Қазақ қалай өз атынан алшақтап барады?

Қазақ қалай өз атынан алшақтап барады?

Адамның өзі таңдай алмайтын, алайда шыр етіп дүниеге келгеннен шыбын жаны кеудеден шыққанша қасынан бір елі қалмайтын бір серігі бар, ол – аты. Есіміз әлі кірмеген шақта оны бізге ата-әже, әке-шеше, туған-туыс, қала берді, көрші-қолаң еншілеп береді. Сол сәтте тағдырымыз таразыға түсіп жатса да, түк ештеңе істей алмайтын қорғансыз күйде болатынымыз қандай өкінішті... Азан шақырып ат қояр тұста сол қаумалаған қауым жай әншейін бір қызыл шақаға ғана ат қойып жатырмын деп ойлайды, ал анығында, сол сәтте тұтас ұлттың құжатына үлес қосатынын біле бермейді-ау... Әсіресе, қазіргі қазақ есімдерін естігенде осылай ойламасқа лажың қалмайды.
Анэля, Согдианна, Райан, Надия, Томирис, Ефрат, Таис, Сулейман... Аталған есімдердің қайсысын бол­сын естігенде бірден қазақ деп қабылдай алар ма еді­ңіз? Бұл аз десеңіз, «әбду» деп басталатын есімдер та­ғы бар. Айнұрдың – Айнура, Айманның – Аймана, Әй­герімнің – Айгера болып жүргені өз алдына... «Жумонг, үйге кір, шай іш!» деп баласын ша­қыр­ған­дарды да естіп жүрміз. Аулаларда Ферхунде мен Бе­ри­вандар да ойнап жүр. Тәуелсіздік алдық, енді өз еркіміз өзімізде дегенде, еркіндікті осылай түсінгеніміз бе? Затымыздың қазақ екенін неге атымыздан-ақ аң­ғар­туға ұмтылмаймыз? Неге Абай, неге Міржақып, неге Қажымұқан емеспіз? Жумонг ержүрек батыр шы­ғар, қаһарман қолбасшы да екені даусыз, бірақ ол қазақ­қа кім? Қазаққа ханзада емес қой. Естіген құлақ­қа жат есімдер қазаққа қайдан келді? Неге біз өз аты­мыз­дан гөрі өгей аттарға құмармыз?
Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
Қазақ қазір «басқа Ыбырай»
– Қоғамда осы Тәуелсіздіктен бері үлкен трансформациялар орын алды. Ең бірінші, қазақ қазақтанды. Мысалы, бұрын орысқа жақындығымыз атымыз­дан-ақ білініп тұратын. Қарапайым ғана мысал, біздің үйде әкемнің ініле­рінің суреті ілулі тұратын, бірақ жақында ғана аңғардым, астында өздерінше орысшалап алған аттары жазулы тұр екен. Ал, шындығында, бірі Әбдіғаппар, Бейсекбай секілді таза қазақы аттар ғой. Екіншіден, қазақ мұсылманданды. Бұрын еліміз бойынша 10 мешіт болса, қазір 2 мыңның үстінде. Қазақ қала жұрты болды. Аз дегенде 56 пайыз қазақ қалада тұрады. Бұрын қалаға енді келген қазақ әр пәтерде қаңғып жүрсе, қазір ортанқол қазақтың 2-3 пәтері бар, сенсеңіз. Яғни бұл – ұлты­мыз­дың басқа әлеуметтік статусқа көте­рілгенінің белгісі. Қазақ – жекеменшік иесі. Кедейшілік, жоқшылық жоқ енді­гіде. Қазақ ел көрді: Египет, Араб Әмірлік­тері, АҚШ, Еуропа елдері бар ма, барлығына қазақтың аяғы жетті. Кейбіреуі шетелде оқыды. Аз бөлігі шоқынды да, өкінішке қарай. Сонымен, қоғамда жаңа генерация пайда болды. Мұның бәрін неге айтып отырмын? Себебі заты, тұрмысы қандай болса, ол міндетті түрде атымызға да әсер етеді. Жаңашылдық жаңа атауларды талап етеді. Есіңізде бар ғой, Бейімбет Майлиннің «Кімсің? Ыбыраймын!» деп екі түрде көрсетуші еді ғой. Сол секілді қазақ – қазір басқа «Ыбырай». Дәулет адамға статус береді, дәулетті адам өзін сыйлайды. Оның өлшемі басқа. Міне, басқа «Ыбырай» дегенім, рөлдік-функционалдық көксеулер пайда бол­ды. Бай қазақ баласын «бәленшеқұл» деп атамайды, Жарасбай деп те қой­май­ды. Оған ерекше естілетін, естіген жұрт елең ететін ат керек. Сондай-ақ санамыз өсті. Бұрын, мәселен, Индира деген ат сән болса, оны мұсылмандар жақсы көрмейді екен. Ол атты енді қоймайтын болды. Қазақ – намысшыл. Сондықтан көксеулердің көкжиегінің көтерілуімен есімдер де өзгереді.
«Айманалар» қайдан шығады?
Жалпы, ат қоюда ұлттық негізден ал­шақ­тауға нендей жағдайлардың әсер ететініне біз психологиялық ракурсынан да қарап көрсек. Психолог мамандар не дей­ді?
Әбдуәлі МАМӘДІЛ, психолог:
– Қазақ бола тұра, өз тілінде сөйлемегеннен кейін, менсінбегеннен кейін Айманды – Аймана, Жанарды – Жанара қылмай қайтсін? Психологияда «комплекс неполноценности» деген ұғым бар, яғни өз қадірімізді өзіміз білмейміз. Міне, бар мәселе осында, ұлт ретінде өзімізді төмен бағалаған, оған белгілі бір мөлшерде күнделікті телеарналардан көрсетіліп жатқан телесериалдар мен түрлі бағдар­лама­лар әсер етуде. Өз арналарымыз өзіміз­ге қарсы қызмет етіп, санамызға қала­ға­нын егіп жатыр ғой.
Жалпы, кісі есімі өзі өмір сүрген қоғам­ның әлеуметтік ахуалынан да хабар береді. Бір замандарда Махмут, Ибраһим сынды аттар көп болды, ол діншіл қоғам болып еді. Қазіргі кезде қазақ балаларының бразилиялық, америкалық есімдермен аталуы біздің идеологиямыздың қандай екендігін көрсетіп отыр.
Саясаттанушы ғалым Әзімбай Ғалидың айтуынша, бүгінде сондай-ақ баласына екі ат қоятын шоқынған да қазақтар пайда болыпты. Бірі – қазақ шошымас үшін атай­тын қазақша аты, екіншісі – құжаттағы шын аты. Ал, жалпы, қазіргі қазақ есімдерін бір­неше жікке бөліп қарастыруға болатын­дай:
1. Батысқа еліктеушіліктен туған есімдер. Мұның ең басты себебі – қазіргі кездегі стереотиптің өзгеруінен. Яғни бүгінде немісті Германияға, ағылшынды Британияға барып көрген көпмәдениетті қазақтар түрліше аттарды естиді де, балаға ат қоярда сол көпті көргендерін танытқысы келеді;
2. Плюралистік ислами көзқарастар­дан туған есімдер. Рабия, Әмина, Мұхам­мед, Сулейман, қала берді, Кәусар мен Аңсар есімді сәбилердің көбеюі қазіргі қоғамда исламның жетекші ықпалы­ның күшейгенін аңғартады;
3. Тарихи түп негізге қайта оралудан туған есімдер. Тәуелсіздігімізді енді алған тұста бізде «жаңа қазақ» болуға ұмтылып, ескі қазақты «Мырқымбай» санау үрдісі пайда болған. Олар балаларына түрлі батыстық аттар қойды. Еліктеді. Бірақ қарап отырсақ, орыстар «новый русский» дегеннің мәртебе емес, керісінше, ұят, түп-тамыры орыс болудың одан әлдеқайда мықты екенін біліп, соған көшіпті. Содан қазақтар қазақылыққа қайтып оралды да, енді ұл туса, Ерасыл, Райымбек, Әлихан, ал қызына Қызжібек, Айғаным секілді қазақы аттар беруге ден қойды. Алайда бұл – азшылық топ. Жаппай қазақ қашан өз қадірін біліп, баласына өзге біреудің «қаңсығын» таңсық ат қылып қоюын тоқта­тар екен?

Оқшау ой
Шетелге еліктеп боғауыз есім қоюды қойыңыздар, қазақтар... Бір қазекем теледидардан "Риголетта" қойылымын естіп қалып (көріп емес, қазекем балет, операны көріп не қылсын!) мынау күшті есім екен (звучит, Ри-го-лет-та!) деп, сол тұста дүниеге келген шаранаға Риголетта деп ат қояды. Өсе келе, көркем қызымыз – Риголетта бикеш шетелге шықса, ныспысы үшін әбден ұятқа ұшырайды. Атына бола ата-анасын қарғауға дейін барады. Сөйтсе, риголетта деген "ақымақ, жынды, алаңғасар, миғұла, суми" деген мағына береді екен...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста