Қазақ дәстүрлі әндерінің де, күйлерінің де құрылымы ерекше

Қазақ дәстүрлі әндерінің де, күйлерінің де құрылымы ерекше

Вернер Линден, неміс музыкатанушысы, композитор:

The Spirit of Tengri фестивалі өзіне этникалық музыка орындаушыларын ғана емес, әлемге әйгілі зерттеушілерді де тарта бастады. Жуырда осы фестивальдың ұйымдастырушыларымен кездесуге Германияның Майндағы Франкфурт қаласынан танымал композитор, музыкатанушы Вернер Линден келді. Қазақ әуендерін асқан ынтызарлықпен зерттеп жүрген 55 жастағы Линден мырза елімізге келуді бұрыннан армандаған. Оны достары әзілдеп, «қазақ музыкасымен есі кеткен адам» деп атайды. Ұлттық музыкамызға ессіз ғашық өнертанушы біздің басылымға оңаша сұхбат берді.

– Доктор Линден, сізді «қазақ музы­касымен ауыратын адам» деп жатады. Сол себепті де болар, The Spirit of Tengri фестивалін ұйымдастырушыларды өзіңіз іздеп тауып алыпсыз. Қазақ му­зы­касына әуестігіңіз қай кезден бас­талды?
– Иә, бұл маған жиі қойылатын сұрақ – «Неліктен қазақ мәдениетін зерттейсің, несімен қызықтырады?» деп сұрап жатады. Мұны басқалар түгіл, менің қасымдағы әріптестерім де, Германияда оқып жатқан қазақ студенттері де түсінбейді. Негізі, менің жүрегімдегі қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен талпыныс осыдан сегіз жыл бұрын, яғни 2004 жылы басталды. Бірде менің назарыма акцентпен сөйлейтін өте әдемі әріптес қыз ілікті. Мен одан қай елден келгенін сұрағанымда, ол қыз «Қа­зақстаннан» деп жауап берді. Шынымды айтсам, мен ол қыздан көп жас үлкен едім. Бәлкім, ондаған жылға жас болсам, қазақ қызына ғашық болып қалар ма едім. Ол кезде Қазақстан жайлы мүлдем хабарым жоқ, тек КСРО-ның құрамында болған мемлекет ретінде хабардар едім. Сол уақыттан бастап, менің қазақ жеріне, елі­не, мәдениетіне деген қызығушылығым артып, зерттей бастадым. Алдымен карта­дан іздеп тауып алдым, кейін ғаламторға кіріп, «Қазақстан мәдениеті» деп іздеге­нім­де еш мәлімет табылмады. Бірден қазақ­тың мәдениеті жайлы басқаша жолмен іздене бастадым. Мен әуел бастан Қазақ­станда түрлі мәдениеттің тоғысып жатқа­нын, жерінің тарихқа толы екенін түсіндім. Сол себепті қазақтың дәстүрлі музыкасы мен халық әндерін тауып, ұлттық аспап­тарының дыбысын есту мен үшін аса қызық болды. Ғаламторда Қазақстан жайлы ақпараттың барлығы – орыс және қазақ тілін­де ғана. Бірақ көп ұзамай интернеттен қазақстандық «Үркер» тобының жеке сайтын таптым. Ұлттық аспаптарыңыздың үні мен жалпы халық әндерін алғаш есті­ген­дегі әсерімді қазір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Кейін Германиядағы қазақ студенттерімен кездесіп, интернет-форум­дар ұйымдастырдым. Қазақстанда­ғы атақты сазгерлермен де байланыс орна­тып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­серваториясымен бірлесіп жұмыс жа­сай бастадым. Тығыз қарым-қатынас қалып­тас­қаннан кейін қазақ мәдениетін тану одан әрі қызықтыра түсті. Міне, осы­лай­ша, қазақ музыкасын зерттеу басталып кетті. Ал The Spirit of Tengri туралы білгеніме аз уақыт болған жоқ. Ғаламтордан күн сайын Қазақстанда болып жатқан шаралар­ды естіп, біліп, оқып отырамын. Қазақ му­зы­­ка­сын тудырған ұлы сазгерлеріңізді, тарих­тарыңызды, бұған дейін ұйымдасты­рылған «Азия дауысы» сияқты байқаулары­ңызды да білемін. Сондықтан бұл фестиваль жайлы да білу қиындық туғызған жоқ. Ести сала, Қазақстандағы әріптестеріме хабар­ла­сып, шараның бағдарламасын беруді өтіндім. Маған Германияда тұрып қазақ музыкасын зерттеу оңай емес. Сондықтан бұл фестивальға әдейі келіп, қазақ халқын өз көзіммен көріп, дәстүрлі музыка мен ұлттық аспаптардың үнін өз құлағыммен естуге бел будым. Міне, бұл мақсатыма да жетіп, Қазақстандамын және өте қуаныш­тымын. The Spirit of  Tengri-ге қатысып, өзім­мен бірге бірнеше тың дүниені ала кететін болдым. Себебі мен үшін қазақ мәдениетін­дегі әрбір жаңалық маңызды.
– Еуропада мұндай фестивальдар жиі өте ме?
– Иә, Еуропада да дәстүрлі музыка фес­тивальдары өтіп тұрады. Бұған дейін бір­неше байқауды тамашаладым. Әрдайым қазақтың сол фестивальдарға қатысуын тілеп, күтіп жүремін. Бірақ, өкінішке қарай, бірде-бір рет «қазақстандықтар келіпті, қатысады екен» дегенді естіп те, шақы­рылғанын көрген де емеспін.
– Батыс жұрты көбіне қазақ музы­касын түркітілдес өзге халықтардың әуенінен ажырата алмай жатады...
– Жасыратыны жоқ, қазақ музыкасын зерттеп, енді-енді әуестене бастаған шақ­тарымда менде мұндай сәттер болды. Бі­рақ уақыт өте келе қазақтың төл музыкасын сезініп, жүрегіме жақын тарта берген са­йын өзге ешбір елдің әуенімен шатас­тырмайтын болдым. Қазір мен білемін, қазақ музыкасының мелодиясы өзгеше, ешбір ұлттікіне ұқсамайды. Шынымды айтсам, кей кездері қазақ әуендерін еуро­палық музыкаға ұқсатамын. Біраз уақыт тыңдап отырсам, ырғақтарымен, жұмсақ­тығымен, жанға жайлылығымен және тез жатталып қалатындығымен ұқсайтын сияқты. Ал өзге түркітілдес халықтардың музыкасында ноталар тым ұзақ, қазақ му­зы­касындай есте қала бермейді. Сондық­тан қазір қазақ музыкасын қандай жағ­дайда да ешбір елдің музыкасымен ша­тастырмаймын деп толық сеніммен айта аламын.
– Линден мырза, қалай ойлайсыз ұлттық музыкамызды әлемге насихат­тау үшін не істеу керек?
– Әлемде ұлттық музыканы бүкіл әлемге паш етіп, оны насихаттауда алдына жан салмайтын мемлекеттер өте көп. Ал олар мұны қалай жүзеге асырады? Музы­ка­танушы болғандықтан, әрине, барған елдің тәжірибесіне жіті көңіл бөліп, біле жүремін. Көптеген елде ұлттық музыканы насихаттау үшін халықаралық байқаулар ұйымдастырылады және ол байқаулар жылына бір рет емес, бірнеше рет өтеді. Кез келген мемлекетте өздеріңіздегідей Мәдениет министрлігі бар. Сондай-ақ ірілі-орталы кәсіпорындар да жұмыс істей­ді. Оларға үкімет тапсырма беріп, ұлттық музыканы насихаттау үшін ұйымдасты­ры­латын шараларды қаржыландыруды міндеттесе, байқауларды да соғұрлым жиі өткізуге болады. Демек, ұлттық музыканы кең танымал етуге болады. Тек бұған қо­мақ­ты қаржы қажет. Бұл – қай елде болма­сын бірінші орындағы мәселе. Сондықтан егер үкімет бұл сұрақты қолға алып, қолдау көрсетсе, әлемге таныту соншалықты қиын демес едім. Тағы бір айтарым, халықара­лық байқауларға жиі қатысып тұру – ұлт­тық музыканы насихаттаудың тиімді жолы.
– Бізде домбыраның электрленген түрі жасалды. Бұған сіздің көзқарасы­ңыз қандай?
– Иә, шынымен-ақ, домбыраның электрленген түрін жасап шығару өте тама­ша идея болған. Бұл домбыралардың «Алдаспан» тобымен танылғанын білемін. Әлі есімде, тұңғыш рет электрдомбыраның үнін естіген кезде одан шыққан дыбыстың тазалығына қатты таңғалдым. Тіпті ондай ерекше домбырадан шыққан үн электрги­тараның үнінен де артық, асып түсті деп айтуға болады. Егер домбыраны осы қарқында насихаттап, түрлерін көбейте берсеңіздер, бұл аспаптың бүкіл әлемге танылары анық. Домбыра – тек өзіне ғана тән қоңыр үнін еш уақытта жоғалтпайтын, қасиетті аспап. Сондықтан бүгінгі таңда оның электрленген түрінің қаншама жұрт­ты таңғалдырып жатқанына қатты қуана­мын.
– Қазақ музыкасымен байланысты қызықты оқиға айтып берсеңіз?!
– Сұрағыңыз да өте қызықты екен, бі­рақ ешбір оқиға ойыма оралмай отыр. Мүмкін болмаған да шығар. Бірақ мен қа­зақ музыкасына қатысты бірнеше қызық­ты аңыз білемін. Оның ішінде «Ақсақ құлан», «Қобыз туралы аңыз» бар. Оларды оқы­ған­ды жақсы көремін, өте қызықты.
– Сізге қазақтың халық әндері ұнай ма, әлде күйі көбірек ұнай ма?
– Мен қазақтың халық әндерін де, күйлерін де сүйіп тыңдаймын. Сол себепті екеуіне теңдей баға беріп, бірдей қарай­мын десем дұрыс болар. Қазақтың дәстүр­лі әндерінің де, күйлерінің де құрылымы ерекше. Тыңдаған сайын рақаттанып, жаным жайланып сала береді.
– Құпия болмаса, айтыңызшы, қазір қандай әндерді тыңдап жүрсіз?
– Қазір мен «Үркер» тобының соңғы жинағы «Толғауды» тыңдап жүрмін. Бұл топтың әнді орындау шеберліктері өте керемет. Кез келген әнді жүректен шығарып айтады. Сондықтан болар, олардың орын­да­ған кез келген ән-күйінің ішіне кіріп кеткендей әсерде боламын.
– Қазақтың музыкасы қазіргі за­манғы музыканың қандай ағымда­ры­мен үйлеседі?
– Қазақ музыкасында қазіргі заманғы музыкалық ағымның барлығы да бар деуге болады. Соның ішінде классикалық ағым басымдау сияқты. Әрине, зерттеу жұмыстары енді бастала бастаған кезде бұл сұраққа жауап беру мен үшін аса қиындық туғызды. Бірақ уақыт өте келе қазақтың біраз сазгерімен танысқаннан кейін бұл жайлы танымым кеңейе бастады. Қазақта дәстүрлі музыканы туғызғандар мен дамытқан таланттар өте көп. Айта кету керек, мысалы, Қуат Шілдебаев. Бұл саз­гер­дің туындылары маған қатты ұнайды. Тағы бір білерім: Қ.Шілдебаев «Ұлжан» фильміне арнап музыка жазған. Классика демекші, қазақтың қылқобызына жететін әлемде аспап бар ма?! Қобыз көне аспап болса да, оркестрге де қосыла алады. Шілдебаев мырза да қобызды оркестрге қосып, көптеген әдемі музыканы жарыққа шығарған. Бірақ олар өте ескі. Одан басқа, сазгер Ақтоты Райымқұлованың «Толғау» атты симфониялық поэмасын атап өткім келеді. А.Райымқұлова фантастикалық туындыларды дүниеге әкеле біледі.
– Линден мырза, біз де сіздің Қа­зақстанға келгеніңізге қуаныштымыз. Айтыңызшы, The Spirit of Tengri фести­валінен не күтесіз?
– Біріншіден, өзіме рухани азық таба­мын деп сенемін. Екіншіден, тек мони­тор­дан көріп жүрген қазақ халқын енді өз көзім­мен көріп, танысатын болдым. Бұл да қазақ музыкасындағы бірталай сырды шертіп, білмегенімнің орнын толтырары сөзсіз. Үшіншіден, осыған дейін неше түрлі фестивальды көрсем, енді қазақ жерінде өтіп жатқан бұл жобаны солармен салыс­тырып, жақсы жақтарын Еуропаға айта баратын болдым. Бәлкім, ол жақтағы­лар­дың ойына келмеген ерекше идеялар осы фестивальдан табылар. Сондай-ақ қазақ музыкасының ерекшелігін, ұлттық аспап­тарыңыздың құдіретін, қазақ халқының қонақжайлылығын да Еуропадағы әріптес­теріме мақтана айтып баратыным анық.
– Қонақжайлылық демекші, редак­циямызға тақиямен келген екенсіз. Сыйлық па?
– Иә, Алматыдағы әріптестерім мен достарым үйлеріне кезекпен-кезек қонақ­қа шақырып жатыр. Дастарқан жайып, шапан да кигізді. Мына тақия да – доста­рымның сыйлығы. Қазақстанға келгенім үшін қалай қуанып жүргенімді білсеңіз ғой. Сізбен сұхбаттасу да көңілімнен шық­ты...
– Әңгімеңізге көп рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста