Қазақ мүсіншілері кәріс әріптестерімен кездесті

Кезінде бір ғұлама «Адам бойындағы алпыс екі тамырды бойлай аққан қан секілді өнер де әлемді солай аралайды» деген екен. Рас, әсіресе көркемсурет, кескіндеме, мүсін секілді тілді қажет етпейтін, тек көзбен көріп, жүрекпен сезінетін өнер салалары тілі, діні, ділі басқа халықтардың басын біріктіре алады. Таяуда Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде көркемсурет, мүсін, кескіндеме өнерін дамыту мақсатында әлем бойынша білімді тереңдету мәселесіне арналған халықаралық симпозиум өткен болатын. Аталған жиынға Қазақстаннан бір топ жас суретшілер, қолөнер шеберлері, мүсіншілер қатысып қайтты. Еуропа мен Азияның, Араб елдерінің көптеген мемлекеттері қатысқан симпозиумда алғашқы халықаралық көркемсурет обсерваториясын Қазақстанда қалыптастыру туралы ұсыныстар айтылды.

Біздің елден барған делегаттар өздерінің өнерімен кәріс халқына өте жақсы әсер қалдырса керек, жақында Алматыға Кореяның Гуанчжоу қаласынан бірнеше жас мүсінші Қазақстан Суретшілер одағын арнайы іздеп келіп, еліміздің белгілі суретші, мүсіншілерімен кездесті. Шығармашылық байланыс орнату, тәжірибе алмасу мақсатында әлем елдерін аралап жүрген корейлік мүсіншілермен біз Қазақстанның еңбек сіңірген мүсіншісі Марат Әйнековтің шеберханасында кездескен едік. Қонақтар біздің еліміздегі әріптестерімен қолөнер тақырыбында әңгімедүкен құрды.
«Таңғы шық» аталып кеткен Корея мемлекетінің соңғы он жылда экономика, өнер саласында да биік шыңдарды бағындырғаны баршаға аян. Өз жерінде талай соғысты бастан өткеріп, мәдени құндылықтары жойылудың аз алдында қалған кәрістер көрші елдермен соғысып қана қоймай, мәдениетін де игеруге талпынды. Кореяда қолөнер біздің заманымызға дейінгі III ғасырда дами бастаған. Қытайдың әсері көп тиген Кореядағы көркемөнер өз заманында жапон мәдениетіне ықпал етті.

Чо Чан ХЕН, Кореядан келген мүсінші:
– Кезінде Корея өзге елдерден оқшауланып, басқа мемлекеттермен шығармашылық байланысы аздау болатын. Соңғы жылдары осы олқылықтың орнын толтырып, әлем елдерімен байланыс орнатуға тырысып жатырмыз. Қазақстанға да жергілікті халықтың тұрмыстіршілігімен, өнерімен, салтдәстүрімен танысуға келдік. Біз қазақ жерінде небір шебер мүсіншілердің, суретшілердің бар екенінен хабардармыз. Осы сапарымызда әріптестерімізбен кездесіп, пікір алмасуды жөн көрдік. Қазіргі таңда бұрынғымен салыстырғанда Кореяда өнерге мемлекет тарапынан орасан зор қолдау көрсетіледі. Халықтың дәстүрлі өнерін тамырынан ажыратпай, сонымен қатар жаһандану заманында да көштен қалмай, өркениетті елдердің қатарында көшбасшылардың бірі болу – бүгінгі мемлекеттік саясаттың басты қағидаларының бірі. Сондықтан біздегі өнер адамдарына мемлекеттің жасап отырған жағдайына кез келген адам қызығарлықтай деп мақтанышпен айта аламыз. Өнер иелерінің басын қосатын одақтар бізде өте көп. Ал шығармашылыққа келер болсақ, меніңше, қазақстандық әріптестерімізден біздің үйренеріміз мол. Болашақта түрлі мәдени жобаларды бірлесіп жасауда әріптес боламыз деп сенеміз.
Қазақстанда кәсіби мүсін өнерінің қанат жайғанына көп болмағанымен, өнерімен әлемді таңғалдырып жүрген шеберлеріміз аз емес. Жылда әлем бойынша тас мүсіндер, керамикадан жасалған бұйымдардың симпозиумы өтіп тұрады. Осындай жиындардың, көрмелердің барлығына Қазақстанның өкілдері қалмай қатысып тұрады. Айталық, ұлы Абай, Мағжан, Кенен, Қаныш секілді тұлғалардың бейнесін жасаған белгілі мүсінші Марат Әйнеков – Германияда, Польшада, Түркияда өткен симпозиумдардың лауреаты.

Марат ӘЙНЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген мүсіншісі:
– Кәріс бауырларымызбен біздің тамырымыз, тарихымыз бір. Сондықтан халықтарымыздың, соның ішінде өнер адамдарының бірбірімен жиі араласып, байланыста болғаны – құптарлық жайт. Ең алдымен, өнер адамы нарық үшін емес, рух үшін жұмыс істеуі керек. Өмір өтеді, бәрі қирайды, бірақ өнерден туған мүсіндер тарихтың айғағы болып қалады. Өнер иелерінің ұлты басқа, тілі басқа болса да, оларды   табыстыратын ортақ тақырып ешқашан таусылмайды. Нарықта, кәсіпте адамдар бірінбірі алдауы мүмкін, бірақ өнерде ешкімді алдай алмайсың. Мысалы, ұнамаған қойылымға ешқашан қайта бармайсың ғой, ал әдемі затты ылғи көргің келіп тұрады. Сондықтан халық өзінің өнер адамдарын еркелетеді. Мен Мәскеуде, Тегеранда орнатылған Абайдың мүсінін жасадым. Талай елді араладым. Сондағы көзім жеткені – бірінші орында мәдениеті мен өркениетіне көңіл бөлген елдің халахуалының да мықты болатыны. Болашақта Корея мемлекетімен тығыз байланыс орнатамыз деп ойлаймын.

Қай халықтың болсын интеллектісі сол елдің зиялы қауымының, өнер иелерінің деңгейімен өлшенетіні шындық. Рухы мықты ұлт қай салада да өзінің күштілігін көрсете алады. Жоқтан бар жасап, өздерінің мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге талпынған Кореяның экономикасы мен өндірісі, жаңа технологиясы бүгінде әлем назарына ілігіп отыр. Ал біздің атқамінер азаматтарымыз, өкінішке қарай, әлі күнге өз қалталарының қамынан аса алмай жүр. Сондықтан біздің шетелдіктердің аузын аштырып, көзін жұмдырған небір дарынды шеберлеріміз бір шеберханаға жарымайды. Мәдениетті өркендетуді шетелден әншібиші шақыру деп ұғатын шенеуніктеріміз ебін тапқан делдал продюсерлерге үйіптөгіп қаржыны төгеді де, өнер мен ғылымға келгенде сараңсып қалатынын қайтерсіз!

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста