Қазақ эстрадасындағы ең үздік қыздар тобы анықталды

Эстрадамызда қыздардан құралған бірнеше топ бар. Олардың саны күн санап артып келеді. Бірнешеуінің құрамдары қайта-қайта жаңарып, ендібірі жұмыстарын мүлде тоқтатты. Сәйкесінше, еш кедергіге қарамастан, шығармашылықтың шыңына ұмтылыс үстіндегілері де жоқ емес. Солардың арасынан ең үздіктерін анықтау мақсатында «Baistars» оқырмандар арасында сауалнама жүргізген болатын.

Сауалнамада барлығы 5477 адам дауыс беріп, эстрадамыздың үздік қыздар тобын анықтады.

Дауыс беру нәтижесінде «Kesh You» тобы 2584 дауыс (47%) басымдылықпен бірінші орынды алды.

 «Кеш You» тобы. Продюсер Баян Есентаеваның тың жобасы. Топ сымбаты сай үш арудан құралған. Алғашқы құрам өнерге 2006 жылы келді. Содан бері құрамы 7 рет өзгерді. Топтың құрамында осы уақытқа дейін Әнел Арынова, Зумрад Гараева, Маржан Мендыбаева, Наиля Заитова, Мөлдір Әуелбекова, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова сынды арулар өнер көрсеткен. Топ осыған дейін де бірнеше рет «Үздік қыздар тобы» атанған. мМәселен 2012 жылы Eurasian Music Awards премиясында және былтырғы «Астана жұлдызы» байқауында «Үздік қыздар тобы» аталымы бойынша жеңіске жеткен. Бүгінде «Кеш You»-ліктердің қатарында Балжан Бидаш, Ақбота Нұр, Жұлдыз Өмірғали бар. Биыл ғана 7 жылдық келісімге қол қойған олар бірнеше әндер жазып, бейнеклиптер түсірді. Мәселен жаңа құрам «Қайтар жүрегімді», «Армандаймын» сынды әндеріне бейнебаян түсіріп үлгерді.

«Лашын» тобы 1 666 дауыспен (30 %) екінші орынды иеленді.

«Лашын» тобы да танымал продюсер Баян Есентаеваның жобасы. Топтың құрылғанына 1 жыл да болып үлгермеді. Үш қыздан құрылған «Лашынның» құрамында Ақбота, Сара және Элизат есімді қыздар бар. Олар 18, 19 және 20 жастағы бойжеткендер. Қоржындарында бірнеше бейнеклип пен әндері бар. Осыдан 3 ай бұрын қыздар Үнді елінің Гоа қаласында «Таңдағаным» атты әндеріне бейнебаян түсірді. Артынша 2 айдан кейін елімізде «Жаса туған жер» атты жаңа әндеріне де бейнебаян түсіріп, тыңдармандарына ұсынып үлгерді. Бүгінде қыздар талмай еңбектенуде.

«Асыл» тобы 456 дауыспен (8%) үшінші орынға орналасты.

«Асыл» тобы 2008 жылы құрылды. Бұл топ өзге қыздар тобынан ұлттық аспапта ойнауларымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, Анар Аязбаева, Ғалия Мұратова мен Ақерке Бүркітбай ән салып қана қоймай, қобызда да керемет ойнайды. Осыдан екі ай бұрын қыздар барша әріптестерін жинап Ардақ Балажановамен бірге «Әлемді сүю» атты әніне түсірілген бейнебаяндары мен жаңа күйбақтарының тұсауын кесті. Сонымен қатар, осыдан бірнеше күн бұрын «Астана жұлдызы» Ұлттық музыкалық бәйгеде «Үздік қыздар» тобы аталымы бойынша жеңіске жетті.

baistars.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста