Қазақ тілімен тас қашауға болады
Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, текемет оюға болады-ау! Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуан шекер-балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне!.. Осындай майса сұлу тілді қалай өгейсітуге болады?
Нұртас ОҢДАСЫНОВ
* * *
Нұртас Оңдасынов
(1909 -1989)
Мемлекет және қоғам қайраткері, 1938-1951 жылдар аралығында ҚазССР Министрлер Кеңесінің және Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы, 1954-1955 жылдар аралығында ҚазССР Жоғары Кеңес президиумының төрағасы қызметтерін атқарған. Н.Оңдасынов сондай-ақ ғылыми-шығармашылық жұмыстармен де айналысқан. Әсіресе тіл білімі ғылымына ерекше еңбек сіңірген ол арабша-қазақша, парсыша-қазақша сөздіктер мен әр елдің мақал-мәтелдерін қазақ тіліне тәржімалаған.