Қазақ Қадырын еске алды

Қазақ Қадырын еске алды

Алматыдағы Абай атын­дағы Опера және балет театрында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлтымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әліні еске алу кеші өтті. Оны Мәде­ниет және ақпарат минис­трлігі, Алматы қала­сының әкімдігі, Жазушылар одағы мен «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Алаштың атпал азаматына деген ықыластың нышаны шығар, жырсүйер, өнерсүйер қауымға лық толған залда ине шаншар жер болмады.
Осыдан бір жыл бұрын Алаш жұрты ардақтаған ұлы ақын мәңгілік мекенге сапар шекті. Алып жүрек тоқтағалы – бір жыл. Сонау алпысыншы жылдардың басында қазақ өлеңіне жанартау болып келген Қадыр Мырза Әлі – қазақ поэзиясын­дағы шын мәніндегі құбылысқа айналды. Қазақ жырының интеллектуалдық-көркем­дік дең­гейінің биіктеуіне айрықша еңбек сіңірген ол поэзияда философиялық таным мен тағылым қалыптастырды. Кезінде ақын­ның суреткерлік болмысына биік баға бер­ген академик Зейнолла Қабдолов: «Қа­зіргі қазақ поэзиясын көпдауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар. Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сы­ры терең» десе, ақиық ақын Мұқағали Мақа­таев өз замандасының бойындағы дара қабілетті былайша бағалайды: «Қа­дыр – найзағайлы ақын. Дәуірдің, уақыт­тың өзі жаратқан өмір­шең ақын. Оның поэзиясы өзіміз сүріп отыр­ған дәуірмен мінез­дес». Арда ақын жөнінде сахнада алғашқы болып сөйлеген Жазушылар одағы басқармасының төра­ғасы, көрнекті ақын Нұрлан Оразалин былай дейді: «Қай дәуірде де қазақ халқы өзінің өмірдегі орнын, тағдырын, бақытын жырға балап, оны кие тұтқан. Жырды жаратушы ақын дейтін жұртқа әмсе төрден орын беріп, маңдайына жел тигізбей ұстаған. Со­ның ар­қасында қазақтың ұлт болып сақ­талуы бір ғасырдың емес, әлденеше ға­сыр­дың еншісіне түсті. Қадыр ақын – XX ға­сыр­дың бүкіл аласапыранын көрген, қиын­дық­ты бастан өткеріп, қуанышта қуана біл­ген ұлтының біртуары. Кейінгі жарты ғасыр­да Қадырдың қаламынан туған жырлар біз­дің есігімізді емін-еркін ашып, рухани қақ­памызды емін-еркін қағып, өлең өл­ке­сі­не, поэзия әлеміне құбылыс болып келді.
«Бастауын істің бастаймын,
Аяқтау қиын бәрінен,
Өлімнен әсте саспаймын,
Өмірдің қорқам кәрінен»
дейді ақын. Қадыр бұл өлең жолдарын жазғанда небәрі 25-ке де толмаған бозбала шағы екен». «Өлімнің өзі шамасы келмейтін тұлғалар бар. Қадыр Мырза Әлі – сондай тұлға! Қадекеңнің жыры мен қара сөзін алсаңыз да, тіпті афоризмін алсаңыз да, есте жоқ ескі заманның ұлыларынан бір мысқал кем емес. Меніңше, Мұқағали­дың, Жұмекеннің, Төлегеннің, Жұматайдың жаз­бай кеткен жырларын Қадекең бітірді. Ар­манда кеткен достарының сөзін жеткізді. Ұлы ақын-жазушылары бар қазақ та мәң­гі жасай береді», – деді «Өлке» бас­па­сының директоры Мереке Құлкенов.

Донеділ ҚАЖЫМОВ, «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры:
– Қадыр ағамыздың шығармашы­лығын қадірлейтін азаматтар бірігіп, 25 адамнан тұратын «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорын құрған жайымыз бар. Ондағы мақсатымыз – ақынның мол шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, жастар арасында ұлттық тәр­биеге пайдалана білу. Алға қойған жоспарларымыздың алды іске аса бастады. Қадыр Мырза Әлінің суреттерінен тұратын көрме ұйымдас­тырдық. Өзі көре алмай кеткен баспадағы 18 том­дық шығармалар жинағын жарыққа шығардық. Көзі тірісінде шыққан афоризмдер жинағы тарап кеткен екен. Соны қайта әзірлеп, халыққа ұсынып отыр­мыз. Қадыр Мырза Әлі өлең­де­рінен тұратын әндердің үнтаспасын да­йын­дадық. Республика бойынша бала­бақшаларда Қадыр ағамыздың бала­ларға арналған өлеңдері оқылатын бол­са, нұр үстіне нұр болар еді. Қазір соған жұмыс істеп жатырмыз.

Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің күй шашуымен басталған ән кешінде Шахмардан Әбілов, Дәлел Уәш, Сәуле Жанпейісова, Тұңғышбай Жаман­құлов, Әлия Әбікенова, Гүлмира Ақүр­пе­кова, Гүлнәр Дәукенова, Мақпал Жүнісова сынды өнер жұлдыздары Қадыр ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады. Сонымен қатар М.Әуе­зов атындағы Қазақ мемлекеттік академия­лық драма театры­ның «Сыған серенадасы» қойылымынан үзінді, «Ақсарай» мюзикл театрының қо­йы­лым­дары ел-жұртты бейжай қал­дыр­мады. Жас­тар жағы болса, алып ақын­ның өлең­де­рін мәнерлеп оқы­ды. Салтанатты кеш Ескендір мен Біржан Хасанғалиевтердің орындауындағы әйгілі «Атамекен» әнімен түйінделді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста