Қазақ романстары іріктелмек

Қазақ романстары іріктелмек

Таяуда Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Тұңғыш Президентінің қоры қазақ романстары циклын құруға байқау жариялады. Байқауға жасы 18 бен 40 жас аралығындағы Қазақстан аза­мат­тары қатыса алады. Сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарының композиция кафедрасының студенттері мен түлектеріне де байқауға қатысуға мүмкіндік бар.

Бекітілген ережеге сәйкес, қаты­су­шы­лар мемлекеттік тілдегі 4-7 әндік туын­дылардан тұратын романстар циклын ұсынулары керек. Өтініш биылғы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады. Іріктеу комиссиясының құрамына Қа­зақ­стан Рес­публикасына еңбек сіңірген өнер қай­раткерлері, ҚР тұңғыш Президенті қо­ры жанындағы Жастар шығармашылық кеңесінің мүшелері және ұйымдастыру комиссиясының мүшелері енген. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйақыға ие бо­лады. Байқау қорытындысына орай, I орынға – 300 000 теңге, II орынға – 200 000 теңге және III орынға 100 000 теңге сыйақы тағайындалған. Ал дипломаттар 50 000 теңгеден алмақ. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жұмыстары «Таңдаулы романстар» жинағына енгізіледі деп жос­парлануда. Қазақ романстарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқаудың негізгі міндеті – ұлттық дәстүрлердің орын­далуын сақтау және қайта жаңғырту, отан­дық сазгерлерге қолдау көрсетіп, отан­дық ән туындыларын жасау, жаңа да­рынды сазгерлерді анықтап, олардың шығармашылығын халыққа таныту.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста