"Қазақ көтерілістері" атты көлемді энциклопедия жарық көрді

Алдағы 11 желтоқсанда сағат 15.00-де Алматыдағы «Тұран» университетінің Мәжіліс залында I-ші Дүниежүзілік соғыстың басталғанына 100 жыл толуына орай «I-ші Дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығы мен оның қазақ халқына әсері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл дәстүрлі конференция аясында ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-мен бірлесіп шығарған «Қазақ көтерілістері» атты көлемді энциклопедияның тұсаукесер рәсімі өтеді.
ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы 2010 жылдан бері жыл сайын Қазақ көтерілістері тарихына байланысты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырып келеді. Осы күнге дейін, «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты», «Алғадай», «Қазақтың ұлы қолбасшылары» атты кітаптарды жарыққа шығарып, әр конференция материалдары арнайы жинақтарға топтастырылған. Бұл энциклопедияға осы уақытқа дейін өткізілген конференция материалдары негізінде құрастырылған.

Осы орайда, біз «Қазақ көтерілістері» энциклопедиясын құрастырып, шығаруға ұйытқы болған белгілі ғалым, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, профессор Рахман АЛШАНОВТЫҢ пікірін білген едік:
- Халқымыздың Тәуелсіздікке жету жолы оңай болған жоқ. Тамыры терең тарихтың өзі бұған куә. Араға сан ғасыр салып қазіргі қазақ елі бабалар аманатын жүзеге асырып, ғасырлар тоғысында көк байрағын көкке көтеріп, азаттығын әйгіледі. Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Жетісудың арасындағы ұлан-ғайыр далаға иелік еткен қазақ егемен ел ретінде жаңа азат дәуірдің төрінен көріну үшін қаншама қырғын мен қаралы нәубетке ұшырады?!
Алаштың ұлы даласына көз алартқан империяшылдардың жымысқы пиғылы мен қантөгісі көп солақай саясатының кесірінен ұлтымыз талай қиындық көрді. Тарихшы ғалымдардың келтірген деректеріне сүйенсек, өткен ғасырдың бастапқы кезеңінің өзінде қазақ даласында «қызыл террор» атқа ие болған қуғын-сүргін мен ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ миллиондап қырылып, мал-мүлкінен айырылды.
Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері тарихымыздың ақтаңдақ тұстары ашылып, ұлттық құндылықтарымыз қайта жандана бастады. Ғасырлар бойы бұл жолда қаншама тер, қаншама қан төгіп, қол бастаған есіл ерлеріміз бен атқамінер жаужүрек батырларымыздың ерен ерлігі тарихымызда алтын әріптермен жазылды. Тарих тамырына бойласақ тәуелсіздікке жету жолында 300 ден астам қазақ көтерілістері болған екен.
Дегенмен, елімізде мұндай көтерілістердің әлі де ақтаңдақ беттері ашылмай келе жатқаны қаншама?! Міне, осының барлығын зерттеп, саралай келе Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары мен «Қазақ энциклопедиясы» баспасымен бірлесе отырып «Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері» атты энциклопедия шығаруды қолға алған болатын. Энциклопедия мазмұнында қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерілістердің тарихын барынша қамтуға тырыстық.
Әр жылдары ұйымдастырып келген қазақ көтерілістері тақырыбын жан-жақты қаузаған ғылыми-тәжірибелік конференция жұмыстарына белсене қатысып, ұлт-азаттық көтерілістері тарихын зерттеп-зерделеп жүрген Мәмбет Қойгелдиев, Хангелді Әбжан, Қамбар Атабаев, Саттар Мажитов, Болатбек Нәсенов, Марат Абсеметов, Жетпісбай Нұржан, Рашид Оразов сынды тарихшылар мен Нұрлан Оразалин, Смағұл Елубай, Ахметжан Ашири, Сағатбек Медеубекұлы, Жұмабай Құлиев сынды қаламгерлер қауымы мен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығы мен Желтоқсаншылар ұйымдары мүшелеріне ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының айтар алғысы мол.
Аталған энциклопедияны құрастыру барысында Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайын, Астана қаласы тарихының мұражайын, Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік мұрағаты ұжымына және де Қалиолла Ахметжан, Нұржан Жетпісбай, Жұбаназар Асанов, Бахытжан Ахметбек, Оңғар Ақан, Жарылқасын Боранбай сынды жекелеген ғалымдар да редакция алқасын мұрағаттық фотоматериалдармен қамтамасыз етіп, қолұшын бергенін атап өтуіміз керек.
Қазақтың азаттық рухын әспеттеп, көтерілістер мен соғыс тарихына үңілетін конференцияға белгілі тарихшылар, жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, тарих факультетінің оқытушы мұғалімдері мен профессорлары, ғылыми зертттеу институтының ғалымдары мен қызметкерлері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста