Қазақ ертегілері кімдерге арналған: бүлдіршіндерге ме, ересектерге ме?

Қазақ ертегілері кімдерге арналған: бүлдіршіндерге ме, ересектерге ме?

Алты жастағы ұлым күн сайын ұйқы алдында ертегі тыңдағанды жақсы көреді. Кешкісін ертегі кітабын қолтықтап келіп, қолқа салады. Оқып беремін. Ертеңіне тағы осылай. Құдайға шүкір, ұлымның еске сақтау қабілеті жаман емес. Алайда құлақ қоя тыңдаған ертегінің ертеңіне түсінігін сұрасам, аздап кібіртіктейді. Бір жерін айтса, келесі тұсын ұмытып қалады. Дәлірегі түсінбеген болып шығады. Себебі ертегі өте ауыр жазылған, бүлдіршіндердің түсінігіне, санасына лайықталмаған. Сенбесеңіз ертегі үзіндісін бірге оқып көрелік.

... «Арман түбі – көп белес, белес түбі — асқар, сол асқарға шыққанда көңіл шіркін не айтар!» Күндердің-күнінде қыз кәмелетке толып, әркімдер құда түспек болып жаушы салғандықтан, Санғасырдың басы қатыпты: «Малы мыңғырған байға беруі керек пе, ел билеген жанға беруі керек пе, жоқ әлде тәулігіне жиырма екі рет сәлем беріп, дін ұстап, иманды жолдас қылған жанға беруі керек пе?» Осылайша, қызының теңі кім екенін таба алмай, әуре-сарсаңға түседі.
Әкесінің басы қатып жүргендігін сезген қыз бір күні:
– Жақсы адам елге жуық, жемісті ағаш жерге жуық, – деп құлаққағыс етеді...»
Бұл «Қазақ ертегілерінің антологиясы» сериясымен «Аруна» баспасынан шыққан «Әжемнің ертегілері» атты кітаптағы «Ақылды жігіт пен зерделі қыз» ертегісінен қысқаша үзінді. Бұл өзі ересектерге арналған ертегі ме, әлде бүлдіршіндерге ме? Ересектерге арналған деуге келмейді, ал бүлдіршіндер үшін түсінуге ауыр. Аз ғана талдау жасап көрелік. «Арман түбі – көп белес, белес түбі — асқар, сол асқарға шыққанда көңіл шіркін не айтар!» Алты жасар бала бұл сөйлемнен не ұғады? Тіпті, мұны бүлдіршінге аражігін ажыратып, түсіндіріп беру ересектер үшін де қиын. Әрі қарай «Күндердің күнінде қыз кәмелетке толып, әркімдер құда түспек болып жаушы салғандықтан...» деп жазылыпты. Ертегі тыңдайтын жастағы бала кәмелет жастың, құда түсудің, жаушы салудың не екенін қайдан білсін? «Тәулігіне жиырма екі рет сәлем беріп, дін ұстап, иманды жолдас қылған» деген сөздер бүлдіршіндердің түсінігіне лайықталып жазылған деп айта аламыз ба? Балалар бақшасын былай қойып, бастауыш сынып оқушыларынан «Жақсы адам елге жуық, жемісті ағаш жерге жуық, – деп құлаққағыс етеді» деген сөздің мағынасын сұрап көрелікші, қалай жауап берер екен? Әрине, қиналады. Өйткені баланың санасы мұндай сөздерді түсініп, қабылдауға әлі ертерек. Ертегі кітаптың алғашқы бетінде «балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, таным­дық қабілетін дамытатын кітап» деп жазылыпты. Әрине, баланың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытқан жақсы, бірақ мұндай түсінуге ауыр сөздермен емес, әрине.
Ертегі тыңдап өскен баланың сана-сезі­мі ерте толығып, көптеген жақсы қасиет­тер­ді бойына сіңірері сөзсіз. Өкінішке қа­рай, қазір сапалы жазылған қазақ ертегіле­рін табу қиын. Дәлірек айтқанда, қолжетім­ді емес. Ондай ертегіні табу үшін, біраз із­деу керек. Табылған күнде де бағасы қымбат. «Бар жақсылық — балаларға», «Балалар — біздің бола­шағымыз» деп жатамыз. Алайда мем­лекет тарапынан неліктен оларға деген қамқорлық, тәрбиелеуге деген нақты іс-әрекет төмен. Ой-өрісінің ертерек да­муы­на әсері көп делінетін балабақшалар ауыл түгіл қалаларда жетіспейді. Бір Шымкенттің өзінде бірнеше он мыңдаған бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Өмір доңғалағы бір орында тұрсын ба, олардың кезегі жақындаймын дегенше, бала есейіп, мектеп жасына келіп қалады. Қазір нәрестесі туыла салысымен сәбиін балабақша кезегіне тұрғызып қоятын ата-аналар көп. Сол секілді кезегіне жете алмаған күйі мектепке барғандар да жетерлік. Бұл енді өз алдына бөлек тақырып. Біздің айтпағымыз, мемлекет ең болмағанда балаларымызды сапалы ертегімен қамтамасыз етуге қол ұшын созса екен дейміз. Әйтпесе, ХХІ ғасыр бүлдіршіндері ертегінің не екенін білмейтін, қатыгез ойындарға толы компьютерден бас алмайтын «жартылай роботқа» айналып бара ма деп қорқамын. Болашағымыздың тәрбиесі үшін барлығымыз да жауапты екенімізді ұмытпасақ болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста