Қазақ қыздарының «Қос бұрымы» таныстырылды

Қазақ қыздарының «Қос бұрымы» таныстырылды

Поэзияда шекара болмай­ты­­нын қазақтың ақын қыз­дары тағы бір дәлелдеді. Еліміз­дегі бірқатар ақын әпке, замандастарымыз бен қарт Тарбағатайдың арғы бетінде өмірге келген қазақтың қара өлеңге құмар алты қызы бірлесіп жаңа кітапты жарыққа шығарды.
«Қос бұрым» деп аталатын жыр жина­ғын қалың көпшілікке ақындар Несіпбек Айт­ұлы мен Серік Тұрғынбекұлы таныстыр­ды. Қазақстан-Ресей университетінің Абай­тану орталығына жиналған қауым ал­дын­да сөз алғандар жаңа кітапқа өлең­дері енген ақындарға арнап құттықтау сөз арнады.
Несіпбек АЙТҰЛЫ, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын:
– Қазақта ақын қыздар көп. Жалпы, өнер тұтас дүние болғандықтан, ерлердің немесе қыздардың поэзиясы деп бөлуге болмайды. Қазір қолына қалам ұстағанның бәрінің өлеңі жерде қалмайды. Халыққа жетіп жатыр. Бұрындары Сара Тастамбек­қызы сияқты қазақтың ірі ақын қыздарының өлеңдері тіпті тасқа да басылмай қалған. Оның қасында бүгінгі күнімізге шүкіршілік айтамыз. Қазақ қай елде тумасын қазақ болып қалады. Біз шекараның арғы бетінде туып-өскендерді бөле-жармаймыз. Мына «Қос бұрым» жыр жинағының шығуы мені қуантып отыр. Бейне бір бір шаңырақтың астында отырғандай. Ақын қарындастары­ма сәттілік тілеймін!

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын:
– Поэзияға келген әрбір қазақ қызының өзіндік орны, аты бар. Фариза қазақ­тың қара өлеңінің қыраны болса, Марфу­ға­ны аққуы деп білемін. Ал Ақұштап – поэ­зия­ның қаршығасы. Осындай ақын апа­ларыңыз­дың жолын берсін!

«Қос бұрым» жыр кітабына қаламы ти­ген ақындар – Қытайдың Тарбағатай ай­ма­­ғы­на қарасты Дөрбілжін елді мекенінен кел­ген, салық инспекциясында қызмет істе­­се де, әдебиеттен алшақтамаған Аман­гүл Мұратбекқызы, ұстаз Айгүл Нұрышқы­зы, Семей қалалық ақындар мектебін бас­қа­­рып отырған Дәмеш Омарбаева, Л.Гу­­мил­ев атындағы ЕҰУ доценті, ғалым Сәр­уар Аблашқызы, Танакөз Толқынқызы және Асылзат Арыстанбекқызы.
Қытайда өскен қандастар туған елге де­ген сағыныштарын өлең-жырларымен жет­­кізсе, Тарбағатай аймағынан жеткен те­ле­журналист әрі әнші Жасталап Мүтихан­ұлы «Сәлем саған, Астана!» атты патриот­тық әнді көпшілік алдында орындады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста