Ел арасында әнші Қарақат Әбілдинаның бесінші перзентіне аяғы ауыр деген әңгіме тарағалы біраз болды. Кеше желіде пайда болған видео ел арасында тарап кеткен әңгімені растай түскендей.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жаңа жылдық концерттердің бірінде Қарақат Әбілдина кең етекті көйлек киіп алған. Ал тыңдармандар оның толысқанына және әдемілене түскеніне қарап жүкті екенін аңғарып қойды.
Кейбір желі оқырмандары әншіден жүкті не жүкті емес екенін сұраса, ендігілер жауапты күтпестен әншіге аман-есен босанып алуын тіледі. Қарақатқа төрт ұлдан кейін дүниеге қыз алып келуін тілегендер көп болды.
«Қарақат, Алла сізге тәтті егіз қыз сыйласын», «Дүниеге ханшайым келсін», «Аяғыңыз ауыр сияқты, аман-есен босанып бауырыңызға басыңыз», «Алла сізге өзіңіздей сұлу қыз сыйласын», – деп ақ тілегін жолдады желі оқырмандары.