Қазақ журналистикасын мылтық аузындағы майданға теңеймін

Айтбай СӘУЛЕБЕКТЕГІ, журналист:

– Сіздің үш кітабыңыз да «Махаб­ба­тым менің», «Жүрек­тегі махаббат», «Ма­хаббатым – өз жүрегім» деп ата­лады. Сізді «Махаббат жыршысы» де­сек те болғандай.
– Онда тұрған не бар? Ұлы Абай ата­мыз «Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар!», «махаббат – адамның адам­шылығы» демеп пе еді?!
Мен ешқашан да өзімді ақынмын деп айтқан емеспін. Өйткені әрбір қаламгер­дің бағасын халқы ғана береді. Сондықтан шама-шарқым жеткенше адамгершілік, махаббат тақырыбына қалам тартатыным рас.
Жас кезімізде байқай бермейміз бе, әй­­теуір, ұнатқан қызға деген құштарлықты бәрінен артық көреді екенбіз. Ал, шы­н­ды­ғында, ананың баласына деген ма­хаб­ба­тынан артық ештеңе жоқ деген тұжырымға тоқтадым. Әр баланың да анасына деген махаббаты ерекше болуы қажеттігін кеш түсіндім. Өзімді жанынан артық көріп, беріліп сүйген анашыма тірі кезінде дәл сон­дай сүйіспеншілікпен жауап бере ал­ма­ғаныма өкінемін. Сон­дықтан қайсыбір жас­қа болсын алдымен анаңды сүйе біл, ана­сын сүйген адам басқаны да сүйе ала­ды дер едім.
– Журналистикаға қалай тап болдыңыз?
– Қалам дегеннің құдіреті тегеурінді екен. 5-сыныптан бастап өлең шығаруға тал­пынсам да, өзімнің сүйікті ісім – фут­болшы болуды армандадым. Содан бастап КСРО-да аптасына алты рет шығатын жал­ғыз газет – «Советский спортты» жаздырып ал­дым. Әлемдегі азуын айға білеген хок­кей­шілердің аты-жөнін, бойының ұзын­дығын, салмағын, қанша шайба соқ­қан­ды­ғын жатқа білдім. Жанымдағы спорт­құ­мар достарыммен бірге атақты футбол клуб­тарын, олардың шебер ойыншыларын сұ­рақ-жауап түрінде қайталағанды әдетке ай­налдырдық.
Антон Чехов тәрізді дәрігер болып жү­ріп, жазушылықпен шұғылдануды да ой­лас­тырдым. Амал не, журналистика бәрін де жеңіп шықты.
– Содан ҚазМУ-дың журфагына тү­суге талаптандыңыз...
– Алғашқы жылы Доссордан келіп, ме­німен өмірлік дос болған Мақсат Тәж­мұ­рат екеуміз бір балымыз жетпей, ауы­лы­мызға қайттық. Ол – мұнайшы, мен құ­ры­лысшы болдым. Келер жылы тағы да бақ сынадық. Тағы да бір балға таластық. Мені Тартоғай орта мектебінің Мақтау гра­мотасы студент атанатын 50-дің 49-ын­шысы етіп тіркетті де, Мақсат досым басы сал­бы­рап батысқа қайтты. Содан үшінші жы­­лы талабына жетті. Ол кезде, өзіңіз білесіз, жур­налистика факультеті Қазақ­стан­да жалғыз болатын. Бір орынға 10-11 та­лап­кер сынға түсетін. Қиынның қиыны осы еді.
Тұзым жеңіл болды ма, көзге түсіп қала бе­ретінмін. Комсомол жиналысына бар­ма­саң да, репетицияға қатыспасаң да, ауыл­­дан кешігіп келсең де, жатақханаға түн­­делетіп жетсең де, несін айтасыз, әй­те­уір, Темкең «тепкілеуді» ұнатады білемін, «қа­­ра тізімге» іліктіріп жіберетін. Екі-үш рет жи­­налысына бармағаным үшін комсо­мол­­дан сыртымнан шығарып жіберді. Енді оқу­­дан шығуым ғана қалды. Кім алып қал­­­ды дейсіз бе?
Несін жасырайын, қазақтың белгілі ақы­­ны Жарасқан Әбдірашев ағам Қо­жа­кеев­ке кіріп, келістіріп шықты. Бұл 5-курс еді.
Бірақ Темкеңе өмірде ренжіген емес­пін. Ол кісі дұрыс істеді. Ілгері жылы Қаз­МУ-да өткен кездесуде біздің топтың ста­рос­тасы болған Мұхтар Құл-Мұхаммед «Тем­кеңнің тепкісі көп студентке пайда­сын тигізді, әйтпесе, Айтбай сияқты жас ақын жақсы өлең шығардым деп, бір-екі апта оқуға келмей қояр еді» деген болатын. Бұл – шындық. Мұхтар досымның да шекесі шыл­қылдаған жоқ. Неге екендігін қай­дам, 4-курста жүргенде Темкең «бес» деген бағадан көз ашпаған ең алғыр, ең озат сту­дент Мұхтарға «үш» қойып, өзін жа­тақ­ха­надан қуды. Оқудан шығаруға да тал­пы­ныс жасады, білемін. Біз болсақ Қо­жа­кеевтің келекесіне бой үйретіп алғанбыз, Мұхтарды жұбатып қоямыз. Азамат қой, Мұхтар Темкеңнің 70 жылдығында кітабын шы­ғарып берді. Зор құрмет көрсетті. Бү­гін­де Темкеңнің «тепкісін көрген» жур­на­лис­тердің тізімін жасасаңыз, про­фес­сор­дың назары тек мықтыларға түскенін бай­қар едіңіз.
– Өзіңізді журналист ретінде оқыр­ман қауымға кеңінен таныстырған  қай басылым болды?
– 1970 жылдары ҚазМУ-да радиожур­на­листикадан дәріс оқып, «Алматыдан сөй­леп тұрмыз!» деген құнды кітап шы­ғар­ған, талантты журналист, ғалым Ра­ма­зан Сағымбеков ағамызға екі дүниеде де ыр­замын. Студент болып жүрген шағымда үш жыл бойы «Орталық Қазақстан» газе­ті­нен өндірістік тәжірибеден өттім. Сонда мені екі айға штатқа тілші етіп жұмысқа қабылдап, жалақы берді. Мені студент емес, журналист ретінде қалыптастырды. Қызметке шақырды. Арнайы жолдамамен келуін келдім ғой, бірақ екі апта бұрын обком бюросында қызметінен босатыпты. Сөйтіп, газетші болып мамандандырылған сорлы басым амалсыздан облыстық те­ле­ра­дио комитетіне жұмысқа тұрдым.
Біздің кураторымыз, ғылым докторы, профессор, журналистикаға орасан еңбек сіңірген Намазалы Омашев ағам да – ме­нің өмірімдегі айрықша ұстаздың бірі. Алай­да мен үшін «Лениншіл жастың» жөні бө­лек. Кейіннен «Жас Алаш» болды. Мен бұл редакцияда 14 жыл еңбек еттім. Қазақ жур­налистикасының «алтын ордасы» бол­ды. Келер жылы осынау қасиетті рухани ұс­тахананың ашылғанына 90 жыл толады екен. Жалпы, журналист жан-жақты болуы үшін тек бір редакцияда ғана емес, журна­лис­тиканың әр саласында жұмыс істей білуі шарт дер едім. Үш жылдан астам тә­уел­сіз газетті, бір жыл әдеби-танымдық жур­налды шығардым. Сондағы айыр­ма­шылығы мынада: егер де құрылтайшың ер­кіндік берсе, жекеменшік басылымда өзің қожайынсың. Ұлттық мәселелерді қанын сорғалатып тұрып жариялайсың. Әділ­дік іздеп шырылдап жүрген, жылап жүрген жандарға дем бересің. Көкірегіне тұнған запыранын, зарын халыққа, әрісі басшыларға жеткізуіне дәнекер боласың.
Егер де әлдебір ізденуші жас журналист «Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз газеттер нендей мәселелерді қозғады екен?» деген тақырыпта зерттеу жүргізетін болса, мазмұнды да құнды, әрі қызықты материал тапқан болар еді... Көптен бері сол кездегі ұлттық проблемаларды, қандастарымыз­дың жанайқайын паш еткен, өткір сын­дарлы мақалалардың басын қосып, екі том­дық жинақ шығарсам деп ар­ман­да­ғаныммен, қаржысы құрғыр қолбайлау бо­лып, дәрменсіз күй кешудемін.
– Қазіргі қазақ журналистикасының бе­талысына нендей баға бере ала­сыз?
– Қазақтың аяулы перзенті Төлеген Ай­бергенов ақынды қоғамның барлық жа­расының аузында тұрған, қоғам үшін жа­уап беретін, халық үшін жаралған, қажет болса ештеңеден тайынбайтын, қайт­пас та қайсар жанға теңеген екен. Өкінішке орай, «нарық» атты екі жүзді қылыш жарқ-жұрқ етіп ойнақтап шыққалы бері көптеген ақындар таудай тауқыметті ауырсынды ма, әйтеуір, шындықты айтқан үнін халқы естуден қалды. Оның есесіне ақиқат алаңына жалынды журналистер жарқылдап шықты. Сондықтан қазақ журналистикасын мылтық аузындағы майданға теңеймін. Ал журналист – қауіп-қа­­­терден қаймықпай, шындық үшін шы­рыл­дап жүрген батыл жан. Көптеген әкім­дер­дің, министрлердің Тәуелсіздік үшін ора­сан еңбек сіңірген журналист әріп­тес­те­рімді бағалай білмейтіндігі қынжылтады мені.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста