Қарақат Әбілдина: «мен үшiн «Астана жұлдызы» жұлқынып кiрiсетiндей жарыс емес

Астана күні күні қарсаңында Елордамыза өткен «Астана жұлдызы» музыкалық бәйгесінде Жанар Дұғалова екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Соның бірі «Қыздар арасындағы үздік әнші» аталымы болатын. Бірақ, көпшілік бұл номинацияны Қарақат Әбілдина алуы керек еді деп ұйымдастырушыларға реніштерін білдірді. Халықтың пікірі бойынша елімізге еңбегі сіңген әншіні жастардың қатарына қосқандары дұрыс болмаған. Осы орайда Қарақат та музыкалық бәйге жайлы өз пікірін білдірді.

«Астана жұлдызының» өтiп кеткенiне 1-2 күн болса да дүбiрi әлi басылмай тұр.. Бұл қуанатын жағдай деп айтса да болатын шығар… Себебi бұрын осындай байқауларды шет елдерден ғана көрсек қазiр өзiмiзде әдемi көйлегiмiздi киiп, қызыл кiлемге шығамыз деп кәдiмгiдей дайындалатын болдық. Достарымызбен, жакындарымызбен арқа жарқа болып жатудың өзi түсiне бiлгенге бiр ғанибет емес пе?!. Оның үстiне тiкелей эфир арқылы республика жұртшылығымен де қауышып жатырмыз..Лайым, ғұмыры ұзақ болсын дегiм келедi.. . Ал ендi маған сiз жүлдеге лайық едiңiз деп жазып жатқан тiлеулестерiме Алла разы болсын! Әрiптес достарым жақсы бiледi, әр өнер адамының өзiнiң ұмтылатын мақсаттары болады…Жеңсем дейтiн белгiлi бiр дәрежедегi байқау, конкурстары болады.. Мен үшiн «Астана жұлдызы» жұлқынып кiрiсетiндей жарыс емес! «Астана жұлдызы» өнер адамдарының, танымал тұлғалардың басын қосатын салтанатты кеш! Мен домбырамды ұстап сахнаға шыққанда титтей бүлдiршiн болатын, өнерде жүргенiме 15 жылдан асып кеттi. Талай додаға түсiп бұйырған несiбемдi алған адаммын, бiр басыма жететiн мемлекеттiк дәрежедегi атақ абыройым бар, Қыдыр болса өз елiмiз түгiлi өзге елдiн де бiрталай жүлдесiн алып, атақ даңқтың көкесiн көрiп,оз биiгiнде журген адам…Бiздiң қәзiргi мақсатымыз сол қасықтап жиған абыройды сақтап, өз биiгiмiзден төмендемеу…Сiздердiң толассыз жазған лебiздерiңiз ешқандай ақшамен өлшенбейтiн баға жетпес байлық бiз үшiн!!! Сондықтан да болар мен өзiм жастармен жағаласып конкурстарға қатыса да бергiм келмейдi…Бұл жолы да қарсы болып едiм, бiрақ менiң атымның сол жерде тұрғаны бiреулерге қажет болған болу керек қосыпты…Жанар талантты қыз! Конкурстарға қатысып көрiнетiн ақ кезi, ол үшiн қуанбасам ренжiмеймiн… Қасиеттi Ораза айында артық сөзге бармай тату жүргенiмiз жақсы ғой… Барлықтарыңызға Алла разы болсын» — деді әнші.

baistars.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста