Әнші Динара Сұлтан күйеуі мен балаларынан гөрі бауырларын артық көретінін мойындады. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Дианар ханым бұрынғы ата-бабаның «Қатын жолда, бала белде» деген ұстанымын қаншалықты қатал болғанымен құп көретінін ашып айтты.
"Мен үшін ең бастысы-менің жанұям, менің сіңілерім, менің бала-шағам, сүйген жарым,менің ата-анам, бүкіл туыстарым. Қалған нәрсе ол маңызды емес.
Менің ең бірінші бауырларымды қойған себебім: әрине,әр біреуіміздің бала-шағамыз бар. @venus8989 - кішкентай, @gwlmarzhan - мектеп оқушысы.. Бірақ бізді үлкендер - ешқашан, қандай жағдай болса да, бауырыңды тастама деген. Ертелікте шайқас кезінде, бір батыр атпен қашайын деп тұрып, не бауырын не әйел, бала-шағасын бір атқа отырғызып алмайтынын біліп, тек бауырын ғана салып алып: «Қатын жолда, бала белде» депті. Қаншалықты қатігездік бомасын - ол рас енді.
Біз тек үш қызбыз үй ішінде, кейде @gulnar642 мамама тағы неге тумадың деп сөйлеймін, әрине бір Алланың қолында! Сондықтан, бауырыңнан артық адам жоқ, жан бауырлар бір анадан шыққан, бір-бірін құрметтеп өту керек!
p.s. Мен үйдің үлкенімін,ол да жақсы екен үлкейген кезде