Қандас бауырлар өнер көрсетті

Қандас бауырлар өнер көрсетті

Жуырда Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен қазақ халқының Тәуелсіздік мерекесіне орайластырған шетелдегі қазақ диаспораларының халықаралық фестивалі өтті. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтің айтуынша, қандас бауырларымызға арналған халықаралық фестиваль алдағы уақыттарда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ.
Аталған шарада Қазақстанның тоғыз облысында оқып жатқан оралман студент жастар өз өнерлерін ортаға салды. Дү­ние­жүзі қазақтары қауымдастығы ұйым­дас­тыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уат­қан­ның айтуынша, қазақ диаспорасындағы атамекенін, ұлтын сүйетін жаста­ры­мызды, олардың өнерін, ұлттық нақышта бей­неленген қолөнер туын­ды­ларын көп­ші­лікке таныту, есімдерін Қа­зақ­станның өнерсүйер қауымына насихаттау бүгінгі фес­тивальдің мақсаты болып отыр. Оған қо­са, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, әсі­ресе, жас дарындарды анықтау да қа­жеттілік, – дейді өкіл. Жастардың өнеріне елі­­міздің танымал ақындары мен сурет­ші­лері ба­ға беріп, жүлделі орындар та­ға­йын­дады.
Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары:
 – Бүгінгі фестиваль Тәуелсіздік кү­ніне арналып отыр. Бұл фестиваль дәс­түрлі түрде өтетін болғандықтан, екінші мәр­те ұйымдастырылды. Өткен жылы Мұх­тар Әуезов атындағы Қазақ мем­ле­кет­тік академиялық драма театрында өткен болса, биыл Жамбыл атындағы Қа­зақтың мемлекеттік фи­лар­мо­ния­сында өткізіліп отыр. Келесі жылы аман­шылық болса, кең ау­қымда өт­кі­земіз деген жос­пар­ымыз бар. Фес­ти­вальге еліміздің 15-ке жуық жо­ғары оқу орнында оқып жатқан қандас ба­уырларымыз қатысып жатыр. Қазақ­стан­ның тоғыз облысында оқып жатқан орал­ман бауырларымыз өз өнерлерін ор­таға салмақшы.

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, Қауымдастық төрағасының орынбасары:
– Жыл сайын өтетін фестиваліміздің не­гізгі мақсаты – шетелдегі қан­дас­та­ры­мыздың өнерін халыққа насихаттау. Кеше ғана біз Тіл комитетімен бірлесіп, жазба ақындарының мүшәйрасын өткіздік. Оған Қытай, Моңғолия, Өз­бек­стан, Қарақалпақстанның мық­ты-мықты деген ақындары қатысты. Ал бүгін қол­өнер мен айтыс ақындары қа­ты­са­тын фестиваль ұйымдастырылды.

 Ботагөз УАТҚАН, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:
 – Қазақ елінде оқып жатқан оралман студент жастарымыздың өнер­лерін халыққа таныту басты мақ­саттарымыздың бірі болып табылады. Ша­раға қатысушылар бірінші болып өз туындыларын көрмеге шығарды.Екінші бөлімде ақындар айтысы ұйым­дасты­рылып, соңы концертке ұласты. Өкі­­ніш­ке орай, Қытайдағы қазақтардың өмір-салтын баяндайтын «Ақсарбас» көр­­­кем­филь­мінің тұсаукесері Қы­тай­да­ғы қазақ елшілігінің виза бермеуіне бай­­ланысты фестивальде көр­се­тіл­мейтін болды. Мұны әдейі атап айт­қым келеді, өйткені осындай үлкен ша­раға ше­телдегі ағайындардың қатыса ал­ма­уы өкінішті-ақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста