Қарасай Алматыны күйге бөледі

Қарасай Алматыны күйге бөледі

«Күй – тәңірдің күбірі» демекші, көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнерді өміріне серік етіп келе жатқан өнерпаздарға еріксіз тамсана қарайсың. Күні кеше мәдени астанамыз Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің концерт залында белгілі дирижер, күйші, сазгер Қарасай Сайжановтың шығармашылық кеші өтті. Халықты қазақ музыкасының құдіретіне бөлеген, әсерлі ән мен тәтті күйге сусындатқан кеш Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің қатысуымен болды.
«Амангелі сарбаздары», «Батыр Бауыр­жан», «Ана әлдиі», «Сағыныш», «Аң­сау», «Ай мен күнім, арман-ай» деген ән-күйлерімен, оркестрге арналған шығар­маларымен елге танылған Қарасай Сай­жанов жақында Қарағанды, Астана қала­ларында шығармашылық кешін өткізген еді. Ендігі кезек әсем Алматыға да жетіпті.
Қазақтың ұлы ақыны Абай «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй» деп жырға қосқанындай, қазақ халқының сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты асыл өнеріміздің қас шебер­лерінің мол мұрасымен сусындап өсті. Төл өнерімізді жастайынан бойына сіңіріп, Алла берген дарынын шыңдап, еңбек­қорлығымен еліне қызмет етіп келе жатқан азаматтардың бірі – Қарасай Сайжанов. 1948 жылы Қызылорда облысы Арал топырағында туып-өскен өнер иесі бүгінгі пайғамбар жасынан асқан шағында да тынбай еңбектеніп, ізін жалғастырар шәкірттер даярлап, қазақ музыкасының тарихында өшпес мұра қалдыруды мақсат тұтып келеді.
Алғаш музыкалық арнайы білімін Ал­маты қаласындағы Чайковский атын­дағы музыкалық училищеден алған Қарасай Сайжанов, одан кейін Құрманғазы атын­дағы консерваторияны тәмамдады. Еңбек жолын Жезқазған қаласында бастаған Қарасайдың мұнда оркестр құрып, концерттер ұйымдастыруы оның шығар­машылығының қайнары еді. Кейіннен Қарағанды қаласындағы Тәттім­бет атын­дағы оркестрде бас дирижер болып қызмет атқарған ол аталмыш оркестрде жүрген кезінде сазгерлердің талай кештерін өткізіп, шетелдерге гастрольдік сапар­лармен шығып тұрды, оркестрді біршама байқаулардың лауреаты етті. Күйшілік, дирижерлік өнерді жақсы меңгерген Қарасайды әйгілі дирижер, қазақ хал­қының біртуар ұлы Нұрғиса Тілендиевтің өзі «Отырар сазы» оркестріне шақырады. Осы оркестрде бірнеше жыл еңбек еткен ол кейіннен Астана қала­сындағы Қазақ халық аспаптары оркестрін басқарды. Одан кейін «Ақ жауын» каме­ралық ор­кестріне 16 жыл жетекшілік етті. Қарасай Сайжанов киелі өнерді тек өз өн-бойына сіңіріп қана қоймай, көрген-біл­генін, түйгенін қағазға түсіріп, келер ұрпаққа арнап құнды оқулықтар, кітаптар жазып келеді. Ол «Жеті қарақшы», «Тел­қоңыр», «Батыр баба Жанқожа», «Ұмытпа ана әлдиін», «Елім-ай» сынды тоғыз кітаптың авторы.

Қарасай Сайжанов, күйші, сазгер, дирижер:
– Қазақ музыка өнеріндегі ұлы ұстаз­дардан дәріс алып, шығармашылық бай­ланыста болғаным үшін өзімді бақыттымын деп есептеймін. Менің алғашқы ұстазым атақты Динаның шәкірті – Қали Жантілеуов. Одан кейінгі ұстаздарым, өнердегі аға­ларым Ғабидолла Тастанов, Кенжебек Күмісбеков, Мәлгеждар Әубәкіров, Нұр­ғиса Тілендиев сынды ғажап өнер иелерін мақтан тұтамын. Бүгінде жарым Бижамал екеуміз екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, тоғыз немере сүйіп отырмыз. Балаларымның ішінде Алмат атты ұлым өнер жолымды жалғастырып келеді. Кезінде Нұрғиса атасы ырымдап аузына түкірген еді. Сон­дай-ақ Нұрлан Хамзин, Марал Мырза­ғұлова, Сұлтан Құрманбеков секілді шә­кірт­терім – бүгінде есімдері елге танылған өнер иелері.

Ермұрат Үсенов, Қазақ композиторлар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Қарасай Сайжановпен бірге оқы­дық, еңбек жолымызды бірге бас­тадық. Қарасайдың шығармашылық жолы сан-салалы. Негізінде, ол кон­сер­ва­торияны домбыра мамандығы бойын­ша бітірді, одан кейін дири­жерлік мамандықты игерді. Қарасай­дың дири­жерлігі, күйші ретіндегі орын­даушылығы, өңдеушілік өнері, ұс­таздығы туралы әңгіме қозғайтын болсақ, таусылмайтын шежіре. Ол – күй өнеріне, дирижерлік шеберлікке арналған біршама оқулықтардың, монография­лардың авторы. Қазақ­станда бүгінде мықты деген он шақты дирижер болса, солардың бірегейі – Қарасай Сайжанов. Соңғы уақытта оның композиторлық қыры жақсы көрініп жүр. Алматыдағы кеші өте әсерлі, тамаша өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста