Қазақ клипі «күзеттен» құтылатын болды

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазаққа клип қашан келіп еді осы? Осы сұраққа жауап іздегенде, әлі көбі­міздің көз алдымызға 90-жыл­дардың алдындағы Мәдина Ералиева, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева сынды әншілеріміздің табиғат аясында ән салған көріністері келеді. Қарап тұрсақ, солар бүгінгі клипке бастайтын алғашқы қарлығаштар секілді. Әрине, бүгінгі бейнеклиптермен оларды тіпті салыстыруға келмейді. Себебі қазір әнге сюжет құрылып, сол бойынша бас-аяғы бар тұтас композициялық дүние жасалады, былайша айтқанда, әр клип – өз алдына қысқа кино.
Бірақ, біріншіден, бүгінде сол «кино­ны» түсіруден гөрі оны ротацияға жіберу деген бардың барын шашып, жоқтың абыройын ашатын жағым­сыз құбылысқа айналды. Онсыз да әнін таратып, дискісін сатудан емес, той-томалақтан тірнектеп жиған ақшасына әншілеріміз әрең дегенде бір бейнеклип түсіреді. Ал енді оны жұртшылыққа көрсетейін десе, баяғыда хан сарайын күзеткен қарулы жендеттер секілді телеарна эфирінің алдында сірескен «күзет» тұр. Ротация құны сол клипті түсіруге кеткен қаржы­ны екі-үш орап алады. Шамамен бір бей­неклипті түсіруге кем дегенде 10 мың АҚШ доллары кетер болса, оны айна­лымға түсіру, яғни ротацияға жіберуге 30 мың көк қағаз тағы қажет.
Екіншіден, клиптің ар жағында орын­­­­даушыдан да бөлек ақын, сазгер, аранжировщик, режиссер, сценарист, оператор, қоюшы, суретші секілді көпте­ген маман еңбегі жатыр. Солардың бірі­нің еңбегі осы күнге дейін бір жерде бол­са да бағаланған емес, тіпті көзге ілін­бей де келеді. Неге? Себебі әншілер өз клиптерін Қытайда, Өзбекстанда, ал ақ­шасы жетсе, тіпті одан да арғы шетел­дер­де түсіреді. Бірақ бұл бізде клип жа­сай алатын маман жоқ деген сөз емес, ола­рды біз көрсетудің жолын таппай, та­ныт­а алмай отырмыз. Ендеше, екінші мәселе – клиптің айналасындағы өз ма­­мандарымызды жарыққа алып шығу.
Үшіншіден, бүгінде орындаушыны сынап-мінейтін көркемдік кеңес деген атымен жоқ, бір жағы кім-көрінгеннің сахнаға шығып кетіп жатқаны осыдан да шығар.
Қазақ эстрадасының бүгінгі олқы тұстарын біз неге тізіп жазып отырмыз? Себебі біз осы олқылықтың орнын тол­ты­ратын жаңа жобаның дүниеге кел­генін айтып, оқырманнан сүйінші сұра­ғалы отырмыз. Сlip-baige деп аталатын бұл жоба – интернет кеңістігінде қандай да бір бейнеклипті тегін көрсетіп, ротациялауға арнайы ашылған сайт. Жоғарыда аталған барлық жағдайлар, міне, осы жобада түгенделіп, яғни біріншіден, кез келген орындаушы өз клипін осы сайтқа енгізіп, айналымға тү­сіре алады. Бұл жөнінде жобаның дү­ниеге келуіне ұйытқы болған идея ав­торы «Төрт тұғыр» продюсерлік орталы­ғының жетекшісі Бейбіт Бөрі былай дейді:
– Клип-бәйге сайтын ашуға дәл қа­зір­гі таңда өнерде жүрген көптеген өнер­лі, бірақ мүмкіндігі аздау өнерпаз­дың жағдайы әсер етті. Ол қандай жағ­дай десек, алдымен олардың өздері тү­сір­ген бейнеклиптерін ротацияға түсі­ре алмауы. Арасында өзіміздің «Төрт тұғыр» продю­серлік орталығы түсірген біршама бейнеклиптер де бар, өз жұмысымызды өзіміз телеарналардан көре алмай отырмыз, себебі оған әнші­нің қаржылай мүмкіндігі жоқ. Бай­қасақ, елімізде телеарналардың отандық өнер­паздардың бейнеклиптерін жарна­малауға деген бұл қатаң саясаты таяу болашақта өзгермейтін сыңайлы. Енде­ше, бізге басқаша мүмкіндік іздеу керек екені өздігінен айқындала түсті. Осы Тәуелсіздігіміздің 20 жылында елімізде пайда болған қандай да бір орындау­шының клипін жалпы жұртқа жария ететін қандай да бір ақпарат құралын ашу керек деген шешім қабылдадық, бұл – сол шешімнің нәтижесі. Клип-бәй­­ге сайтында жұртшылық тек кли­п­тер­ді тама­шалап қана қоймай, өзі де со­лар­дың тағдырына атсалысып, өзіне ұна­ған әншінің немесе жұмыстың қо­ғам­нан өз орнын, өз бағасын алуына ық­пал ете алады. Тек қазақ әндері ғана емес, жал­пы қазақстандық орындаушы­ла­р­дың барлығына жаппай мүмкіндік беріледі.
Бәйгенің бірінші кезеңі желтоқсанның 15-інен сәуірдің 15-іне дейін, ол ара­лық­та жалпы клиптер қабылданады. Шамамен осы аралықта сайтқа 1000 клип жүктелсе, дауыс саны жағынан ең көп деген 50-і іріктеліп алынып, 22-сіне кәсіби мамандар түрлі номинация­лар бойынша өз таңдауларын жасайды. Іріктеу дегенде, жақсы-жаман деген нақты ұғым жоқ, ендеше, бір клиптің идея­сы, келесі бірінің режиссурасы, тағы келесісінің орындаушысы немесе рөл­де ойнаған актер, актрисасы, енді бірінің операторлық жұмысы жоғарғы деңгейде болуы мүмкін. Олай болса, соның әрқайсысына бөлек номинация бойынша баға береді, яғни сценарий авторы, режиссер жұмысы, оператор жұмысы бөлек-бөлек бағаланады. Шет­ел­дік қандай да бір жүлде, яғни аса биік сыйлықтардың болсын іріктелу әдісі осындай. Бәйгеге қатысатын клип­тердің санына шектеу қойылмайды жә­не әр әнші өз клипін өзі жүктей алады. Алайда әннің авторларынан бастап, аранжиров­ка­сын жасаған, сценарийін жазған ма­ман, түсірген режиссер, опе­ра­тор т.б бар­лығының аты-жөні талап бо­йынша қа­ғаз­ға түсіріліп, солайша жи­нақталады. Мі­неки, Алаш жұртын біз осы­ндай жаңа мүм­кіндіктің пайда бо­луымен, ал әнші­лер мен жалпы өнерде жүрген барлық кә­сіби мамандарды біз «екінші тыны­сы­мен» құттықтаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста