Қарақат Әбілдина кішкентай ұлын намазға ұйытуда (фото)
Балиғат жасына жетпеген балаларға намаз оқуы мiндеттi емес. Десек те танымал әнші Қарақат Әбілдина ұлын кішкентайынан намазға ұйытқанды жөн санайды екен.
Қарақат Әбілдина намазға жығылған ұлының фотосын өз Instagram парақшасында жария етті.
«Құтты шаңырағында» түсірген фотоның астына әнші «қасиетті жұмадағы ниеттерді Алланың қабыл етуін» тілеп, жазба қалдырған.
Мұсылмандар үшін намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір ер және әйелге парыз саналады.
Ал ақыл-есi толмаған, балиғат жасына жетпеген балаларға намаз оқуы мiндеттi емес. Алайда, ата-аналар балаларына дiни тыйымдар мен ғибадаттарды әдеттендіруі тиiс.
Ер баланың балиғат жасына толуы он екі жастан басталады.
Осы орайда төрт ұлдың анасы атанып отырған Қарақат Әбілдина балаларына иман шарттарын кішкентайынан үйретіп жүргенін байқауға болады.