Қазақ аниматорлары неге қапалы?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильміне – 45 жыл. Көрермен көңіліне жылылық ұялатып, қазақ мультфильмінің өміршеңдігін дәлелдеген бұл еңбектің қуаты мен құны неде болды? Жақсылық пен жамандықты, қуаныш пен қайғыны, мейірім мен зұлымдықты баланың таза түйсігіне өнердің тілімен сіңіру аға буынның қолынан келді. 90-ға таяп отырған аниматор Әмен Қайдардың ерекшелігі де осы ұрпақ алдындағы, ұлт алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінгенінде ме дейсіз. Өкінішке қарай, бұдан кейінгі кезеңдердегі қазақ мультфильмінің қарыштауы көрермен көңілін көншіте алмады. Отандық өнер саласының бұл бос тұрған кеңістігін өзге елдің өнімдерінің толтырып кетуі бұл саланың әуелгі бағындырған биігінен құлдырауына себепші болды.
Қазақтың тұңғыш мультфильмінің ме­рейтойы тойланған тұста отандық муль­ти­пликацияның осындай проблемалары да ортаға тасталды. «Бiз ұлт болып, егемендi ел болып, өзiмiздiң мәдениетiмiз бен салт-дәстүрiмiздi дамытамыз десек, ең алды­мен тәрбиенi титтей бүлдiршiндерiмiзден бастауымыз қажет. Өз ұлтының патриот азаматы, елiн, жерiн, тiлiн, дiнiн сүйетiн адам етiп қалыптастыру үшiн балаларды кiшкентайынан тәрбиелеп, ұлттық құнды­лықтарымызды бойына сiңiре бiлуiмiз ке­рек. Ал ол құндылықтармен бөбектердi сусындатудың бiрден-бiр құралы – қазақ мультфильмдерi» ұстанымымен өмір сүріп келе жатқан қазақ мультфильмінің атасы Әмен Қайдардың өнегелі ісінің жалғасын таба алмай келе жатқаны айтылды. Бүгінгі таңда «өлместің күйін» кешіп жатқан қазақ мультфильмі Алпамыстай, Қамбар мен Қобыландыдай қаһарман кейіпкерлерінсіз қалды. Тұңғыш мультфильмнің 45 жылды­ғының салтанаты аталып өтіп жатқан тұста бұл саладағы соңғы жаңалық ретінде бес жаңа мультфильм көрсетілді. Әрқай­сы­сының өзіндік мағынасы, мақсат-мін­деті мен сипаты болса да, көрермен ретін­дегі көңілімізді көншітті дей алмаймыз. «Сақ» студиясының «Толағайы» ғана кіш­кене көрерменді кейіпкерлері мен сюже­тінің шынайылығымен батырлыққа, ұлт аңызына жақындатқандай болды. «Бала­қайлар мен бөжекейлер» мультфильмін­дегі ұлттық қолтаңба тек бітім-болмысы жез­тырнаққа да келмейтін робот кемпірдің үстіндегі камзол мен үй ішіндегі жастықша­лардан ғана көрініс тауыпты. «Мақтаншақ қыздағы» персонаждардың түр сипаты тіп­ті кішкене бала түгіл, үлкен адамды шо­шы­тарлық. Батыс мультфильмдеріндегі сұ­рықсыз кейіпкер кейпінің көшірмесін қазақ баласы қажет етіп отырған өнерге жақындату қиын. Мән-мағынасын жете талдайтын бұл саланың маманы емеспіз. Бұл қарапайым көрермен ретіндегі көз­қарас қана. Өзгенің шым-шытырық эпи­зод­тар мен неше түрлі кейіпкерлерін көру­мен көзін ашатын біздің бүгінгі кішкентай бүлдіршіндерімізге Әмен атаның «Ақсақ құланы», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» секілді ізгілікті мультфильмдері бол­маса да, шымкенттік студиялар шыға­рып жатқан «Алдар көсе», «Асық пен Қам­шы» секілді еңбектері әлдеқайда қызық бола­ры анық еді. «Кезiнде Әмен Қайдар ағамыздың өзiнiң шеберханасы да бар едi. Қазiр ол жоқ. Бұл салаға қаражат аудары­лады. Қаражат бөлiнгеннен кейiн құнды мультфильмдер де шығу керек. Отандық мультфильм жасаудың орнына, шетелдiң мән-мағынасыз мультфильмдерiн де қа­зақ­шаға аударудан танбаймыз. Орыс­тың, шетелдiң болсын мультфильмдерiн ауда­ру дұрыс дүние емес», – дейді жинал­ған аниматорлар. «Ел боламын десең, бесігің­ді түзе» алаңындағы мамандар қазіргі шы­ғып жатқан мультфильмдердің санының аздығы мен бұл салаға деген басшылықтың немқұрайдылығына қапалы.
Нұрбақыт НАМАЗБЕКОВ, аниматор:
– Анимация – бұл өте қиын өнер. Со­сын оны жасауда ұлтшылдық жолда­рын табу да қиын. Әмен сияқты суретшілер өмірге бір-ақ рет қана келеді. Елдің, жер­дің, мәдениеттің халін түсініп, оның алдындағы жауапкершілігін сезінетіндер қазір аз.

Алтынбек ӨМІРЗАҚОВ, аниматор, ұстаз:
– «Қазақфильмнің» қорында біраз анимациялық фильмдер бар, жоқ емес. Тек оның көрерменге жетпей жатқаны өкінішті. Телеарналармен бұл мәселеге байланысты келісімшарттар әлдеқашан жасалуы тиіс болатын. Ал бізде оған ниетті ешкім болмады. Биыл ғана аздап жылжу бар. Оған мына «Балапан» теле­арнасының ашылуы жақсы себеп болды. Болашақта осы арна қазақтың өз өнім­де­рімен толса екен деген тілек бар. Қазақ анимациясына үкіметтік қолдау керек. Қазақ анимациясы тек қана қа­заққа керек. Өндіріске бекітілетін сце­нарийлік жобадағы фильмдердің тақы­ры­бын көркемдік кеңес жақсылап, жан-жақты талдау керек. Мен аниматор, су­ретші есебінде қимыл-қозғалысқа көп көңіл бөлемін. Өкінішке қарай, бұл жағы бізде ақсап тұр. Суреттер қолмен салы­на­тын болғандықтан, көп жағдайда біз­дегі мамандарға актерді ойнату шебер­лігі жетіспей жатады. Кейіпкерді қоюшы-суретші әдемілеп бейнелей алмаса, ол кейіпкер баланы мүлдем өзіне тарта ал­майды. Осы жағы бізде ақсап тұр. Ше­бер суретшіден тартымды кейіпкер шық­са, біздің балалар экранға жата жабы­сып алар еді. Өкініштісі, бізде ондай ше­бер­лік аз. Қазіргі тендерлік жүйе де бұл саланы кенжелетіп тұр. Өйткені тен­дерде кім арзан, аз бағаны көрсетеді, сол озады. Сығымдалған қаражатқа қай­дан сапалы дүние жасалсын? Бала­ларға қатысты бұл өнер саласынан үкі­мет қаражат аямауы керек. «Арзанның сор­пасы татымайды». Біз сан үшін емес, сапа үшін жұмыс істеуіміз керек. Бүгінгі шараның ұйымдастырылуына аниматор ретінде көңілім толмай тұр. Бізде санау­лы ғана аниматор бар, жүз шақты, со­лар­дың жартысынан көбі қазақ анима­ция­сының 45 жылдығы өткізіліп жатқа­ны­нан да бейхабар. Естімей қалды, ешқай­сысы шақырылмады да. Біздің өзіміз кеше ғана аяқастынан білдік. Ұлттық ани­мацияға деген немқұрайды­лық осы­дан-ақ көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста