"Қателік жасадым": Индира Расылхан күйеуі екеуінің махаббаты туралы ашып айтты

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Индира Расылхан жолдасы екеуінің қарым-қатынасы қалай өрбігені туралы айтып берді. Әнші жұбайымен араларындағы ерекше махаббат сезімі мен отбасылық өмірде жіберген қателіктері жайында жан сырын ақтарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Индира Расылхан жолдасымен уақытша айырылысып кеткен кезін есіне алып, ара қатынастарының суып кетуіне не себеп болғанын ашып айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашылып, күйеуі екеуінің махаббаты жайлы жазба жариялады.

 

"Асекеңнің махаббатына таң қаламын ғой. Осы уақытқа дейін, махаббаты бір шкалаға төмендеген емес. Біздің балалар, әкесінің анасына деген махаббатын көріп өсті. Оларға әкесінің анасын құшақтай салуы ешқандай да ерсілік білдірмейді. Әке мен ананың арасындағы махаббатты көріп өскен бала толыққанды бақытты сезінеді. Ер адамның махаббатын сезген әйел, қай уақытта болсын мықты көңіл күймен жүретіні рас. Дәлелдеп керек емес. Ал ердің махаббатының шкаласының түспеуі, ол әйелдің құрметі деп білемін. Еріңіз махаббатын сездірте алмаса, әйелден тосқауыл бар деген сөз. Еріңізді барымен қабылдай алмағандығыңызда. Ойыңызда еріңізді өзгерткіңіз келетіндігінде.

Әйелдің ең бірінші қателігі - ерін қиялындағыдай еткісі келуінде. Алыстан алмай-ақ қояйын, тура осы қателікті өзім де жасадым. Күйеуге шығар алдында "мен оны өзгертіп аламын" дегенмін ғой өзімше болып. Иә, жасап шығара аласың деген іштей оның қасарысқан энергиясы пайда болған. Себебі мендегі ой өз энергиясын Асекеңе беріп тұрған. Сондай ойдан ер мен әйелдің арасында түсіне алмайтындай ойша соғыс басталады. Әйел әдеттегідей айта алмайды, ер адам іштей ерегіседі. Мұның шешімі бір-ақ нәрсеге келіп тіреледі. Еріңізді барымен қабылдаңыз, оны өзгертіп қажет емес. Ол ақылды болса өзі-ақ сіздің махаббатыңызды күніге сезіну үшін ұшып жүріп, бар қажеттілігіңізді әкеліп беруге дайын болады. Әйелден махаббат болса, ерден 10 есе болып қайтары сөзсіз. Бергеніңіз міндетті түрде қайтып келеді. Ол жақсылық болсын, я жамандық болсын" , - деп жазды ол.

 

ФОТО:  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста