананың сезіміндей қуатты сезім жоқ шығар! Жұмақтың иісіндей жұпар аңқыған баланы иіскегенде өзімнің де алпыс екі тамырым иіп салғандай болды! Осылайша, қайным үш қыздан кейін ұлды болып, дүниеге атұстары келді! Күллі бір әулет Ұлыс күні сондай қуанышқа бөлендік! Бар қазаққа сондай бақыт, қуаныш тілеймін! Көбейіңіздер! Бастарыңызбен бірге берекелеріңіз де артсын! Бұл өмір сондай ғажап!!!

1,5 тонна Наурыз көже, 2,5 тонна бауырсақ, 900 литр қымыз... 

Ұлыстың ұлы күні Павлодардан осындай «есеп» әзірлеген де әріптесіміз Ақмарал Есімханова. Игілікке жайылған қазақтың ақ дастарханынынан әр павлодарлық дәм татқан. Мынау сол ас та төк тойдағы ел-жұрттың іс-әрекеті.

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек, көк түтіндетіп тұрғаны кенет...

Әншейінде ұлттық киім кие бермейтін қыздар басқа басқа Ұлыстың ұлы күнінде құлпырып шыға келеді. Алайда үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген қыз кенет тосын қылық танытса ше? Мәселен, жұрт көзінен тасалау жерге шығып, көк түтінді будақтатса... Кеше Алматы көшелерінің бірінен әлдекім осындай сәтті сырт ектізіпті. Әлеуметтік желі жұртшылығын шу еткізген осы фото болды десек, қателеспеспіз, сірә.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста