Қарақатқа ессіз ғашық болған жігіт асылып өлмек болды...

Танымал журналист Құралай Сейсенбекқызы әнші әрі тележүргізуші Қарақат Әбілдинанға сырттай ғашық болып, өлмекші болған ауыл жігіті жайлы қызықты оқиғаны айтып берді.

Журналистің сөзінеше ауыл жігіті әнші Қарақатты өзіне қарата алмағаны үшін «Өлемін» деп туыстарын әуреге салыпты.

Елордаға жол тарттық. Ел құлағы елу -біз әлі вокзалға жетпестен жұрт смс қалдырып жатты. Әсіресе, Қарақат ханым жайлы хаттар легі толастамады.

«Қарақат қандай екен? » болды жұрттың алғашқы сұрағы. Бас аяғы жарты сағаттың ішінде адамды, оның ішінде әйелді тану мүмкін бе? Мен емес, Қыдырәлі мырзаның өзі қылықты қыздан- аяулы анаға айналған жан жарын танып бітпегеніне, тіпті біте де алмайтынына осы сапар барысында куә болдым.

Бұрын ауылдық бір жігіттің мас болып еңкілдей жылап «мені ешкім түсінбейді. Мен Қарақатты сүйем. Ол маған қарамайды. Өлем!» деп жіпке жүгіріп, еңкілдей жылағанын естуім бар еді.

Расында шиеттей бала шағасы бар әйел-Қарақат емес, гүл қауызына тұнған таңғы шықтай мөлдір көздің иесі- бәйшешектің жаңа ашылған бүршігіндей ғана балаң һәм балғын бейнелі балауса қызды көргендей сезіндім.

Үнінен бейкүнә бойжеткеннің бұлақ үніне үзіліп түскен моншағының сыңғыры сыр айтып тұрғандай. Ол атауы алты алаштың ертеңі мен бүгінін жалғаған «Ана мен бала» хабарымен үндескен Қарақаттың үні еді!

Сол сәт кеудемде бір әуен «Қыдырәлі, сенде арман жоқ» деп үздіксіз әуелей жөнелді. Расында, «Ана мен бала» хабары жүргізушісін тапқанына разы пейілмен елге оралдым.

Армансыз әйелдің жұмағын алақанында аялай ұстап, гүл өңдес көркі, күн тектес көңілімен айналасына шуағын шаша білген Қарақат — әдемі әйелдің, асыл ананың әуезді символындай екен. Жібектей болмысы бәзбіреуді бордай егілтуге, елжіретуге қауқары жетеді… 

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста