«Қарагөз» корейлерді тәнті етті

Жылдар бойы қазақ сахнасының сәні мен салтанаты болып, еліміздің театрларының репертуарынан түспей, ұлттық мақтанышымыз болып келген «Қарагөз» корейлердің де көзайымына айналды.

Театр туралы: 1932 жылы Ресейдің Қиыр шығысында құрылған. Ал 1937 жы­­лы депортация негізінде Қызылорда қа­­ла­сына ауыстырылды. Өзінің 80 жыл­дық та­ри­хында 250-ден аса пьесалар мен кон­церттік бағдарла­ма­ларды 5 мил­лион­нан астам көрермен та­машалаған. Тұңғыш ко­рей театры болып саналады.

Жуырда Мемлекеттік корей музыкалық ко­медия театры Оңтүстік Кореяға шығар­ма­шылық сапармен барып қайтты. Олар Есан қаласында өткен ХХХІ Халықаралық театр фестивалінде Мұхтар Әуезовтің «Қа­рагөзін» сахналады. Әлемнің түкпір-түк­пірінен жиылған театрлар өздерінің інжу-мар­­­жандарын ұсынған бұл өнер бәй­­­ге­сінде қазақстандық корейлердің клас­­сик жазушының классикалық шы­ғар­ма­сын ұсынуының өзіндік себебі де жоқ емес.
Өйткені бұл шығармада біздің ұлттық ерек­шелігіміз, салт-дәстүріміз айқын кө­рінген. Басқа қойылымдар да өзіндік көр­кем­дігімен жұртшылықтың назарын ау­да­руы мүмкін. Бірақ олар қазақ ұлтын таныта ала­ды деу артықтау. Ал «Қарагөз» – қа­зақтың қазақ екенін танытатын шығарма.
Бәріміз білетіндей, бұл шығармада Сы­рым мен Қарагөздің арасындағы қасіретті ма­хаббат арқылы ұлттың тектілігі су­рет­тел­ген. Бұлардың махаббатының қасіреті – жеті атаға толмайынша қыз алыспайтын ұлт­тың қасиетіне барып тіреледі. Сүйгеніне қо­сыла алмай, өзге адамға ұзатылған Қа­ра­гөздің жан ауруы өлімге апарып соғады. Бұл арқылы кәріс театры қазақ ұлты үшін өлімнен ұят күшті екенін өзге жұртқа паш етті. Әуезов танытқан тектілікті насихаттау; осы елдің ауасын жұтып, суын ішіп отырған әр қазақстандықтың  міндеті деп білеміз. Осы міндетті қазақстандық корей театры абыроймен атқарды деп айта аламыз.
Бұл шығарма кәріс тіліне әлдеқашан ау­дарылған. Сол кездерде, 1970 жылы бұл пьесаны тұңғыш рет Иосиф Ким сах­на­лаған. Бірақ бірер жыл көрсетілгеннен ке­йін, бізге белгісіз себептермен театр ре­пертуарынан түсіп қалған. Кейін келе Қа­зақ­станның Халық әртісі Есмұхан Обаевтың басшылығымен жаңартылып, жаңаша сахналанды. Оңтүстік Кореяда өткен фестивальда осы Роман Цой қойған жаңа нұсқа сахналанды.
–  «Қарагөз» драмасы – қазақ класси­ка­­лық әдебиетінің мәңгі өлмес маржаны. Бұл  қазақ ұлтының меншігі болғанымен, барлық ұлтқа ортақ көркем дүние деп бі­лемін, – деді өз сөзінде Мемлекеттік корей му­зыкалық комедия театрының қою­шы-ре­жиссері Роман Цой.
Оңтүстік Кореяда бұл қойылым екі мәрте сахналанған. Екі қо­йы­лым­да да халықтың ықылас-пейілі ерек­ше болған. Зал толы көрер­мен­дердің қабылдауы шабыт берген театр ұжымы қойылымды жоғары деңгейде сахналаған.
–  «Қарагөз» қойылымын көріп оты­­рып, мен қазақ пен корей ұлты­ның қанша­лық­ты жақын екеніне тағы да көз жеткіздім. Салт­тарында да ұқсастықтар бар. Корей ұлтында да жеті атаға дейін бір-біріне үй­ле­нуге тыйым салынған. Айыр­ма­шы­лығы сол, бізде қызға қалың мал тө­ле­мейді. Бүгін біз сахнадан қазақ ұл­тының мәдени феноменін, қа­зақ­тың тарихын, қазақстандық ак­тер­лер­дің ойынын корей тілінде та­ма­ша­ладық, – деді Ұлттық театр ас­­социа­циясының бас хатшысы Чон Хе Хо.
Театрдың директоры Любовь Ни: «Қа­рагөз» – ұлт талғамайтын мәң­гі­лік туын­ды. Классикалық пьеса бол­ған­дықтан да, біз әдейі көптеген туындының ішінен таң­­дап алып отырмыз. Біз – қазақстандық сан алуан мәдениеттің бір бөлігіміз. Сон­дық­тан да мұндай дү­ние­лер­ді сахналауды құрмет деп білеміз», – деді.
Кәрістердің түсірген сериялдарын үзбей кө­ретін қазақтар үшін олардың өмір салты белгілі бір мөлшерде таныс деп айта аламыз. Ал біздің салт-дәстүрімізбен олар осынша­лық­ты таныс деп айта алмаймыз. Елімізден барған корей театрының екі сеансы бізді сон­шалық танытты дей ал­май­мыз. Егер осындай қо­йылымдарымыз Ко­реяның белді театр­ла­рының репер­туа­ры­нан тұрақты орын алып, жиі көрсетілсе, онда теңіздің дәмін білдіретін тамшыдай болатыны сөзсіз. Біздің театр­ла­рымыз әлемдік классикаларды сахналауда кем­дік танытып жатқан жоқ. Ал өзіміздің әлем­дік деңгейдегі классикамыз неге олар­дың сахнасынан орын алмасқа?
Ал еліміздегі өзге ұлт театрларының ре­пертуарындағы қазақ қойылымдары де­генге ке­летін болсақ, белгілі бір мөлшерде жақ­сы нәтижелер жоқ емес. Әр ұлттың театр­ларында қа­зақ пьесалары сах­на­лануда. Бұл мәселені бұ­рынырақта «Алаш айнасы» газеті қолға алып, мәселе етіп кө­тер­ген. Сол кезде көр­нек­ті театр ре­жис­сері Ес­мұхан Обаев тө­мендегідей пікір біл­дірген.
Есмұқан ОБАЕВ, Қазақстанның Халық әртісі:
– Менің ойымша, біз басқа театр­лар­ға қазақша пьесаларды сахнала деп міндет жүктеп, тапсырма бергеніміз дұ­рыс емес. Сондай-ақ өзге ұлт театр­ларында қазақ жазушыларының шы­ғар­малары қойылмай жатқан жоқ де­г­ен де  жалған сөз. Мәселен, Лер­мон­тов атындағы орыс театрының та­ри­хында Абай пьесасы екі рет сах­на­ланған. Орыс театрларында С.Жүнісов, Д.Исабеков, өзге де қазақ жа­зушы­ла­рының пьесалары қойылып жатыр. Со­нымен бірге кәріс театрының ре­пер­туарында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пье­сасы, Петропавлдың орыс теа­тры­ның репертуарында «Ш.Уәлиханов» туралы пьеса бар. Әрине, өзге ұлт театрлары үнемі қазақ жазушыларының шығармаларын сахналай бермейді. Себебі олардың да өз талғамы бар, оларға да көрермен керек.

Қазақ пъесаларын сахналауда Ұйғыр театры көш бастап келе жатқанын айта кет­ке­німіз жөн. Кешегі классикаларымызды, бү­гінгі драматургтердің шығармаларын сахналауда да ұйғыр театрының ре­пер­туа­ры бай. Бірақ халықаралық конкурстарға алып шығып, әлемнің театр майтал­ман­да­рының сарабына салған бірден-бір театр осы Мемлекеттік корей музыкалық ко­ме­дия театры екені даусыз. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстарын жалғастырса, игілікті іс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста