Қазақ операсына үңілу

Қазақ операсына үңілу

Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған театр зерттеушісі, өнертану кандидаты Амангелді Мұқанның «Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақ опера театры» атты монографиясы жарыққа шықты. Аталған ғылым ордасының 50 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай шығарылған кітапта қазақ сахна өнерінің тарихы, оның ішінде ұлттық опера жайында ой-талдаулар жарияланған.

              Абай ОМАРОВ (коллаж)
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығынан жа­рық көрген ғылыми жинақта өнер мен ғылым ортасында сирек айтылатын сахна тақырыбына барынша барлау жасалған. Бүгінгі қазақ сахна өнерін, ұлттық мә­де­ниеттің өресін күрделі жанр – опера және балет театрынсыз көз алдымызға елестете алмасымыз анық. Олай деуімізге кезінде 1936 жылғы қазақ өнері мен мәдениетінің одақ көлеміндегі ірі жеңісі Мәскеу қала­сындағы алғашқы онкүндігінде көрсеткен сахналық қойылымдарынан («Қыз Жібек», «Жалбыр») бастап, жалпы, ХХ ғасырдағы классикалық кәсіби сахна өнері мен музыкасының дамуын 75 жылдық тарихы бар Абай атындағы мемлекеттік ака­де­миялық опера театры шығармашы­лығы­мен тікелей байланысты. Сахна өнері­нің флагманы іспетті бұл театр репертуары бүгінде қайталанбас қойылымдарымен республика асып, аймақта танылды. Тәуел­сіз Қазақстанның символына айнал­ған Астана қаласында К.Байсейітова атындағы Қазақ опера және балет театры осыдан он жыл бұрын Елбасының арнайы жарлығы­мен дүниеге келген. Бүгінде бұл театр жас мемлекетіміздің бас қаласының мәртебесін көтеріп, еліміздің саяси және мәдени өмі­рінің орталығы рөлін баса көрсетуге, астана­лықтардың рухани-эстетикалық қажеттілігін өтеуге бағытталған елеулі мә­дени жобасы ретінде тарих бетіне жазыл­ды. Аз уақыт аралығында салмақты спек­такльдерімен, заманауи режис­сурасымен танылған өнер ұжымы күрделі ұлттық және әлемдік операларды игерді. Ал егемен еліміздің ең жас ұжымы Оңтүстік Қазақстан облысы орталығы Шымкент қаласында шаңырақ көтерген опера және балет теат­ры­ның тұсауы кесілгеніне бас-аяғы үш-ақ жыл. Кең-байтақ еліміздің халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірі халқын әлемдік, ұлттық классикалық опера және балет өнерінің інжу-маржандарымен су­сын­датып, бекзат өнер үлгісімен тәрбиелеу мемлекеттік тұрғыда шешілетін күрделі де қажетті шаралардың бірі. Осын­дай мін­деттер жүктелген жас театрдың алғашқы адымдары көңілге жылылық ұялатады.
Міне, осындай бірнеше ондаған жыл­дық дәстүрі бар іргелі театрдан бастап өнердегі қадамын қадап басып келе жат­қан жас өнер ұжымдарының бүгінгі шығар­машылығы, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі дәуіріндегі келбеті осы кітаптың зерттеу нысанасына айналған. Өзіндік ерекшелігі мол күрделі де қиын саланың даму жолы, жеткен шығарма­шы­лық та­быс­тары мен іркілістері жайлы да сөз болады. Институт директоры академик С.А.Қасқабасовтың кітапқа жазған алғы сөзінде: «Бұл – біздің театрдың төл тарихы. Ұнағанын алып, қалғанын тарихтың қоқы­сына сыпырып апарып, көме салу өткенге қиянат болмақ. Демек, жаңа дәуір театры­ның тарихы кешегі кезеңнің, біз пір тұтқан талантты тұлғалары қалап кеткен дәстүр жалғастығын сақтаған өнер орда­ларының жинаған барлық тәжірибелерінің негізінде өрілмек», – дейді.
Опера театрының ұстанған репертуарлық саясаты, қойылым режиссурасындағы ерек­­шеліктер, орындаушылық шеберлік мәселелері бүгінгі опера өнерін дамытудың өзекті мәселелеріне жатады. Осы салада аталмыш театрлардың атқарған жұмыс­тарында жылт етіп көрініс берген жаңа­лығын автор назардан тыс қалдырмаған. Еліміздің тарихында халқының тәуелсіздігі жолында елеулі із қалдырған қолбасылары мен талантты тұлғалары: сақтар пат­шайы­мы Томирис, қазақ мемлекетінің іргесін біріктірген Абылай хан, қазақтың жаны мен рухын ән-күймен көркемдеген, жауы­на уытты тілімен жебе болып қадалған Махамбет, Біржан сал секілді т.б. образдар галереясы көрерменмен қауышып, өткен­нен сыр тарқатады. Опера сахнасында қойылған туындыларда халықтың, мем­лекеттің өзіндік қайталанбас жолын табуға, азаттығын баянды етуге ұмтылған ізде­ніс­тері мен идеялық көзқарастары егемен елі­міздің асқан бел-белестерімен ұш­тас­тыра зерделеніп ой елегінен өткізеді.
Театр саласының білгірі, белгілі ғалым Амангелді Мұқанның бұл еңбегі – оның ал­дағы жазатын үлкен монография­лары­ның, зерделі зерттеулері мен ғылыми тұ­жы­­рымдамаларының басы. Ғалым архив­пен ғана жұмыс істеп қоймай, өз еңбекте­рін­де көріп-білген тәжірибесіне, ұлағат­ты ұстаздарының мектебіне сүйенері сөз­сіз.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерейтойы қарсаңында қолға алынған ғалымның бұл монографиясы түрлі-түсті суреттермен жақсы безен­дірілген. Ұлт өнері мен мәдениетіндегі елеулі құбылыс­тардың бірі – Тәуелсіздік кезеңіндегі опера театрының дамуымен шығармашылық келбетін, өзекті мәселе­лерін ашып тұр. Тақырып пен көтерілген мәселелер отандық опера театрларының бүгінін бағамдауға, ертеңгі бағыт-бағда­рына көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Кітап өнертану, мәдениеттану саласының маман­дарына, қазақ өнерінің тарихы мен теория­лық мәселелерін оқып үйренетін жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттеріне және жалпы жұрт­шылыққа арналған.

Дерек
Амангелді Мұқан театр саласын зерттеуге бірден келе қойған жоқ. Ол бұған дейін арнайы музыкалық білім алып, көптеген театр ұжымында, өнер мектептерінде дәріс оқыған. Ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын хор дирижері мамандығы бойынша аяқтаған. Бұдан соң Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін театртану мамандығы бойынша бітіріп, 1999 жылы М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспи­рантурасын бітіріп, театртану мамандығы бойынша білікті профессор Бағыбек Құндақбайұлының ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған. Бүгінде А. Мұқан Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, өнертану секторының модераторы, бас ғылыми қызметкері, театртану бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Ғалым – Қазақстан сахна өнері мен музыкалық театры, Орталық Азия театрларының өзекті мәселелеріне арналған бір монография мен 80-нен аса сын мақала, рецензия мен зерттеулердің авторы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста