Қазақ күйінің Рақымы еді...

Мақсат Тұрсынбайұлы (фото)

Қасиетті қара домбыраның асқан шеберлері, қазақ ән өнерінің қайталанбас дарынды тұлғалары Ғарифолла, Жүсіпбектердің алдын көрген белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рақым Тәжібайұлы дүние салды.
Рақым Тәжібайұлы 1946 жылы 28 ма­мыр­да Қытайдың Құлжа қаласында ту­ған. Оның аталары 30-жылдардағы нәубет кезінде шекара асып, көршілес Қытай жеріне барып тұрақтаған. Арада біраз жыл өткен соң, болашақ күйші 1955 жылы атамекенге, әке-шешесінің кіндік қаны тамған, сол уақыттағы Талдықорған облы­сы Жансүгіров ауданы (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы), Сағабүйен ауылына көшіп келеді. Осындағы мектепте сегізінші сыныпқа дейін оқып, одан кейінгі Қызыл­ағаш ауылындағы мектеп-интернатта білім алған. Рахымның домбыра аспабына деген қызығушылығы сол мектепте оқып жүрген кездерде қалыптаса бастаған. Оның осы талабын ерте аңғарған Сазанбай есімді туысы жас талапты өнерге баули бастады. Әйтсе де соғыстан кейінгі уақыттарда ел арасында баян аспабы кең тарап, Рақым­ның әуестігі соған ауып, ауыл адамдары оны «баяншы бала» атап кеткен. Мектепті жақсы бағамен тамамдаған жылы ол бас­па­сөз бетінен Алматыда республикалық эстрада-цирк студиясының ашылғаны ту­ралы хабарды оқып, құжаттарын алып, қалаға келеді. Әуелде өз қалауынша баян аспабы класына құжат тапсырмақшы бол­ған ол ақыры домбыраның қыр-сырын иге­руге бел буады. Жанашыр жандардың ақылымен алдымен Қазақстанның халық әртісі Рүстембек Омаровтан екі айдай ал­дын ала дәріс алып, дайындықтан өтіп, нәтижесінде домбыра бөліміне емтихан тапсырған 18 баланың ішінен жалғыз өзі оқуға қабылданады. Студияны аяқтаған соң ол Абай атындағы педагогикалық инс­титутында (қазіргі ҚазҰПУ) музыка пәнінің мұғалімі мамандығын сырттай оқып шы­ғады. Осы оқу орнында шәкірт бола жүріп жас күйші «Қазақконцерт» бір­лес­тігінде жұмыс атқарған. Одан кейінгі төрт жылды Рақым әскер қатарында өткізіп ке­леді. Әскерден оралған соң сол кезде жа­ңадан құрылған «Гүлдер» ансамбліне қо­сылады. Осынау өнер ұжымында жүріп ол жемісті шығармашылық жұмыспен ай­на­лысты. Қазақ күйін нақышына келтіре орындап, дәстүрлі әнге ден қойды. Бұдан соң 1972 жылы «Қазақконцерт» бір­лес­тігіне қайта­дан оралып, сонда 1995 жылға дейін жұмыс атқарды. Осы жылдар ара­лығында Рақым Тәжібаев есімі ел арасында жақсы таныла бастады. Сол жылдары на­сихаты кемдеу болып тұрған қазақ күй өнеріне жаңаша серпін беру мақсатында ол өзі бас болып, «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Серпер» деп аталатын күй ан­самблін де құрған болатын. Алайда нарық заманының қыспағы мен сол кездердегі рухани әрі қаржылық дағдарыс бұл істің толыққанды жүзеге асырылуына мүм­кін­діктер бере қоймады. Кешегі шәкірт бүгінгі ұстазға ай­налып, жастарға дом­бы­радан дәріс бере бастады. Қашан да бо­саңсуды білмейтін ол өте еңбекқор бол­ды. Сол қа­сиет­терінің арқасында да қара домбы­раның айрықша қасиетін баға­лап, ұлттық өнерді қадірлеген Рақым Тәжі­баев күй өнерін өзінше дамы­тып, жаңа бір белеске көтере білді. Ол тіпті домбыраны да өз қолымен жасайтын. Өз қолынан шық­қан ол аспаптардың бірі шертпе күйге, бірі төкпе күйге, бірі әнге арналған деген­дей, әрқилы болып келеді. «Ажал айтып кел­мейді» демекші, қапе­лімде жол апатынан көз жұмған шебер күйші биыл өзінің 65 жылдық мерейтойын елімен бірге атап өтпекші еді... Ойда-жоқта келген қазадан күйшінің отбасы мен жақын­дарының ғана емес, ұлттық өнерді қадір тұтқан қалың қауымның да қабыр­ғасы қайысып отыр. Марқұмның артында аяулы жары, әке жо­лын қуған сүйікті қыздары қалды. Рәкеңнің үш қызы да кон­серваторияда оқып, жоғары музыкалық білім алған. Тұңғышы Гүл­баһрам мен кен­жесі Айнұр – фортепьяно сыныбында, ор­таншы қызы Гүлнара скрип­ка сыныбында оқыған. Рақым Тәжі­баев бүгінде музыка мектеп­терінде ұстаздық етіп жүрген қыздарымен бірге отбасылық музыка мектебін ашуды арман­дап кеткен екен.
Марқұмның қарапайым адам ретінде де, шығармашылық жолдағы өнер саңлағы ретінде де орындалмай кеткен қаншама арманы қалды екен?! Соңынан өшпес өнерін қалдырып, қазақ күй өнерінің кешегісі мен бүгіні аралығына дәнекер бола білген Рақым Тәжібаевтың есімін қазақ ұмытпайды деп сенеміз. Тағдырдың жазуына шара жоқ. Марқұмның өз қолы­мен жасаған қара домбыралары күйдің кілтін таба алмай күңіреніп қалғаны өкінішті...

Перне
Қара домбыраның бағасын түсірмейік!
Рақым Тәжібаев,
күйші, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
– Жер бетіндегі мың сан ұлыстың ішіндегі ат төбеліндей қазақ ұлтын өзгелерден ерекшелеп тұратын өнері – қара домбыра мен қылқобыздың қос ішегінен төгілетін күйі екен. Біз ата-бабамыздан жеткен күйлерімізді бүгінгі жастардың бойына сіңіріп отыруымыз керек, мұндай тәрбие біздің ұлттық нақышымыз бен болмысымызды тұрақтандырып, бекіте түсуіне үлкен көмегін тигізеді.
Қазіргі домбыралардың бағасы, естуім бойынша, 500 доллар. Ал материалына қарай жақсы домбыраның құны 25 мың долларға дейін барса керек. Домбыраның беделін өсіру үшін оның бағасын өсіргеніміз, бір жағы, дұрыс. Құны болмаса, қадірі қалмайды, кү­тімі кетеді. Жақсы домбыраны тартқан үстіне тартқың келеді. Ондай домбыраны шертсең, шабытың оянып, шеберлігің өседі. 10 000 доллар деген баға қазір бізге түрпідей тиетін шығар. Бірақ салыстырып қарасақ, арзан тұратындай домбыраның скрипкадан қай жері кем?
«Аbai.kz»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста