Қазақ кітабы pr-дың пырағына қашан мінер екен?

Қазақ кітабы pr-дың пырағына қашан мінер екен?

Жуырда Алматыдағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти­тутында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және институт­тың 50 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі өтті. Көрмеге әдебиет пен өнердің музыка, театр және бейнелеу салаларында еңбек етіп жүрген ғалымдардың соңғы сегіз жыл ішінде шығарған 250 түрлі кітаптары қойылды. Бірақ... өкініштісі сол, осыншалықты маңызды іс-шара жайлы біреу білсе, қалған мыңымыз білмей де қалдық.
Егер біреу бүгінде «кітап шықпай жатыр» десе, не ол адам өтірікші, не айна­ла қоғаммен түк байланысы жоқ, руханият мұхитынан лақтырылып, жансыз аралда өмір сүріп жатқан біреу. Әйтпесе кітап деген толассыз шығып жатыр. Сонау көне заманнан бергі тарихымызды түгендейтін шежіреден бастап, жаңа туған сәби күтімі­не дейінгі тақырыпты қамтитын дана кітап та, бала кітап та бізде жетерлік. Мысалы, кейінгі кездері Елбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі» атты сериямен 100 томдықтың жос­парланып, соның 65 томы, «Әдеби жәді­гер­лердің» 20 томдығының 11 томы, «Қазақ әдебиеті тарихының» 10 томдығы және де «Қазақ музыкасы антологиясының» 8 томы жарық көргенінен хабарыңыз бар ма? Бұл айтып отырғанымыз – әр қазақ үшін қажет, әр қазақтың үйіндегі кітап сөресінен табылуға тиіс деген кітаптар, ал одан тыс қаншама оқулық, қаншама ғұламалар еңбегі басылып шығуда.   
Бақыт Жолдыбайқызы, институттың ғылыми қызметкері, менеджері:
– Бұл көрменің маңызы зор, себе­бі мұнда біз өте құнды кітаптарды жайып отырмыз. Жай көрсетіп қана қоймай, кітаптар сатылады да. Онда да акция ұйымдастырып отырмыз, яғни акция бойынша өз қызметкер­леріміз кітаптар­ды 50 пайыз жеңіл­дікпен, ал жалпы оқырман 35 пайыз жеңілдетілген баға­мен сатып ала ала­ды. Бір қуанарлығы, біздің кітаптары­мызға Анкара ұлттық кітапханасынан сұраныс бар. Алыс-жа­қын шетелдер­ден де сұраныс бар. Бү­гін­гі мерейтой құрметіне біз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы ҰПУ кітапхана­ла­ры­на 204 кітаптан сыйға тартып отыр­мыз. Тағы да біршама жерге берген кітап­тарды қосқанда, барлығының саны 1000-ды құрайды. Мұндағы мақсат – әрине, кітап сатып пайда табу емес, кітапты қажет ететін оқырманның қолы­на жеткізу. Осы ретте биыл біз институ­ты­мыздың сайтына кітаптарды енгізіп отырмыз. Демек, интернет арқылы  біз­дің кітаптарымызға тапсы­рыс беруге болады.
Жарнама жасай алмасақ...
Бір ғана институт қандай қыруар жұмыс атқарып, қаншама ғалымымыз көз майын тауыса кітап жазып жатыр. Ал одан сіз, оқыр­ман, бейхабар болсаңыз, оған сізді кінәлаудан аулақпыз, себебі... Оның себебі көп. Бәлкім, оның себебі «кітаптардың тира­жы аз» дерсіз, бәлкім? Бұл ретте шық­қан кітаптың авторы мен оның береріне қарай аз не көп демесек, әйтпесе осы 1000-2000 дананың өзін өткізіп жарытып жатқанымыз шамалы. Неге? Себебі бізде бұл салада PR менеджмент дұрыс жолға қойылмаған. Міне, барлық мәселе, бар кілтипан – осында. Осы көрменің де елеу­сіз, жұпыны өтуі осыны тағы бір рет дәлел­деп берді. Әйтпесе Әуезовтей ұлы тұлға атындағы еліміздегі бірден-бір институттың 50 жылдығына, ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына арналған кітап көрмесінің жар­қы­рап өтетін жөні бар ғой! Ондағы кітаптар­дың арзандатылған бағамен сатылмай, керісінше, оқырманның өзі іздеп, екі есе бағамен сатып алатын жөні бар ғой! Бірақ неге олай емес? Себебі біз өз еңбегімізді өзіміз дұрыс көрсете алмаймыз, себебі біз РR дегенді әлі күнге меңгермегенбіз. Соның зардабын, мінекей, кітап саласы да тартып отыр. Жалпы, бұл – жарнаманың заманы, ал сол жарнаманы жақсы игерген жандар түкке тұрғысыз болса да, қолында барды жарқырата көрсетсе, жарнаманы игер­мегендер жұпыны күй кешіп отыр. Бұрышта тұрған баладай, бүгінгі қазақ кітабы, қашан құның асқақтар екен?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста