Қазақ жігіті мен қырғыз қызының махаббаты туралы фильм азиялық «Оскарға» ұсынылды
Қазақстандық «Күрке» фильмі әлемдік деңгейдегі кинофестивальдердің бас жүлдесіне ұсынылды. «Күрке» деп аталатын арт-хаус жанрындағы көркем фильм Австралияда өтетін «Азиялық Оскар» дәрежесіндегі өнер байқауының шорт-парақшасына енген.
Картина бұған дейінде ТМД, Еуропа және Азия елдерінде бірнеше кинобайқауларда үздіктер қатарынан табылған. Фильмге қазақ жігіті Сапар мен қырғыз қызы Айшүрек арасындағы ғашықтық сезім арқау болған. Мал бағып жүріп танысқан екі жастың күрке ішіндегі өмірі шебер суреттеледі. Картинаның табиғаты ерекше. Фильм көрерменді үнсіз отырып күлдіреді, үнсіз отырып ойға батырады, - дейді режиссер. Фильм қазақстандық көрермен назарына келесі жылдың басында ұсынылады.
Кенжебек Шайқақов, қоюшы режиссер:
Бұл мен үшін үлкен дәреже болып отыр. Өйткені ең алғашқы, дебюттік фильмім. Режисер ретінде тырнақалды туындым. Фильмім Австралияда өтетін үлкен кинофестивальге номинант болып, енді ең үздік сценарий номинациясында тұр. Қазақстаннан осы фильм бекітіліп отыр. Енді жиырмасынан кейін сол Австралияға жол жүргелі отырмыз.
astanatv.kz