Вьетнам Социалистік Республикасында Қазақстанның мәдени күндері өтті. Еліміздің өнер мен мәдениет саласының алдыңғы қатарлы майталмандары Ханойдың опера театрында салтанатты кеш өткізді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Вьетнам жұртшылығы алдында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқауларда лауреат атанған қазақ орындаушылары өнер көрсетті. Қазақтың халық музыкасы мен қазіргі заманғы әндері таныстырылды. Еліміздің мәдени делегациясын ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев бастап барды. Ол Вьетнамның мәдениет, спорт және туризм вице-министрі Ле Кхань Хаймен кездесіп, мәдениет саласындағы екіжақты қатынастардың дамуы мен екі ел арасындағы достықты нығайту мәселелерін талқылады. Салтанатты кешке Вьетнамның өнер мен мәдениет қайраткерлері, ВСР Президенті әкімшілігі, мәдениет, туризм және спорт, сыртқы істер министрліктері өкілдері мен қарапайым жұртшылық қатысты. Вьетнамда Қазақстанның мәдени күндері тұңғыш рет өтіп отыр. Бұл шараны өткізу үшін Қазақстан мен Вьетнам басшылары 2011 жылғы кездесу барысында арнайы уағдаласқан болатын.
Қазақ мәдениеті Вьетнамда болып қайтты
Последние статьи автора