«Қансонар» журналы – ұлттық баспасөзіміздегі жыл жаңалығы

«Қансонар» журналы – ұлттық баспасөзіміздегі жыл жаңалығы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қаласы) үстіміздегі жылдың басында республикалық ақпараттық-танымдық «Қансонар» журналының тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесерге қатысқан ел Парламенті депутаттары, астаналық оқырман-зиялы қауым, қаламгерлер  мен БАҚ өкілдері  аталмыш басылымның Қазақ баспасөзінің ата дәстүріміз – аңшылық саласындағы және тәуелсіздігімізден бастау алған жыл жаңалығы екенін атап өтті.
Аңшылық – өз жетістігіне сенімді, шыдамды әрі батыл адамдардың ғана жан ләззаты деген түсінік бар. Елімізде тұңғыш жарық көріп отырған «Қансонар» журналы мақсат-мүдделерін осы қатал да нағыз ерлердің ғана қолынан келетін аңшылық саласы қызметкерлері, аңшылар, сондай ғажап сезімдегі барлық әуесқойлар мен табиғат жанашырларына арналған.
Журналда республика аумағында жүргізілетін аңшылық және аңшылық шарушылықтарына байланысты заңдар, Үкіметтің ресми құжаттары, аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субьектілері, аңшылар, егерьлер, Қазақстан халықтары аға ұрпақтарының мұра етіп қалдырған аң аулау дәстүрін сақтап әрі оны жан-жақтылы дамыту жайлы деректер берілген. Аңшылық құрал-жабдығы, аңшы иттер, жабайы жануарлар, т.б. жайында танымдық мағлұмат беріліп, көркем безендендірілген журналымыз сонымен қоса табиғи орта, экология, жан-жануарлар әлемі бойынша тіл жанашырлығымен студенттер мен мектеп оқушыларының және аударма саласы сұраныстарын да қанағаттандырмақ деген ойдамыз.
 Журнал ұжымы сондай-ақ оқырмандарын Қазақстанның көрікті жерлері, ұлттық парктері мен жан-жануарлар байлығымен таныстырып, Атамекеніміздің ертегіге бергісіз табиғи әлемін сапарлауға шақырады.  Журналда атақты жазушылардың аңшылықтың ғажап сәттері жайлы жазбалары мен аңшы әзіл-қалжыңдары берілмек және қазіргі қалам иелерінің осы тақырыптағы қызықты шығармалары жарияланбақ. Журнал ұжымы болашақта шетел және өз мамандарырымыздың аңшылық жайындағы ғылыми жаңалықтары, іс-тәжірибелері мен атакәсібіміздің қыр-сырын ағылшын тілінде жариялап, халықаралық ақпараттық алаңға шықсақ деген ойда. 
«Қансонар» журналының баяны енді басталды. Қазірше 1 мың данамен, тоқсанына бір рет жарық көрмек. «Табиғатты қорғау –  адамды қорғау» деген терең мағыналы ұғымды ұран еткен басылым жырынды аңшы, аңкөс және саятшылардың, елін, жерін сүйетін патриот жастардың сенімді серігі әрі ақылманы болады деген ойдамыз. Журналға 2014 жылдың екінші жартысынан «Қазпошта» АҚ арқылы 74728 индексі бойынша жазылып, қолдауларыңызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста