Қарғыс ататыны рас па?

Қарғыс ататыны рас па?

Ол кісі ауылға қадірменді қария еді. Атеизммен уланған ұрпақ жаратқанын ұмытып бара жатқан уақыттың өзінде бес уақыт құлшылығын ұмытпайтын-ды. Әрдайым Алланы аузынан тастамай, оны ісімен де дәлелдейтін. Өзгелер құдайы қонақты табалдырығынан аттатпай жатқанда қанша адам болса да үйіне түнетіп, алдына барын салып күтіп жіберетін. Ол шақта қайыр сұранған тәжіктер ауылға жиі келетін. Тіленшілерді өзгелер ит қосып қуалап, итке талатып жатса қария араша түсіп, оларға барынша құрмет көрсететін. Кеңес кезінің өзінде ешкімнен қорықпай ауылда мешіт ашқан да сол кісі болатын. Көзі бітеліп қалған бұлақтарды аршып, асар жасап ауыл үшін бар ынта жігерімен адал еңбек атқарды. Әрі онысын ешуақытта да міндет қылған емес. Жүзінен нұры төгілген қарияны ауылдағы еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сыйлайтын. Бір жолы ауылдағы бір жас жігіт сақалын өсіріп, келіншегіне бет жүзін көрсетпейтін киім киіп бастағанда бүткіл ауылды жиып ақыл айтқан да осы қария еді. Әлгі өзге дінге өзеуреген жігіт жан жағын да улап, ауылдағы жас балаларға дейін соңынан ертіп, бүлдіріп бара жатқан соң аузы дуалы қарияларды жинап «мынауыңды қой, әйтпесе басқа жаққа көш...» деп шарт қойған-тын. Ешкімді тыңдамай өлерменденген соң қариялар жиылып келіп әлгіні көшіріп жіберген болатын. Содан бастап ауылда тыныштық орнаған-тын. Бірақ.... Қадірменді қарияны қартайғанда ғаріп болады деп ешкім де ойламайтын... Бәрі де ең кенже ұлын үйлендіргеннен басталды. Ең соңғы модамен киініп, шашын бұйралатып, сән салонынан шықпайтын сәнқой жігіт басынан бастап тұмшаланған келін әкелгенде ауыл біткен аузын ашып таңырқады. Намазын қаза қылмайтын келін енді ата-енесін жарылқайтын болды дескен. Бірақ ол көзалдау екен. Ата-енесін сыйламақ түгілі бір дастарханда отырып тамақ ішпейтін кесір келіннің бұл қылығы бүткіл ауылға жайылды. Сөзі бір бөлек, істеген ісі бір бөлек келін көзге шыққандай сүйелдей болды. Иманды қарияға обал болды ау дескен былайғы жұрт. Ал бұл кезде елді бүлдіруге дайын тұратын жүгермектерді тиып ұстайтын ауылда қария да қалмаған-тын. Беті мен қолын ғана көрсетіп тұмшаланып киініп алатын келіннің кесірлігі тіптен шектен асты. Күйеуін де өз сорабына салып алды. Кенже ұл бір күндері сақалын сапситып молынан жіберді, иекті көмкерген сақал бір күні мойынға түсті, бір күні белге жетті. Мейлі ау ұстанған бағыты дұрыс болса, істегені иманды іс болса дұрыс ау. Бірақ киген киіміне сай емес қылықтары сұмдық деп жаға ұстатуға апаратын. Қария іштен тынса керек. Бұл кезде қарияның да қайраты қайтқан, айтқанын ұлдары құлағына да қыстырмайтын. Көп ұзамай арғы дүниеге бет түзеді. Естіген елдің жанын түршіктірер жағдай осы кезде орын алды. Қарияны құрметтеп шығарып салу рәсіміне жиналғандар масқараның үстінен түсті. Үлкен келін қамыр ашытып, нан пісірейік деген ғой, кіші келін «келген адамдар кіріп шығып кете берсін, нан пісірмейміз, бұл дұрыс емес» деп шараның екінші жағына жармасыпты. Екі келін екі жақтан бір бірін жеңе алмаған соң сол үйдің үлкен баласы «қойыңдар, әкемізді жөндеп шығарып сала алмасақ ұят-ты» деп дастархан жайғызып бәрін өзі көтеріп алыпты. Мына масқара лезде ақ ауыл аралап кетті. Иманды қарияның ұрпағы осылайша имансыз тірлікке жол берді. Осыдан бастап ол үйге жан баласы аяқ баспайтын болды. Оларға да керегі осы болар. Үлкен ұлдың жетелеуімен әйтеуір қарияның жетісі, қырқы өткізілді. Осыдан кейін есігі тарс жабылды... Имансыздардың жазасы көп өтпей ақ белгілі болды. Үлкен жолда зулап келе жатқан кенже ұл отбасымен көлік апатына ұшырады. Зулап келіп ауыр жүк көлігінің астына кіріп кетіпті. Көліктен түк қалмаған. Тіпті мынадай авариядан кейін адамның тірі қалуы мүмкін емес деп жатты оқиғаға куә болғандар. Бірақ олар аман қалды. «Осыдан кейін тәубасына түскен шығар, қарияның қарғысы атқан болар» десті былайғы жұрт. Кім білген, бұл да бір біз түсінбейтін тылсым күш болар?!
Қарғыс қағыс қалмай ма?
Расында әр сөздің бойында знергетикалық күш қуат болады дейді ғалымдар. Сол себептен жақсы пиғылмен айтылған тілек-баталар жағымды энергия таратады. Халқымыз «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» деп тегін айтпаса керек. Қалай болғанда да қарғыс алмауға, біреудің наласына қалмауға үндеп отырған. Жылы сөз айналасына шуақ шашып, адамға күш-қуат беретіні рас. Ал қарғыстың адам баласын көгертпейтіні бесенеден белгілі. Жағымсыз сөздің жағымсыз радиациямен адамдарды уландырып, жүйкесіне жайсыз әсер ететіні тағы да рас. Хадисте: «Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе бетдұға етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа тура келіп бетдұғаларың қабыл болады» делінген. Яғни, жаман айыптаудан, жаман сөз айтудан аулақ болыңдар дегені. Үнемі жолының болмауы, ілгері басқан ісі кейін кетіп, жайсыз жәйттарға ұрынып жүру мұның бәрі де кім білген біреудің қарғысы емес пе екен? Қарғыстың қаһары энергетикалық үйлесімділікті, тағдырды бағдарынан айыруға, теріс бата бағытталған адамның жолы болмаыуына, өміріне қайғы-қасірет әкелуге жұмылатын әлдебір қараңғы субстанцияны тудыратын болса керек. Халқымызда жаны таза адамға қарғыс дарымайды деген сөз бар. Ал керісінше, талай жанның көз жасына, наласына қалған адамдардың тірлігі жауапсыз қалмайды дейді. Кейде налып, біреуге лағнет айтатынымыз шындық қой. Әрі сол тез арада орындалатындай соған сенетіміз де рас. Біреу ерте, біреу кеш өз жазасын алатыны анық. Біреудің наласы ешкімді де жазасыз қалдырмайды. Сол үшін де біреуді жазықсыз ренжітуден аулақ болған жөн. Теопсихоэнерготерапевтер расында қарғыстың қағыс қалмайтынын айтады. Бірақ жөн-жосықсыз ондай ауыр сөзді айта беруден де сақтаныдырады. Өйткені жазықсыз адамды ғайбаттағанда ол сөздің күші болмай кері қайтуы да мүмкін екен. Мұны қазақ атам «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар» деп баяғда-ақ айтып кеткен. Үлкен апа-әжелеріміз «желкең қиылғыр», «қараң қалғыр» деп сөйлейді. Мұны өздерінше «связка слов» деп түсіндіретіндері де бар. Бірақ сол сөздерді апаларымыз «өркенің өскір, тұқымың көбейгір» дегенге ауыстырса дейміз.
Қалай болғанда да ауыр да зілді сөзден, әсіресе қарғыстан абай болсақ...
Дәулет қажы Исабеков, Д.Қонаев мешітінің бас имамы:
 - Пайғамбарымыз «жақсы сөйлеңдер, жақсы сөз айтыңдар...» деген. Бейпіл ауыздардың қарғысы қабыл болып кетуі де мүмкін ғой. Сол себептен қарғыстан аулақ болсақ. Біреуді қарғамақ түгілі жаман ойлаудың өзі күпірлік. Сол үшін жинаған сауабыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста