"Қарақшы ұстағандай": Төреғали Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі той кезінде ұсталып, басы дауға қалған Қайрат Нұртастың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Әнші өнердегі әріптесін қолдап шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында Қайрат Нұртастың даулы мәселесіне қатысты жазба жариялап, оған өз қолдауын білдірген. Сонымен қатар, өнер иесі карантин кезінде ұйымдастырылып жатқан той-томалақтар туралы бар шындықты айтты.

 

"Соңғы екі-үш күнде Қайрат Нұртас той үстінде ұсталды деп, тура қылмыс үстінде қандықол қарақшы ұстағандай ұрандатып жүргендер бар. Шын өнер адамы шақырса, қандай ортаға болсын барып, өнер көрсетуді парыз санайды. Роза апаларымыз оқ жауып тұрған соғыста танктің үстінде ән айтқан ғой. Туберкулез жайлаған түрмеден бастап, жемқорлық жайлаған мінбеге дейін құрметтеп шақырса барасың. Оның жанында басшылықтан бастап, бүкіл жүйе дұрыс күреспей отырған Ковидтен Қайрат қана сақтануға міндетті емес шығар? Вирустан емес, Биліктен тығылып, жалтақтап жасырын тойлап халық жүр. Халықты бұл үшін жазғыруға болмайды.Себебі, небір қиын қыстау кезеңдерде думанын тарқатпай, "бұдан жаман күнімде тойға барғам" деп мәтелдеген дархан халықпыз" , - деп жазды Төреғали.

 

 

Эстрада жұлдызы бүгінде мейрамханалардың жасырынып мерекелік шара ұйымдастыруын жемқор жүйенің ойынына теңеді.

 

"Махаббат карантинге қарамайды! Отау құрған жастардың ниетін қолдап, жұртты жиып, некені көпшілікке жариялау діннің де, дәстүрдің де міндеті. Ата-ана ол міндетті орындау үшін қандай жағдайда да жол табатыны белгілі. Қазіргі тауда, табиғат аясында, тойханаларда "жасырын" өтіп жатқан тойлар соның дәлелі. Иә, тырнақшадағы жасырын той! Бәрі белгілі, әрі соған жол беріп қойып білмеген кейіп танытқан жемқор жүйенің ойыны бұл! Сорлайтын сол қара халық! Ковидті сылтауратып әкімшілік пен участковый тойды өз бизнестеріне айналдырып алды. Ресторан қожайындары беретінін беріп, "крышасы" табылғанда ғана "жасырын" жұмысын бастайды. Солай гарантиямен тойын қабылдағанын клиенттерден естіп жүрміз" , - деп өз ойын айтты өнер иесі.

 

 

Оған қоса, әнші той жасауға рұқсат берілмей жатқанына қынжылды.

 

"Той үстінде тексеріп келгенде қонақтарды таратпай, "өзара келісіп" жалғасын тапқан тойларды да көзіміз көрді. Бұған да үйреніп қалдық. Бірақ түсінбейтінім базарларда иін тірескен жұрт жүргенде, мешіттердің аузында құлып тұрды. Тамақтанатын кафе- ресторандарда орын жоқ кезде, тіпті түнгі клубтардың да жұмыс жасап жатқанында, қоғамдық моншаларда кемі 50 ден 250 ге дейін адам араласып жуынып жүргенде де, той жасауға рұхсат бермеді! Бұл қарапайым халықты қалайда тығылып той жасап, жамағатсыз ғибадат жасауға қолдан ұйымдастырған әрекет. Мешіт пен тойға адам таза боп баратын еді" , - деп шүйлікті Төреғали.

 

 

Еске сала кетсек, бұған дейін мониторингтік топтан қашпақ болған Қайрат Нұртас видеоға түсіп қалған еді. Осы сәтті Алматы телеарнасының тілшілері түсіріп алған.

 

Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге тап берген. Тіпті, телеарнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысқан.

 

Кейіннен өнер иесі өзінің карантин кезінде ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Ол ешкімнен қашпағанын айтты.

 

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, той үстінде ұсталған Қайрат Нұртасқа 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста