Қазақ деректі фильмінің атасынан айырылдық

Қарттар да қара ағаш секілді біріне-бірі сүйеніп тұратындай... Бірі құласа, қалғандары да соның соңынан топ-топ құлайды... Биыл жыл басынан бері Алаш жұрты аз қайғымен ұшырасқан жоқ. Гүлнар Дулатова, Райхан Жұмабаева сынды аяулы әжелерімізден айырылып едік, енді тағы бір қазаны естірткелі тұрмыз. 97 жасқа қараған шағында ұзақ науқастан  қазақ деректі фильмінің атасы, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері  Ораз Әбішев дүниеден озды.

Ораз ақсақал 1916 жылы 1 мамыр күні бұрынғы Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қайнар ауылын­да дүниеге келген еді.
1938 жылы Алматыда Қазақ музыка­лық театры жанындағы студияны бітірген соң, бірден аталған театр құрамында әнші болып қызмет жолын бастаған болатын. Сахнадан бір көрінген әртіс қалайша сосын өмір бойы қалтарыста жүретін, деректі фильм саласын таңдады деген сауалдың туындауы орынды. Бұл жөнінде атамыз бір сөзінде «балалық шалт қылықпен дауы­сым­ды жоғалтып алдым» деген болатын. Алайда онысы содан кейін өзі іргетасын қаласқан деректі фильм саласына «неге кеттім?» деген өкінішті білдірмеген еді. Себебі кино өнеріне Ораз Әбішев кәдімгідей ден қойып, кәсіби түрде кірісті.
Осы жолда Бүкілодақтық кинематогра­фистер институтының (ВГИК) режиссерлік факультетінде оқуға түскен ол «Райхан» фильмінің режиссері Моисей Левин, сон­дай-ақ Григорий Рошаль, Роман Кармен сынды кино майталмандарының ассистенті болады. «Мосфильм», «Ленфильм» сын­ды киностудияларда шеберлік мектебінен өткен жас режиссер 1940 жылдан бастап деректі фильмге біржола бет бұрды. 1944 жылы «Қазақфильм» киностудиясының режиссері ретінде көптеген шежірелік-де­ректі, ғылыми-көпшілік фильмдер түсірді. Оның шығармашылық өнері ұлттық идея мен рухқа, намысқа негізделген және жас­тарды тазалыққа, еңбекқорлыққа, отан­сүй­гіштікке тәрбиелейді.
Ұзақ жылға созылған тынымсыз ең­бек­тің жемісі «Тастағы таңбалар», «Көгілдір арал», «Абсент», «Тарихпен сұхбат», «Сы­нақ», «Жетісу жұлдыздары», «Қалыбайдың бағы», «Жыраулар», «Аталар жолымен» т.б. тамаша деректі фильмдер десек, Дина Нұрпейісова, Кенен Әзірбаев, Мұқан Төле­баев, Талғат Бигелдинов тәрізді тарландар бейнесін айғақтаған туындылар ұлттық рухымызды, мәдениетімізді шыңдауға қызмет ететін қазына болып табылады.
Ораз Әбішев «Арман аралы», «Кенші­лер әулеті», «Мұқан Төлебаев», «Желден жүйрік» деректі фильмдері үшін Қазақ­стан­ның Мемлекеттік сыйлығын алған. Сондай-ақ режиссер өзінің кино саласын­дағы ерен еңбегінің нәтижесінде Октябрь революциясы, екі мәрте «Құрмет белгісі», Қазақстан Республикасының «Отан» ор­ден­дерімен марапатталып, «Экран ше­бері» атағын иеленген.
 Ендеше, жоғарыда аталған еңбектері мен шығармашылықтағы табыстарын сараптай отырып, біз Ораз Әбіш ақсақалды қазақ деректі киносының атасы дей ала­мыз. Алаш жұрты жалғаннан жырақ ұшса да, осынау асқақ азаматын ардақ тұта бере­ді. Ораз Әбішев бейнесі қазақстандық кинематографистер мен киносүйер қауым жүрегінде мәңгі сақталады. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста